kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Же?іс шежіресі с?нбейді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы орта білім беретін мектеп о?ушыларыны? шы?армашылы? белсенділігін зерттеуге деген ?мтылысын дамыту ма?сатында?ы же?іс шежіресі с?нбейді атты ?алалы? таным апталы?ты? 4 класс о?ушылары арасында ?здік жоба бай?ауыны? ?здік ?ор?аушы номинация иегері ??рашасай орта мектебіні? 4 класс о?ушысы Аманжанова Амина Ерболат?ызы марапатталды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Же?іс шежіресі с?нбейді" »


Құрашасай орта мектебі

Жоба жетекшісі: Жумагалиева Айгул Темиргалиевна

Жоба қорғаушы: 4 класс оқушысы Аманжанова Амина Ерболатқызы

Тақырыбы «Ұлы Жеңіс- мен үшін әрі шындық,әрі ертегі»

2014-2015 оқу жылы




Ұлы Жеңіс- мен үшін әрі шындық,әрі ертегі

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып тойлайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


1941-1945 жыл арасындағы азап пен азаттық өшпес тарихына айналған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 70 жыл толғалы отыр.Сол соғыстың зарын кешкен, соғыс ардагерлеріміздің еңбектері мен ерліктерін жариялап, жас ұрпаққа паш етіп, тәлім-тәрбие алсын, түсінсін шын соғыс болғанына көз жеткізсін деген мақсат екенін тағы бір мәрте түсіндім. Бұған дейін соғыс, соғыс деген сөзді естігенмен шын мәнінде солай болды дегенге, бір жағынан сенбедім. Себебі біз жас ұрпақ соғысты оқып, естігенде шындық екеніне көз жеткізсек, ал біз үшін бір жағынан ертегі секілді көрінеді. Соғыс деген сөзді естігенде әрине, жүрегіміз дүрсілдеп, көңілге қаяу ұялайтыны сөзсіз. Себебі әр мамыр айында, көрсетілген бейнефильмдерден, көріністерден, кинолардан соғыстың болғанын білеміз. Тәрбие сағаттарында Сұм соғыста жауынгерлер қасықтай қаны, шыбындай жаны жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан соғыс майданда қатты жүріп жатты. Қазақстандық азаматтарда жаумен аямай шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 миллион адамның өмірін жалмады. Ешкім де, еш нәрсе де, ешқашан ұмытылмақ емес.Соғыс өрті қашанда халық есінде деген ұстазымыз айтқан осы сөздері жанымызда жалындап тұрып қалды. Осы сұм соғыстың қатал өткенін, ұрпақ үшін, ел үшін, Отан үшін от кешкен біздің ата-әжелеріміз, яғни қатары азайған біздің ақ сақалды қарияларымыз. Біреуді жетім, біреуді жесір, ал біреуді бауырсыз қалдырған сұм соғыстың зарын тыңдап, ащы күйін көрген, әкесіз қалған қара көз балдырғандар ерте есейген. Олар ол кезді еске алса, көз жастарына ерік бере алмасы анық.


Себебі Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,

Ақ сүт берген анасын қорғады,

Самал ескен даласын қорғады.

Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Біздің ауылда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз өкінішке орай жоқ. Бірақ сол сұм соғыстың зардабын кешіп,кезінде көп еңбек етіп,бар өмірін елге арнаған ауыл ақсақалының ақиқат әңгімесін тыңдап,өзіме дерек көзін жинауды жөн көрдім де осы ауылда 1952 жылдан бері өмір кешіп келе жатырған 88 жастағы Бермағанбетов Кенжеғазы атайға бас тіредік.Ол қария соғысқа қатыспасада соғыс уақытында көп қиындық көрген адамның бірі.Қиналып,қайғырып,арасында көзіне жас алған кезде соғыстың шындық екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. –Мен соғысқа қатысып,неміс өлтіргенім жоқ айналайын-деп бастады сөзін Кенжеғазы атамыз. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қанша қазақты жалмады десеңші. Бұл басымызға түскен үлкен қауіп, жаңа ғана таң атып, шапағын шаша бергенде, елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын қыстау кезеңге душар болды. Жүрегі Отан деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Көз алдымызда біреуі жарын,біреуі әкесін соғысқа шығарып салып, өксіп жылаған ана мен баланы көзіміз көрді шырағым. Күрсінді, ойланды да, сөзін бастады. Мен 1927 жылы Атырау облысында дүниеге келдім. 2 жасымда әкеден айырылдым. 8 жасымда шешеден айырылдым. Соғыс басталғанда мен небәрі 14 жаста едім. Екі ағам 1937 жылы қыркүйек айында халық жауы деп, ату жазасына кесіліп атылды. Екі ағамнан айырылған соң Ақтөбе қаласы Ойыл ауданындағы Балалар үйіне шаққа орналастырылдым. 1941 жылы маусым айының 22-сі күні соғыстың басталғанын хабарлады. Біз, яғни барлық бала онша түсіне қоймадық. Фашисттік Германия елімізге опасыздықпен басып кіргенін, артынан бәрін ұғып, білдік қой деді қария. Соғыс –ол қасірет. Басқа төнген қасіреттен көп адам оралмады. Оралғандардың өзі де өмірдің қызығын, жан рақатын да шындап сезініп, тата алмады. Біз көп қиындық көрдік. Бір тілім нанға зар болдық. Қара жұмыс істедік. Түнде ұйқы,күндіз күлкі көрмедік. Мен жетім болдым. Маған тітті қиын болды. Менде балалық шақ деген болған емес. Қазір шүкір айналайын, сендер бақыттысыңдар-деді ата шүкішілікке келіп. Біз тек 4 класты қана оқыдық, оқу, жазу, тоқуды дегенді білген жоқпыз. 14жасымнан 17 жасыма дейін колхозда мал бақтым. Малшы болдым. Одан кейін Саралжында су бөгеп, жер қазып, еңбегімді жалғастырдым. Еш еңбегімізді аянбастан еңбектеніп, бәріне көндік.

Жыладым,қиналдым,ауырдым бірақ бәрін жеңіп,бар пайдамызды елге арнадым.

1947 жылы 7 қазанда Чилябинск қаласына В.ч 95494 бөліміне особый строительный ботольонға қабылдандым.Одан кейін Владивостокта болдым.Бұл әскерде 4 жыл болдым. Соғыстан кейін мүлде қиын болды ғой- деп ата тіпті, көзіне жас та алды.Аямай жұмсады,қинады,бірақ тамақ бермеген күндерде болды. Көз алдымызда аштан қаншама адам өлді.Шыдамай елдеріне қайтып та кетті ғой.Мен бәріне шыдадым.Себебі мені күтіп отырған ешкім жоқ қой,мен жетіммін.Сөйтіп 1951жылы 8қазанда елге келдім.Бірден жұмысқа кірістім.1953 жылы үйлендім.Сол некеден 6 балам бар.Темір жолда 4 жыл еңбек еттім.Шахта жабылғаннан кейін 1956 жылдан бастап осы Құрашасай ауылында 34 жыл Психо-неврология ауруханасында еңбек еттім.Маржанбұлақта одан кейін Новый совхозында депутат болып жұмыс жасадым.Содан 1982 жылы еңбек демалысына шықтым.Одан кейін де отырған жоқпын.10 жыл тағы жұмыс істедім.Себебі отбасын асырап бағу ер азаматтың міндеті ғой шырағым-деп әр сөзінде тыңбай еңбек еткенін айтып отырды.














Ерен еңбегімнің арқасы деп білемін, қазір омырауымда 5 медальім бар. 1948 жылы алғашқы медальді тақтым. 1950жылы, 1955 жылы, 1965жылы соңғысы осы 3-4 жыл бұрын берілді. 3почотный грамотым бар. Әр мереке сайын еңбегім ескеріліп, мадақтамаға ие болып отырдым. Халыққа, елге көрсеткен еңбегімнің нәтижесі деп білемін-деді. Кензеғазы атай.



















Атайдың сөзін тыңдай келе қабырғада ілінген суретті көзіміз шалып, оны да сұрадық. Ол менің досым ғой айналайын! Осы Ақтөбе қаласының тумасы Орынбасаров Байтұрсын деген аталарың шырағым. Көзі тірі. Мен секілді олда қазір қартайып, төсекте отыр. Әлі күнге дейін хабар сұрасып тұрамыз-деді қария.




















Айналайын шырағым маған келіп еңбегімді елегендерің үшін көп рахмет. Сабағыңды жақсы оқы биіктен көріне бер- деп батасын да берді. Қазір заман өте жақсы Елбасымыз халыққа, елге жақсы жағдай жасауда. Барлығы да бейбітшілігі баянды тәуелсіз елде, бақытты өмір сүрудеміз. Тұрмысымыз жақсы. Бала-шаға оқыды. Өз мамандықтарымен жұмыс жасауда. Алда да бәрі жақсы болсын. Соғыс деген мүлдем естілмесін. Бәле –жаладан аман болып, бейбітшілікте өмір кешейік –деп Осының бәрі Елбасының арқасы екенін айтып, Кенжеғазы ата сөзін аяқтады.


Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп,әнекей,жағада тұр




-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамыздың сөзінде жас ұрпаққа деген теңдесіз құндылықтар, сыйластық сезімдер мөлдіреп тұр. Расында,қатары азайып бара жатырған қарияларымыздың арасы жыл санап азайып бара жатырғаны көңілге кірбің ұялатады. Сол кісілердің қара күшімен,ерен еңбегімен, ел үшін, Отан үшін,қиған қара күшпен келген бұл жеңісті тойлауды асыға күтетіндері айтпай-ақ мөлдіреген көздерінен көрініп –ақ тұр. Кенжеғазы атаның әр сөзден кейін қиналып,шаршап қалып отырғанын көріп, меніңде көзіме еріксіз жас келді. Ол өз аяғымен сырқа кіріп шығып жүре алмайды. Арнайы темір арбасы бар. Келін баласының қолында тұрады. 3 немересінің ортасында отыр. Сұм соғыстың сұмдығын айтып жеткізу мүлде мүмкін емес.


























Мектебімізде де Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты бұрыштар шығарылды. Әр Ақтөбелік батырларымыздың ерен еңбектерімен танысып білдік. Осы соғыс 1417 күнге созылған Екінші дүниежүзілік соғысына Қазақстаннан 1миллион 200 мың адам қатысқан екен. Соғыстан оралмағандар – 601мың адам, әрбір үшінші қазақстандық Кеңес Одағының батыры – 11600 адам.Қазақстандық – 497 адам.

Жеңіс қандай - тамаша қол жеткізген

1417 күн мен түн өткізген

Майдан мен тылды біріктіріп,

Жауыңды қуып келген ізіменен.

Иә, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қысқа ғұмырында елдің бірлігін сақтауға, өрісін кеңейтуге зор үлес қосқанымен де қастерлі.Отан үшін жанын пида еткен барша бауырларымыздың рухы қлмеуі тиіс, өміршең болуы заңды.Болашақтың іргесі кешегі тарихпен кемелденеді, ұрпақ олардың отансүйгіштік қасиетімен қанаттануымыз қажет.Біз осындай бабаларымыздың өнегесімен бой түзеп, елдік асыл мұраттарымызды жалғайтын боламыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Же?іс шежіресі с?нбейді"

Автор: Жумагалиева Айгуль Темиргалиевна

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211397


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства