kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала т?рбиесі - жауапты іс

Нажмите, чтобы узнать подробности

?рбір ата-ана ?з перзентіні? ?депті, саналы, иманды да ибалы, Отаныны? с?йікті ж?не кішіпейіл азаматы болып жетілуін ?алайды. Ата-ана перзентіні? жа?сы азамат болып жетілуі ?шін ?з отбасында балаларын т?рбиелеуді? н?зік жа?тарыны? зандылы?тарын білуі шарт. Сыйласты?, т?сіністік, ?лкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – ба?ытты отбасы. Ба?ытты отбасында ?ана ата-ана ж?не оларды? ?зара ?атынасы мазм?нды, берілген т?рбие сенімді ж?не негізді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесі - жауапты іс»

Бала тәрбиесі – жауапты іс

Класс жетекші: Исмагамбетова А.У.

          

 Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

ала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» –

деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

         Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.

Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.

Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

«Отбасы –шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» – дегені бар.

Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнермен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.

Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.

Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» Бұл ғажайып құдайшылдық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бала т?рбиесі - жауапты іс

Автор: Исмагамбетова Анаргуль Умирбековна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328150


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства