kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ба?ытты адамны? ?а?идалары» 9 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ауыл тас жолдан ?ш-т?рт ша?ы­рым­дай жерде тауды б?ктерлей ?оныстан?ан. Бала к?німізде ауыл?а тас жолдан ?рге ?арай жаяу ж?ріп жететінбіз, себебі ол кезде к?лік сирек ?атынайтын. Жолды? екі жа?ы ?алы? тал, жай?ал?ан к?к майса.
Міне, арада 40 жыл ?ткенде, ауылды са?ынып, а?сап, к?руге асы?ып келем. «Елу жылда ел жа?а» дегендей, б?рі де ?згерген, біра? к??іл к?ншітерлік еште?е жо?. ?уар?ан сары дала, кесілген а?аштарды? т?бірі ?р жерден к?рінеді. Ауыл?а кіре берісте, сол жа?та ?ырман болушы еді. О, тоба! Жым-жырт. Т?бесін ескі ?а?ылтырмен жаба сал?ан ?амба шошайып жал?ыз ?зі жетім баланы? к?йін кешіп т?р?андай. «Ешкімге керек емеспіз» дегендей т?нжырайды. Шіркін, бала кезімізде б?л жерде ??дды той болып жат?андай к?рінетін. Есімде, ?апта?ан адамдар, тау болып ?йілген бидай, атарбалар, машиналардан жер ?айысатын. ?мытпасам, осы т?ста, ауыл шетінде то?ан болатын. Суы таза еді. Ауыл ?ыздары осы то?аннан та?ерте? су таситынбыз. Жаз?ы демалыста ауылды? ?ара сира? балалары шуылдап, ??м?а аунап, су?а шомылатынбыз.
Ауыл?а о? жа? кіре берісте, асфальт­тал?ан ?зын к?ше басталады. К?лікті? жыл­дамды?ын баяулатып ж?ріп келеміз. Ба­лалы? ша?ымны? белгісіндей бол?ан б?л к?­шеде жала? ая? ж?гірген ізім сайрап жатыр. Б?л ауылды? ?р тасы, ?р к?шесі ма?ан ?ымбат.
Сол кездердегі ?демі ?зын к?ше енді, міне, ойдым-ойдым болып, ж?руді? ?зі ?иын­дапты. ?а? ортада бала к?німіздегі ескі д?кен т?р. Тозы?ы жетіп, аласарып кетіпті. Жанынан ?тіп кетуге д?тім шыдамай, д?кенні? ішіне кірдім. Еріксіз есіме бір о?и?а т?се кетті.
?ол ?шын беруді ?ажет ететін, к?мек ?ажет ететін балалар тізімінде болсам керек (оны кейін т?сіндік). Осы д?кенні? д?л ортасында, ?ызыл ала пальтоны киіп к?ріп, ?намайтынын айта алмай т?ншы??аным бар. Сол к?ріністі елестетіп, сырт?а беттедім.
?не, ескі клубты? т?бесі де к?рінді. Сол бая?ы а?аш есіктер, ?ктелген ?абыр?алар…
Ол кездері клуб ма?ына ел к?п жиналатын. Колхоз ке?сесінен ?рірек ж?рсе? е? ал?аш табалдыры?ын атта?ан ескі мектеп бар. «Са?ынып келген т?лектерім са?ынышын бассын» деген бе, бір жа? ?анаты ?ана сау т?р екен. Жа?ындап келіп, терезеден ішке ??ілдім. ?зім отыр?ан ?шінші ?атарда?ы бірінші а?аш парта «келді? бе?» дегендей к?рінді. Есік алдында сы??ырла?ан ?о?ырау ?нін к?тіп т?ратын, енді ?айталанбайтын уайымсыз-м??сыз бал?ын ша?ымызды са?ынып біраз кідірдім. Ауылды е?селі етіп т?р?ан жуан теректер де к?рінбейді. Ескі мектепті? д?л жанында малшыларды? балаларына арнал?ан интернат ?йі ?лі бар екен. Кезінде б?л ?й з?улім ?имараттай еді.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ба?ытты адамны? ?а?идалары» 9 сынып. »

Тақырыбы: «Бақытты адамның қағидалары» 9 сынып.

Бұл ауыл тас жолдан үш-төрт шақы­рым­дай жерде тауды бөктерлей қоныстанған. Бала күнімізде ауылға тас жолдан өрге қарай жаяу жүріп жететінбіз, себебі ол кезде көлік сирек қатынайтын. Жолдың екі жағы қалың тал, жайқалған көк майса.
Міне, арада 40 жыл өткенде, ауылды сағынып, аңсап, көруге асығып келем. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, бәрі де өзгерген, бірақ көңіл көншітерлік ештеңе жоқ. Қуарған сары дала, кесілген ағаштардың түбірі әр жерден көрінеді. Ауылға кіре берісте, сол жақта қырман болушы еді. О, тоба! Жым-жырт. Төбесін ескі қаңылтырмен жаба салған қамба шошайып жалғыз өзі жетім баланың күйін кешіп тұрғандай. «Ешкімге керек емеспіз» дегендей тұнжырайды. Шіркін, бала кезімізде бұл жерде құдды той болып жатқандай көрінетін. Есімде, қаптаған адамдар, тау болып үйілген бидай, атарбалар, машиналардан жер қайысатын. Ұмытпасам, осы тұста, ауыл шетінде тоған болатын. Суы таза еді. Ауыл қыздары осы тоғаннан таңертең су таситынбыз. Жазғы демалыста ауылдың қара сирақ балалары шуылдап, құмға аунап, суға шомылатынбыз.
Ауылға оң жақ кіре берісте, асфальт­талған ұзын көше басталады. Көліктің жыл­дамдығын баяулатып жүріп келеміз. Ба­лалық шағымның белгісіндей болған бұл кө­шеде жалаң аяқ жүгірген ізім сайрап жатыр. Бұл ауылдың әр тасы, әр көшесі маған қымбат.
Сол кездердегі әдемі ұзын көше енді, міне, ойдым-ойдым болып, жүрудің өзі қиын­дапты. Қақ ортада бала күніміздегі ескі дүкен тұр. Тозығы жетіп, аласарып кетіпті. Жанынан өтіп кетуге дәтім шыдамай, дүкеннің ішіне кірдім. Еріксіз есіме бір оқиға түсе кетті.
Қол ұшын беруді қажет ететін, көмек қажет ететін балалар тізімінде болсам керек (оны кейін түсіндік). Осы дүкеннің дәл ортасында, қызыл ала пальтоны киіп көріп, ұнамайтынын айта алмай тұншыққаным бар. Сол көріністі елестетіп, сыртқа беттедім.
Әне, ескі клубтың төбесі де көрінді. Сол баяғы ағаш есіктер, әктелген қабырғалар…
Ол кездері клуб маңына ел көп жиналатын. Колхоз кеңсесінен әрірек жүрсең ең алғаш табалдырығын аттаған ескі мектеп бар. «Сағынып келген түлектерім сағынышын бассын» деген бе, бір жақ қанаты ғана сау тұр екен. Жақындап келіп, терезеден ішке үңілдім. Өзім отырған үшінші қатардағы бірінші ағаш парта «келдің бе?» дегендей көрінді. Есік алдында сыңғырлаған қоңырау үнін күтіп тұратын, енді қайталанбайтын уайымсыз-мұңсыз балғын шағымызды сағынып біраз кідірдім. Ауылды еңселі етіп тұрған жуан теректер де көрінбейді. Ескі мектептің дәл жанында малшылардың балаларына арналған интернат үйі әлі бар екен. Кезінде бұл үй зәулім ғимараттай еді.
Іші-сырты мұнтаздай таза, кіріп-шыққан оқушылар, тәрбиешілер жүретін. Қазір томсырайған қалпы. Қан тамыры тоқтап қалғандай сүреңсіз күйде. Бала кезіміздегі тоған да тартылып, суы азайып қалыпты. Осы тоғанда күн ұзақ шелегімізді құммен ысқылап жуып, қала берді алысып ойнап күн батқанша жүретінбіз.
Шаңы бұрқыраған көшемен табанымызға кірген тікенге қарамай доп қуып, асыр салып ойнаған бала күндерімізді еске алып, ұзын көшеге қарай беттедік.
Бала күніміздегідей, шуылдаған бала-шаға, күнге қыздырынған кемпір-шалдар да көрінбейді. Сол кездерде жемісі мәуелеген ағаштардың көлеңкесінде асық ойнаған ұлдар да, қабырғаға доп лақтырып ойнайтын әдемі бұрымды қыздар да көрінбейді.
Көшені бойлай жүріп келеміз. Ескілеу, қоршалмаған көк бояулы ағаштан оюланған аласа үйге еріксіз қарай бердім. Ағаш ою… Дәл сол үй. Бәрі есімде. 9-10 жас­та шығармын. Ол кезде бұл ең зәулім, ең жаңаша безендірілген үй болатын. Үйдің көшеге қараған шығыс жағында көкпеңбек шырша отырғызылған еді. Бұл – менің балалық шағым өткен үй. Көліктен түсіп, жанындағы көрші үйдің қақпасын қақтық. Есікті бір жігіт ашты. Сәлемдесіп ішке ендік. Мұнда Бапан деген көрші апа тұрған. Талай қамқоршым да болған, кең жүректі апамның да дүниеден озғанына біраз жыл болыпты. Шай ішіп, Құран бағыштадық.
«Сен де бойжетіп, есейіп самайыңа ақ кірген бе?» дегендей, жапырақтар желмен сыбдыр қағып таңғалысып жатқандай сезілді. Кеудемді бала күнге деген сағыныш сезімі кернеп, тап нағашы атаммен көріскендей теректерді қапсыра құшақтап тұрып балалық шағыма әп-сәтте саяхат жасап үлгердім. Үйге кіргім келіп, қарайлай бердім. Іштен бөтен кісілер шықты. Бұлар үйдің қазіргі иелері екен.
Күн де кешкіріп қалыпты. Өрістен қайтқан малдың жамыраған, қозы-лақтың маңыраған даусы естілгендей болды.
Жүрегімді қайта оралмас балалық шақты аңсаған сағыныш пен сүреңсіз ауыл көрінісі сыздатты.
Бақытсыз-ақ бақытты болған, балалық ша­ғымның куәсі болған ауылыммен қоштасарда:
– «Бақыт деген сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің» – деп жырлаған ақиық ақын М.Мақатаевтың өлең жолдары ойыма орала берді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Ба?ытты адамны? ?а?идалары» 9 сынып.

Автор: ?тепберген А?ерке Асылхан?ызы

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212234


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства