kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама «Куратордың топпен жұмысын ұтымды ұйымдастыруы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі білім алушы – ол қарама- қайшы тұлға: себебі бір жағынан оған тәуелсіз және демократизацияланған қоғам әсер етеді, екінші жағынан оның жалпы білім және мәдени деңгейі төмендеген. Осының салдарынан баланың білім алуға деген құштарлығы ерте жойылады. Бала ештеңені түсінбестен жие себепсіз сабақтан қалуды әдетке айналдырады, ата-анаға, оқытушыға өтірік айта бастайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама «Куратордың топпен жұмысын ұтымды ұйымдастыруы»»

Баяндама «Куратордың топпен жұмысын ұтымды ұйымдастыруы»

Орындаған: Снадинова Бакыткул Аманкосқызы



Бүгінгі білім алушы – ол қарама- қайшы тұлға: себебі бір жағынан оған тәуелсіз және демократизацияланған қоғам әсер етеді, екінші жағынан оның жалпы білім және мәдени деңгейі төмендеген. Осының салдарынан баланың білім алуға деген құштарлығы ерте жойылады. Бала ештеңені түсінбестен жие себепсіз сабақтан қалуды әдетке айналдырады, ата-анаға, оқытушыға өтірік айта бастайды. Сондықтан топ жетекші әрбір білім алушыға ең маңыздысы – білім екенін ұғындыру керек. Білім алушыға бірінші курстан бастап таңдаған мамандығының маңыздылығын, қоғамда алатын орнын қызықты етіп көрсету топ жетекшінің басты мақсаты болу керек. Әр бір оқытылатын пәннің жақсы жақтарын ұғындыру қажет.

Куратор оқу  жылы барысындағы өзінің қызметін нақты жоспарлауы тиіс. Тәрбие жұмысының жоспары бүкіл оқу жылы барысына құрылады. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері төмендегідей аспектілерден құралуы тиіс:

  • Жеке жұмыс;

  • Кураторлық сағаттар;

  • ата-аналармен өзара қарым-қатынас;

  • колледждің, қоғамның іс шараларына топтың қатысуын қамтамасыз ету.



Технология – экономикалық колледжінің Сапа менеджімент жүйесіне сәйкес Куратордың лауазымдық міндеттері:

    1. Білім алушылардың дара тұлға ретінде қалыптасуына, адамгершілік ұстанымының дамуына ықпал ету;

    2. Білім алушылардың ішкі қызығушылығын арттыру;

    3. Әрбір білім алушыға моральдық және психологиялық жағдай жасау;

    4. Қарым- қатынасты күшейту;

    1. Білім алушының оқытушы, ата-ана, жолдастары арасында туындаған мәселелерін шешуге;

    2. Білім алушыны өз-өзін тәрбиелеу, дамыту үшін бағыт-бағдар береді;

    3. Оқушылардын жақсы оқуына көмектеседі.

    4. Мекен-жайына байланысты қосымша клубтар, үйірмелер, секциялар арқылы білім алушының дамуына үлес қосады;

    5. Білім алушылардың жас ерекшелігіне, өмір талабына қарай топтың тіршілік әрекетін жаңартып отырады;

    6. Білім алушының құқығын және бас бостандығын қорғайды, білім алушының оқу процесіндегі өміріне, денсаулығына жауап береді;

    7. Өзін- өзі басқару ұйымдарымен бірігіп Салауатты өмір салтын насихаттайды.



Топ жетекшінің функциялары:

  • Ақпараттандыру;

  • Ұйымдастыру;

  • Комуникутивті;

  • Бақылаушылық;

  • Шығармашылық.

Ақпараттандыру -куратордың дер кезінде студенттерге оқуға қатысты және оқудан тыс іс-шараларға қатысуы тиіс екендігі жайлы уақытылы ескерту керек.

Ұйымдастыру – топпен бірлесе отырып, білім алушылардың оқудан тыс өмірлеріне қатысуын көздейді.

Коммуникативті- жетекшілік ететін тобыңыздағы білім алушылардың қарым-қатынасын және қолайлы психологиялық атмосфераны қамтамасыз ету; топ ішіндегі қатынастарды құрылымдау; топ ішілік өмірге формалды көшбасшы ретінде қатынасу; колледж әкімшілігімен бірге жұмыс жасау;

Бақылаушылық - білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылау, әсіресе, кіші курстарда; бақылау функцияларын орындауына топ старостасының жұмысын бақылау.

Шығармашылық - куратордың жеке қажеттіліктері мен қабілеттеріне байланысты ізденістікеңейту.

Куратор қызметінің мазмұны осы функциялар негізінде міндеті мен мақсаты болып табылады. Бақылаушылық функцияны орынсыз, асыра пайдалану куратормен білім алушының арасында қарама-қайшылық, түсініспеушілік туғызады.





Технология – экономикалық колледжінің Сапа менеджімент жүйесіне сәйкес Куратор құқылы:

    1. Қызметтік жұмысына байланысты жобалармен, жоспарлармен танысуға;

    2. Ұйым қызметінің жақсаруына, әдістемелік жұмысының жетілуіне байланысты әкімшілікке ұсыныстар енгізуге; ұйым қызметіне, әдістемелік жұмыстарға ескертулер жасау; ТЭК қызметкерлерінің қызметіне ескертулер жасауға; ТЭК қызметіндегі кемшіліктерді жоюға;

    3. Өз лауазымдық қызметін орындау мақсатында әкімшілік тапсырма бойынша немесе жеке басы, бөлімдерден ақпарат және құжаттар алуға;

    4. ТЭК қызметін орындау мақсатында басшылықтан қолдау мен көмек талап етуге.

Кураторлық қызметтің жеңіл технологиялары:

  1. Жаңа оқу жылының басында әрбір білім алушыны /1-4 курс/ оқу орнының ішкі тәртібімен, оның міндеттірі, құқығымен таныстыру, колледжде қызмет ететін бөлімдермен және олардың қызметімен таныстыру;

  2. Куратор білім алушылармен бірге колледжішілік, қалалық шараларға қатысу немесе бағыт-бағдар беру керек;

  3. Кураторлық журналға топпен, әрбір білім алушымен жасалған тәрбие жұмысты түсіріп отыру;

  4. Әр топтың негізі – старотса. Бірақ куратор бір ғана старостамен жұмыс жасамау керек, топтағы әрбір білім алушының өз міндеттері болуы абзал;

  5. Бекітілген жоспарға сәйкес тәрбие сағаттарды «құрғақ» түрінде өткізбей, өмірмен байланыстырып, фото, видео материалдар көрсетіп, пайдасы мен зиянын ашып көрсету.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама «Куратордың топпен жұмысын ұтымды ұйымдастыруы»

Автор: Снадинова Бакыткул Аманқосқызы

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 400742


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства