kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала т?рбиесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы  б?зу?а,  т?зеуге   себеп   болатын

  бір   шарт  -   жас   к?нде   к?рген   ?неге.

Ж?сіпбек   Аймауытов

 ?о?ам    ?шін    ?р   кезе?де,   ?р   отбасында   ?сіп    келе   жат?ан   ?рімдей   ?л  -  ?ыздарды?   дені   сау,   рухани   бай,   е?бекке ,   білімге  ??штар   болып   ?суі  -   е?  жо?ар?ы   тілек,    е?   биік    ма?сат.   Оны?  ?уат   алатын   ?айнар   бастауы   отбасы.   Отбасыны?   аса   ??нды   ы?палы   мен   ?серін   ?мірдегі   ешн?рсені?    к?шімен   салыстыру?а   болмайды.   Бала?а   ата -  ана   т?рбиесіні?   орнын    ешн?рсе    алмастыра    алмайды.  .  отбасы  -   ?мірге    с?би   ?келіп,   оны    т?рбиелеп,    ?алыптастыруда   ж?не   ?рпа?   жал?астыруда   те?десі   жо?   орын.

Отбасыны?    бала?а   т?рбие   берушілік   ?ызметтіні?   ма?саты  -  балаланы?   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялы?   процестерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ?рпа?ты   т?рбиелеу.     К?здеген    ма?сат?а   жету   ?шін   отбасында?ы   т?рбие   т?мендегі   міндеттерді  шешеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала т?рбиесі"»

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын

бір шарт - жас күнде көрген өнеге.

Жүсіпбек Аймауытов

Қоғам үшін әр кезеңде , әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .

- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.

« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады.

Ұлы педагог А. С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу ұстаздардың міндеті .

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;* Ұнайды;

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;

* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,

Мектеп ұстаздары ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек;


Бір – біріне көңіл бөлу

Тыңдау

Сыйлау

Көзбе – көз қарау

Тиімді орынды таңдау

әзілді сезіну

ұрыс – керістен сақтану сияқты

Сонымен қатар ата - аналарға ұстаз сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;

Сиқырлы сөздер айту;

Баласының жетістігін айту

Сенімді болу

Көңіл - күйіне қарау

Намысына тимеу

Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)

Қарапайымдылық

Пікірін сыйлау

Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді;

* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;

* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;

* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;

* Ұстаз бен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;

* Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру;

« Таным » ата – аналар мектебінің жұмысымен танысу

Таным » ата – аналар мектебі

Ата – аналар клубы

« Мектептегі немесе сыныптағы, отбасындағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»

Тақырыптық кеңес

« ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »

Педагогикалық семинар

« Отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады. Семинарға сынып жетекшілер де, ата – аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет»

Шығармашылық кештер

«Мектепішілік және сыныптық болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»

Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі

* Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады

* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады

* балаларға отбасы мен мектеп байланысын сезіну ұнайды

* сынып жетекшіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады

* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді

* ата – аналар мектептегі оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады

Ата – анамен жүргізілетін жұмыс

Жұмыс түрлері :

сыныптық ата - аналар жиналысы

мектепішілік ата – аналар жиналысы

ата – аналармен жеке кездесу

ата – аналар үшін ашық есік күн

мерекелік кештерге шақыру

ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

отбасылық жарыстарға қатыстыру

Негізгі міндеттері :

* сынып жетекшінің ата - аналармен құрамын зерттеуі

* ата – аналармен тұрақты байланыс орнату

* ата – аналар ұжымын құру

* ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру

* үштік одақ ( бала, ата – ана, ұстаз,не сынып жетекші) жұмысын жандандыру

Атқаратын қызметі :

* ата - аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру

* ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру

* отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру

* ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.

Бала ата – ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, мектептің алатын орны бар.

Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.


Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс

Ә.Е.Наурузбаева

Бастауыш сынып мұғалімі

№2ЖОББМ.Ақсу қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бала т?рбиесі"

Автор: Наурузбаева Алия Ертаевна

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292395


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства