Баланы адами құндылықтарға тәрбиелеудің қағидаттары
Баланы адами құндылықтарға тәрбиелеудің қағидаттары
Рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Ұлы ұстаздардың бізге қалдырған аманаты ол қоғамды ізгілендіру.Қоғамды ізгілендіру арқылы біз өз болашағымыздың жарқын болуына жол ашамыз.Бұл мақсатқа қол жеткізу барысында біз әрқашан ұлы педагогтардың еңбектеріне сүйене отырып,жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруіміз қажет.Бұған дәлел Шәкәрім атамыздың мына өлең жолдары:
«Еріншектен салақтық,
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық»- деп, өз еңбектері арқылы адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баланы адами құндылықтарға тәрбиелеудің қағидаттары»
Баланы адами құндылықтарға тәрбиелеудің қағидаттары
Рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Ұлы ұстаздардың бізге қалдырған аманаты ол қоғамды ізгілендіру.Қоғамды ізгілендіру арқылы біз өз болашағымыздың жарқын болуына жол ашамыз.Бұл мақсатқа қол жеткізу барысында біз әрқашан ұлы педагогтардың еңбектеріне сүйене отырып,жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруіміз қажет.Бұған дәлел Шәкәрім атамыздың мына өлең жолдары:
«Еріншектен салақтық,
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық»- деп, өз еңбектері арқылы адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылды.
Шәкәрім атамыз адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттері қатаң сынға алып оның түзеліне көздеді. Отбасындағы тәрбиеде заманауи психологиялық ілімге сүйене отырып,баланың бойында қажетті дағдыларды ерте жасынан қалыптастырған абзал.
Жалпыадамзаттық адами құндылықтар осы қасиеттермен қалыптасады.
Олар :
1. Ақиқат
2. Сүйіспеншілік
3. Дұрыс әрекет
4. Ішкі тыныштық
5. Қиянат жасамау
«Отбасы адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы»деп ұлы педагог В.А.Сухомлинский айтқандай бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз- ата-ана. Бала үшін үй ішінен , ата-анадан артық тәрбиеші жоқ.
Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер –жанұяда тәрбие балаға сөзбен , теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. ,, Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.
Бала кішкене кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді.Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің,істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін.Бұл қате түсінік. Керісінше , өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Осылай ашылады.Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз.
Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса , ол да ересектерді сыйлап,кез-келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. «Жас бала –жаңа өркен жайған ағаш секілді» дейді қазақ халқы. Жерге отырғызылған жап- жас көшетте мәпелеп күтіп,үзбей күтімді керек етеді. Адам сол тәрізді .Егер біз ата-ана ретінде әрқашан балаға дұрыс бағыт-бағдар қолдау көрсете алатын болсақ, ол да өз кезегінде жайқалып өсіп, бізге өз жемісін береді.
Халқымыз қыз балаға отбасы ұйытқысы деп қарап, үй іші жұмыстарын үйреткен. «Тау суындай тұнық бол,қыз мінезді сынық бол» деп тәрбие берген. Сонымен қатар халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл тәрбиесі-әке меншігінде. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз –деп бекер айтпаса керек.
«Әке – шаңырақтың негізгі тірегі» әр шаңырақта әкенің орны ерекше.Әке отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі- баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.
«Анасына қарап ,қызын ал»-демекші, тәрбиелі анадан- тәрбиелі бала өсіп шығады. Ананың орнын ешқашан, ешкім де алмастыра алмайды. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлеуге тиіс. Бала күнінен ананың аузынан аңыз-әңгіме, ертегілер, жақсы сөздер тыңдап өскен бала, ержеткен кезде үлкенді тыңдап, құрметтейтін болады.
Баланы мектепке берген соң ата-ана мұғаліммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбиемен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен аянбай еңбек етудің маңызы зор екенін ұмытпау керек.
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген нақыл сөзімен қортындылағым келеді.Тәрбие – отбасынан басталады.Ал отбасындағы үлгілі тәрбие негізінің қалануы сіздерге байланысты құрметті ата-аналар.Сіздерге рахмет.Сау болыңыздар!