kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру мекемелерінде парасаттылық және академиялық адалдық

Нажмите, чтобы узнать подробности

№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Абдугаппарова Феруза Алимжановна

Тақырыбы: «Парасаттылық және академиялық адалдық!»

Көрегенділікке тәжірибені, талдай білуді және ғылыми һәм түйсікке негізделген танымды жатқызамыз әрі көріп-сезуге арқау болатын мәселелерді егжей-тегжейлі түсіну де осы ұғымның төңірегінен табылады. Демек, көрегендік қабілетке ие кісінің бұл дүниеден тысқары әлемге де көкірек көзі ояу болса, онда ол кемел адам болу жолындағы ақиқат пен руханияттың қаһарманы деген сөз.  

Ақыл – ғылымның аса маңызды қайнары. Парасаттылық болса, танымның өте маңызды бастау бұлағы. Ақылды бола тұра парасаты болмаған адамның көп нәрсе біліп, түсінгенімен белгілі бір жетістікке жетуі нейғабыл.

Парасаттылық қандай да бір құбылысты сол күйінде немесе оны жақыннан түсінуге мүмкіндік береді, алайда әрбір ақыл иесі парасатты бола алмайды.

Парасатсыз ақыл-есте күмән, дәйексіздік пен сенімсіздік жиі бой көрсетсе, парасат патшалығынан жанға жайлы жарасымдылық, тәуекел мен сенімділік есіп тұрады.

Ақыл мен ой ми қызметінің ең жоғарғы сатысы болса, парасат – рух танымының алғашқы баспалдағы. Парасаттың шыңы – даналық. Құранда «кімге даналық берілсе, ол шындығында көптеген жақсылыққа қол жеткізген болып саналады» деп осы ақиқатқа ерекше назар аударылған.  

Жаратылысқа тек көзімен көргені бойынша баға беретіндер болмыстың астарын түсініп жарытпайды. Ал болмыс атаулыға парасат назарымен үңілгендер араның гүлдерден бал жинағанындай кез - келген құбылыстың астарына шекер-шәрбат татитын мағына тауып алады.

Көз заттың немесе құбылыстың пішіні мен сыртқы келбетін ғана көреді. Парасат одан тереңге құлаш ұрады, яғни дәнектің қабығына ғана емес, сонымен бірге сол дәнек қабығының ішіндегі дәнге «үңіледі». Сонымен қатар адамның парасат-пайымын, рухани деңгейін және тағы басқа сол секілді асыл қасиеттерін танып-біле алады.

Көз заттар мен құбылыстардың сыртқы көріністері мен материялық жағын, ал парасат оның ішкі мазмұнын, пайдасын, мақсаты мен хикметін және сол секілді басқа да құндылықтарды ішкі мәнімен қоса көріп, тануға жол ашады.

Парасат ақыл да емес, ой немесе ойлау жүйесі емес. Ойлау қабілетінің ақыл мен оның жемістерінен биік тұратыны іспетті, парасат та ойлаудан тұғыры биік тәңірлік рухани қабілет.

Адамның жануардан ерекшелігі – оның ақылы, парасаты, мұнымен қоса шабыт пен хикмет иесі екендігі. Мұндай қасиеттері жоқ жандар қалай құбылса да, қажетті даму деңгейіне жетпеген болып саналады.

  • 2. Академиялық адалдық Академиялық адалдық – бұл академиялық және ғылыми ортадағы мінез- құлық принциптері, қағидалары мен құндылықтардың жиынтығы. Ол жеке жұмыс орындау, бейтаныс адамның зияткерлік еңбегіне құрметпен қарау және көшіріп алу, плагиат (бөгде адамның зияткерлік меншігін иелену), өзін-өзі плагиаттау, жасырып қалу, келісу, білімді ағымдық және қорытынды бақылау тапсырмалары туралы ақпаратты заңсыз беру; бір жұмысты бағаланатын тапсырмалардың әртүрлі түрлеріне ұсыну; анық емес деректерді (бұрмалау) ұсыну және тәртіпсіз академиялық мінез-құлықтың өзге де әрекеттерін жасау сынды жосықсыз тәжірибеден бас тарту барысында танытылатын парасаттылық, адалдық пен жауапты мінез-құлықты қамтиды.
  • 3. Академиялық адалдық бұзушылықтарының түрлері
  •  1. Білім беру және зерттеу қызметінде көрсетілетін академиялық адалдық бұзушылықтары жазбаша (бақылау, эссе, диссертациялық және т.б.) жұмыстарды орындау, емтихандардағы жауаптар барысында нормативтік талаптардан, зерттеулер, ғылыми жұмыстар жазу, өз позициясын білдіру, әкімшілік-басқару персоналымен, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылармен өзара қарым-қатынас жасау, сондай-ақ бағалау мен сараптау кезінде ауытқуға әкеп соғады.
  •  2. Плагиат – шынайы автор ретінде басқа тұлғаларға өзі туралы жалған мәліметті жеткізумен бірге академиялық, ғылыми, зерттеу, публицистикалық және талдау қызметі нәтижелерін, бөгде адамның қорғалатын еңбек нәтижелерін әдейі немесе байқамай, толық немесе ішінара заңсыз пайдалану, иелену немесе өз бетінше иелік ету.
  • 3. Төмендегілер плагиат болып танылады: • басқа адамның идеялары, тұжырымдары, пікірлерінің немесе айтқан сөздерінің дереккөздерін көрсетпей, оларды ұсыну, мәтінді бір тілден екінші тілге алғашқы дереккөзін көрсетпей аударып алу; • басқа адамның жазбаша жұмысынан мәтіннің бір бөлігін немесе барлық мәтінді алғашқы дереккөзіне сілтеме жасамай және дәйексөз алусыз тікелей көшіру (сондай-ақ Интернеттен алынған материалдарды немесе өзге де электрондық дереккөздерді көшіру жатады); • мәтіннің элементтерін дереккөзін көрсетпей өзгертіп айту немесе сөздерді ішінара алмастыру; • түпкі деректемені көрсетпей және/немесе автордың келісімінсіз ақпараттың графиктерін, кестелерін, суреттерін, сызбаларын және визуалды басқа да түсініктерін пайдалану;
  • 5 • бірлескен зерттеулер немесе басқа да оқу тапсырмаларының нәтижелерін иемдену; • басқа тұлға жасаған жұмысты өз атыңнан, толық немесе жартылай ұсыну немесе жариялау; • жұмыстың мәтінін әдейі бұрмалау, атап айтқанда шрифті ауыстыру, басқа әліпбидің символдарын қолдану, жұмыстың мәтініне арнайы символдарды қосу, сөздердегі символдардың ретін өзгерту, мәтіннен жарты символды алып тастау және т.с.
  • 4. Өзін-өзі плагиаттау – алғашқы мәтінге тиісті сілтемелерді көрсетпей, жаңа деректер мен тұжырымдардың жоқ болуының нәтижесі ретінде өзінің бұрын жарияланған мәтінін толық немесе ішінара пайдалану.
  • 5. Көшіру – біреудің зияткерлік өнімін көшіруді тұспалдайтын білім алушының немесе қызметкердің жауапсыз мінез-құлқы.
  • 6. Көшіру болып мыналар танылады: • емтихан материалдарына немесе тапсырманың мәнін ашатын емтихан материалдары туралы ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу; • шпаргалкаларды, ұялы телефондарды және басқа да құрылғыларды, мәтіндік хабарламаларды немесе ақпаратты алудың заңсыз тәсілдерін қолдану; • басқа білім алушының жұмысынан көшіру (білім алушының рұқсатымен де және онсыз да); • басқа білім алушыға көшіруге немесе басқа білім алушыларға жауаптарын беруге рұқсат ету; • емтиханға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін емтихан тапсырмасын орындауды жалғастыру; • басқа білім алушыға емтихан тапсырмасын орындап беру туралы өтініш жасау; • басқа тұлғалар тарапынан жоғарыда аталған әрекеттердің бірінің жасалуына жәрдемдесу және көмектесу.
  • 7. Қайталау – жұмысты өзінікі ретінде, ішінара немесе толық ұсыну талпынсын қоса алғанда, әр түрлі бағалау және талаптар шеңберінде бір жұмысты, білім алушы жұмыстың авторы болған жағдайда да профессор- оқытушылар құрамының алдын ала рұқсатынсыз бұрын басқа курста бағаланған кез келген жұмысты презентациялау.
  • 8. Бұрмалау – жалған академиялық жазбаларды немесе басқа да құжаттарды; мәліметтерді (ғылыми тәжірибе кезіндегі бақылауларды, жазбаларды, сауалнама нәтижелерін қолдан жасау); академиялық жұмыстағы қолды жасау; академиялық жұмысты әдейілеп қолдан жасау немесе бүлдіру.
  •  9. Бұрмалау болып мыналар танылады: • эмпирикалық деректердің жалған зерттеу нәтижелерін жасау; үшінші тұлғалар жүргізген ғылыми жұмыстарды/еңбектерді өзінікі ретінде ұсыну; • қол қоятын адамдар үшін пікірлер, рецензиялар, ұсынымдар мен мінездемелер жобаларын дайындау;  • қолдан жасалған немесе жалған медициналық анықтамалар немесе жұмысқа жарамсыздық парақтары сынды Академияға қандай да бір жалған құжаттарды ұсыну.
  •  10. Академиялық жұмысты фабрикация жасау – академиялық жұмыстың мазмұнын әдейі бұрмалау, яғни: • академиялық өнімде жалған мәліметтерді беру; • зерттеулер мен эксперименттердің деректерін және нәтижелерін ауыстырып жіберу; • зерттеу барысында алынған жалған ақпаратты ұсыну;          • еш жерде жоқ мақалаларға және ойдан шығарылған дереккөздерге сілтеме жасау; • нәтижеге әсер ететін деректерді қалдырып кету; • дәлелді негізі жоқ қорытындыларды ұсыну.
  • 11. Жасыру – жұмысты жауапсыз орындау және білім алушылардың, не Академия қызметкерлерінің Кодекс нормаларын сақтамауы туралы ақпаратты айтпау және жасыру.
  • 12. Сөз байласу – басқа білім алушы үшін тексеруге және бағалауға жататын, кез келген академиялық жұмысты орындау.
  • 13. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және (немесе) оны тарату, яғни: • емтихан сұрақтарының жауаптарын беру; • бағалау кезінде қойылатын сұрақтар туралы білім алушыларға мәлімет беру; • тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстар үшін ішінара немесе толық материалды тарату; • дайын баяндамалар, эссе, тапсырмалар, ғылыми жұмыстар, жарияланымдар және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе сатып алу және/немесе сатуда көмек көрсетудің басқа да жолдары; • білім алушыларға беру мақсатында электрондық пошта, компьютер арқылы және т.б. қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын кез келген жолдармен ұрлау.
  •  14. Параға сатып алу – профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ Академия қызметкерлеріне түрлі формада сыйақы беру, не сыйақы бермей-ақ, басқа жеке мүдделілік, осындай мінез-құлыққа тең.
  •  15. Ағымдағы және қорытындыны қоса алғанда, білім алушылардың барлық жазба жұмыстары плагиатқа тексеруден өтеді. Тексеруді ұйымдастыру Институт/МСҰМ директоратына (бұдан әрі – Директорат) жүктелген.
  • 16. Ғылыми мақалаларды, монографияларды және диссертацияларды тексеру қажеттілік бойынша, Зерттеулер жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) талабы бойынша жүзеге асырылады.
  •  17. Докторанттар ҚР БҒМ БҒСБК талаптарына сәйкес диссертацияны тексеруді міндетті түрде дербес іске асырады.
  • 7 4. Зерттеу әдебінің қағидалары Жалпы адалдық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?
  • Адал дос  дегенді  қалай  түсінесіңдер?
  • Адал болу  кез-келген  адамның  қолынан  келмейді?  Неліктен?
  • Ата-анаға, бауырға,  ортаға  жалпы  өмірде  адал  болу  дегенді  қалай түсінесіңдер?
  • Сен өзіңді  адал  жанмын  деп  айта  аласың  ба?
  • Ажар мен  Алмагүл сабақтан келе  жатыр  еді. Ажар  жарнамадан  жаңа  фильмнің  басталғанын  көрді. Менің  қалтамда  апамның «самса алып  жерсің» деп берген  ақшасы бар.  Кеттік,  кино  көрейік,- деді.  Алмагүл: Үйден  сұранып  шыққан  жоқпыз. Іздеп  қалады  ғой,-  деп  іркіліп  қалды. Ештеңе  етпес, «мектепте болдық»  деп  айта  саламыз.  Ажардың  ұсынысына  сен  қалай  жауап берер едің?
  • Менің ең жақын  досым  мектепте  бір  баламен достасқан,  ол  күнде кешке  қарай  мені өзімен  бірге  серуендеп  жүруге  шақырады. Ол:  «менің  анам, сенімен  бірге  жүргенімді  білсе,  ол  қарсы  болмайды»,-дейді. Досым  үйінде ата-анасы ұрыспауы  үшін,  мен  бірнеше  рет  телефон  арқылы  оларға  өтірік  айттым.  Басында  мен  қиналмастан,  оларды  жасырып  жүрдім,  ал  қазір  олар  мені  пайдаланып  жүр,  ал  мен  күнде  өтірік  айтуды  ұмытпайтын  болдым.  Менің  досымнан  ажырағым  келмейді.  Сонда  менің  не  істеуім керек?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру мекемелерінде парасаттылық және академиялық адалдық»

  • Менің ең жақын  досым  мектепте  бір  баламен достасқан,  ол  күнде кешке  қарай  мені өзімен  бірге  серуендеп  жүруге  шақырады. Ол:  «менің  анам, сенімен  бірге  жүргенімді  білсе,  ол  қарсы  болмайды»,-дейді. Досым  үйінде ата-анасы ұрыспауы  үшін,  мен  бірнеше  рет  телефон  арқылы  оларға  өтірік  айттым..  Басында  мен  қиналмастан,  оларды  жасырып  жүрдім,  ал  қазір  олар  мені  пайдаланып  жүр,  ал  мен  күнде  өтірік  айтуды  ұмытпайтын  болдым.  Менің  досымнан  ажырағым  келмейді.  Сонда  менің  не  істеуім керек?

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Білім беру мекемелерінде парасаттылық және академиялық адалдық

Автор: Абдугаппарова Феруза Алимжановна

Дата: 14.05.2019

Номер свидетельства: 510148

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства