kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елде ?ал?ан ж?рт т?тасымен майданда?ы армияны азы?-т?лікпен, киіммен ?амтамасыз ету ж?мыстарына ж?мылдырылды. «Б?рі де майдан ?шін! Б?рі де Же?іс ?шін!»,- деген ?рандармен ж?мыс істеген олар ?здеріні? аш??рса? ж?ргендеріне ?арамай, б?рін де майданда?ы жауынгерлерге жіберуге тырысты. ?йткені, олар жау тезірек же?ілсе, ?иынды?тан ??тылар едік деп ойлады. С?йтіп, барлы? ?аза?станды?тар да Же?істі жа?ындатып, сол к?нні? тезірек тууына бір кісідей ат салысты. Сонды?тан да б?л Же?істі? ба?асы ?те ?ымбат. Ер азаматтар ?ан майданда жан ?иярлы?ты? ?а?арман пен ?айсарлы?ты? ?лгісін к?рсетіп жат?анда тылда мылты?сыз майдан бастал?ан еді « Елде ?ал?ан аналар, ат?а отыру?а жара?ан балалар 8-9 жасынан бастап ауыр ж?мыстар жасады. Та? ат?аннан к?н бат?анша ж?мыс жасап со?ыста?ы жарларына, балаларына, бауырларына ала?дап ж?рседе, сол аналар сабырлы да к??ілді болушы еді. ?зілдері, ?ле?дерін айтып ??гімелері жараса кететін. Ол кездегі адамдарды? пейілі ке? еді»-, деп, еске алады мені? ?жем Омарбекова А??айша Бейсенбай?ызы. ?жем е?бек ардагері медаліні? ж?не алтын ал?аны? иегері. Немере ш?бере с?йіп отыр?ан ба?ытты ?же.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан жоба »

Ақтоғай ауданы, С.Ибраев атындағы негізгі орта мектебі АҒАЙЫНДЫ МАЙДАНГЕРЛЕР  Секциясы: тарих  Авторы: 1.Сейдуали Мадияр, 8 сынып  2.Сейдіғали Гауһар, 7сынып Жетекші :Жармағанбетова Қарлығаш, физика пәні мұғалімі

Ақтоғай ауданы, С.Ибраев атындағы негізгі орта мектебі

АҒАЙЫНДЫ МАЙДАНГЕРЛЕР

Секциясы: тарих

Авторы: 1.Сейдуали Мадияр, 8 сынып

2.Сейдіғали Гауһар, 7сынып Жетекші :Жармағанбетова Қарлығаш, физика пәні мұғалімі

Аннотация. Зерттеу мақсаты:  Қазақстан Республикасының әр түрлі себептермен еске алынбай ұмытылып бара жатқан Ұлы отан соғысының ардагерлері есімін жаңғыртып, жергілікті жердегі жас ұрпақты сауаттандыру арқылы патриоттық мақтаныш сезімін тудыруға көмектесу. Гипотезасы:  Егер ардагерлер туралы зерттеп, тың деректер жинау тәжірбиесі іске асырылатын болса; біріншіден Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеудесін отқа төсеп қаны мен жанын қиған, елге оралмай жат жерден топырақ бұйырған, елге келсе де ерен істері ескерілмей келген көптің бірі боп еңбек еткен есіл ерлеріміздің есімі жергілікті жердің тарихына жаңа бет боп қосылар еді.  екіншіден жас ұрпақты яғни майдангерлердің өз ұрпағын Отансүйгіштіке, елжандылыққа тәрбиелеуде нәтижелі тәрбие көзі айқындалар еді.

Аннотация.

Зерттеу мақсаты:

Қазақстан Республикасының әр түрлі себептермен еске алынбай ұмытылып бара жатқан Ұлы отан соғысының ардагерлері есімін жаңғыртып, жергілікті жердегі жас ұрпақты сауаттандыру арқылы патриоттық мақтаныш сезімін тудыруға көмектесу.

Гипотезасы:

Егер ардагерлер туралы зерттеп, тың деректер жинау тәжірбиесі іске асырылатын болса;

біріншіден Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеудесін отқа төсеп қаны мен жанын қиған, елге оралмай жат жерден топырақ бұйырған, елге келсе де ерен істері ескерілмей келген көптің бірі боп еңбек еткен есіл ерлеріміздің есімі жергілікті жердің тарихына жаңа бет боп қосылар еді.

екіншіден жас ұрпақты яғни майдангерлердің өз ұрпағын Отансүйгіштіке, елжандылыққа тәрбиелеуде нәтижелі тәрбие көзі айқындалар еді.

Зерттеу барысы мен кезеңдері: І кезеңде Ақтоғай ауданың бұрынғы «өндіріс» колхозы таңдалып, соғысқа аттанушылар тізімі жасалды.Соғыс жолдарының картасы жасалды. Сонымен қатар белгілі және белгісіз деректерді жинақтау мүмкіндікттері анықталды. ІІ кезеңде жнақталаған деректердің тиімді нәтижесі негізінде ешкімде ешуақытта ұмытылмайтыны айқындалды.  Эксперимент әдістемесі : Эксперимент әдістері Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы көзі тірі көне көз қарттардан интервью алу арқылы жинақталды. Практикалық эксперимент негізі деректерді жүйелеп, негізгісін бөліп алу мәселесінен тұрды.

Зерттеу барысы мен кезеңдері:

І кезеңде Ақтоғай ауданың бұрынғы «өндіріс» колхозы таңдалып, соғысқа аттанушылар тізімі жасалды.Соғыс жолдарының картасы жасалды. Сонымен қатар белгілі және белгісіз деректерді жинақтау мүмкіндікттері анықталды.

ІІ кезеңде жнақталаған деректердің тиімді нәтижесі негізінде ешкімде ешуақытта ұмытылмайтыны айқындалды.

Эксперимент әдістемесі :

Эксперимент әдістері Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы көзі тірі көне көз қарттардан интервью алу арқылы жинақталды.

Практикалық эксперимент негізі деректерді жүйелеп, негізгісін бөліп алу мәселесінен тұрды.

Зерттеу жаңалығы:  Бұл зерттеудің жаңалығы Ұлы Отан соғыс жеңісінің 65 жылдығына орай ұлы есімдерді ұлықтай рәсімі жасаудан тұрады. Зерттеу нәтижесі :   Республикамыздағы ұлы Отан соғысында қар төсеніп, мұз жастанған, етігімен қан кешкен бабаларымыздың ерлікке толы шежіресін кейінгі ұрпаққа қалдру мәселерін шешуге болатын дәлелдедік. Практикалық қолдану саласы:  Осы жұмысты Қазақстан Республикасының тарихи мұра және мұрағаттар әкімшілігінің назарына ұсынуға, мектеп оқушыларының тарихи сауатылығын арттыруға, тарихпен шұғылданатын мамандардың негізгі жобаларында, ауданымыздың аты белгілі зерттеуші мұғалімі, аудан тарихын жинақтаушы Т.Ақпанбаеваның «Ақтоғайтану» бағдарламасына хрестоматиялық қосымша ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жаңалығы:

Бұл зерттеудің жаңалығы Ұлы Отан соғыс жеңісінің 65 жылдығына орай ұлы есімдерді ұлықтай рәсімі жасаудан тұрады.

Зерттеу нәтижесі :

Республикамыздағы ұлы Отан соғысында қар төсеніп, мұз жастанған, етігімен қан кешкен бабаларымыздың ерлікке толы шежіресін кейінгі ұрпаққа қалдру мәселерін шешуге болатын дәлелдедік.

Практикалық қолдану саласы:

Осы жұмысты Қазақстан Республикасының тарихи мұра және мұрағаттар әкімшілігінің назарына ұсынуға, мектеп оқушыларының тарихи сауатылығын арттыруға, тарихпен шұғылданатын мамандардың негізгі жобаларында, ауданымыздың аты белгілі зерттеуші мұғалімі, аудан тарихын жинақтаушы Т.Ақпанбаеваның «Ақтоғайтану» бағдарламасына хрестоматиялық қосымша ретінде пайдалануға болады.

Қоңырат ауданы Өндіріс колхозында 1919 жылы туған. Отбасында ағасы - Сейдіғазым , апалары –Жақан, Жақанай інілері –Сейдуали , Кәрім, Мақсұткәрім , қарындасы Шәкен отбасында - 8 бала болған.

Қоңырат ауданы Өндіріс колхозында 1919 жылы туған. Отбасында ағасы - Сейдіғазым , апалары –Жақан, Жақанай інілері –Сейдуали , Кәрім, Мақсұткәрім , қарындасы Шәкен отбасында - 8 бала болған.

1928 жылдан бастап 1935 жылға дейін мектепте оқып , 7 класстық білім алған. 1935 жылы әкесі қайтыс болған соң , отбасын асырау үшін оқу оқи алмай «Өндіріс» колхозында қолдай жұмыс жасаған .

1928 жылдан бастап 1935 жылға дейін мектепте оқып , 7 класстық білім алған. 1935 жылы әкесі қайтыс болған соң , отбасын асырау үшін оқу оқи алмай «Өндіріс» колхозында қолдай жұмыс жасаған .

Ашаршылық ауырлықты көрдіңдер, Ауыр тұрмыс, қиындыққа төздіңдер. Балалықтың балын татпай кетсеңде, Жарқын, бейбіт болашаққа сендіңдер.

Ашаршылық ауырлықты көрдіңдер,

Ауыр тұрмыс, қиындыққа төздіңдер.

Балалықтың балын татпай кетсеңде,

Жарқын, бейбіт болашаққа сендіңдер.

1941-1945 жылдар Қырғын соғыс балаларын анасынан айырды, Жас өрендер өркен жармай қанатынан қайырылды. Сан боздаққа топырақ та туған жерден бұйырмай, Сан ошақтың оты сөніп, мәңгілікке жабылды. 1939 жылы міндетті армияға алынып, 1941 жылы міндетін өтеп, қайтайын деп отырғанда соғыс басталып, 1941 жылдың маусым айынан 1942 жылдың тамыз айына дейін 130 атқыштар полкінде болып, Калинин майданындағы ұрыстарға қатысқан. 1942 жылы сол қолынан жараланып, Уфа қаласында госпитальда жатқан. 1943 жылдан бастап, еңбек батальонында болған. 1945 жылы елге оралған .

1941-1945 жылдар

Қырғын соғыс балаларын анасынан айырды,

Жас өрендер өркен жармай қанатынан қайырылды.

Сан боздаққа топырақ та туған жерден бұйырмай,

Сан ошақтың оты сөніп, мәңгілікке жабылды.

1939 жылы міндетті армияға алынып, 1941 жылы міндетін өтеп, қайтайын деп отырғанда соғыс басталып, 1941 жылдың маусым айынан 1942 жылдың тамыз айына дейін 130 атқыштар полкінде болып, Калинин майданындағы ұрыстарға қатысқан. 1942 жылы сол қолынан жараланып, Уфа қаласында госпитальда жатқан. 1943 жылдан бастап, еңбек батальонында болған. 1945 жылы елге оралған .

Жеңіс келді қуаныш пен бақыт ойнап жүзінен, Елге деген сағыныш-мұң байқалғандай көзінен. Қаһармандық ерлігі үшін кеудесінде медалі, Аталарың алғыс алды Сталиннің өзінен.

Жеңіс келді қуаныш пен бақыт ойнап жүзінен,

Елге деген сағыныш-мұң байқалғандай көзінен.

Қаһармандық ерлігі үшін кеудесінде медалі,

Аталарың алғыс алды Сталиннің өзінен.

1946 жылы сәуірде « Германияны жеңгені үшін» медалімен (куәлік № 0250682), 1946 жылы қыркүйекте «Ерлігі үшін» (куәлік №2859953), Жоғары кеңес президиумының бұйрығымен 1973 жылы 28 мамырда « Еңбек Қызыл ту»орденімен (куәлік №573946), МД Мемлекеттері кеңесінің шешімімен 1997 жылы Ұлы Отан соғысының батыры Г.К.Жуков медалімен,  2004 жылы Украина президенті Л.Кучманың жарлығымен «Украинаның азат етілгеніне -60 жыл» медальдарымен наградталған .

Еңбек майданындағы ерлігі үшін Жоғарғы кеңестің қаулысымен 1957 жылы 25- қазанда «Тың жерлерді игергені» үшін, 30 жыл бойы ауыл шаруашылығын көтерудегі ерен еңбегі үшін, 1970 жылы 20 наурызда В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін», 1985-1995 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске-40, 50 жыл, 1988 жылы 23- ақпанда КСРО қарулы күштеріне-70 жыл мерекелік медальдарымен марапатталған

және бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.

және бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.

Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда ауыл шаруашылығын көтеру үшін бірден еңбек майданына араласты. 1945 -1948 жылға дейін Өндіріс колхозында қой фермасының меңгеруші болған .  1948-1950 жылдар аралығында дейін Қоңырат ауданы Сартерек ауыл советіне қарасты Үш-Өзек колхозында сиыр фермасының меңгерушісі болып істеген   Соғыстан келген майдангерлердің бойында Отанға, елге деген сүйіспеншілік, болашаққа деген сенім жоғары болған. Менің атам солардың бірі еді. Өзінің табандылығымен, қажырлылығымен ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығының арасында, еңбекте елеулі, халқына қалаулы бола білген.   1950 жылдан 1956 жылға дейін Қоңырат ауданы Қуаныш колхозында қой фермасының меңгеруші болып істеген.   1956 жылдан 1959 жылға дейін Қуаныш басқармасының орынбасары болып істеген.  1959 жылдан 1963 жылға дейін Қуаныш колхозында сиыр фермасының меңгеруші болып істесе, ал 1963 жылдан Ақтоғай ауданы Қаратал совхозының 1 фермасының меңгерушісі болып 1974 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс жасаған.

Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда ауыл шаруашылығын көтеру үшін бірден еңбек майданына араласты. 1945 -1948 жылға дейін Өндіріс колхозында қой фермасының меңгеруші болған .

1948-1950 жылдар аралығында дейін Қоңырат ауданы Сартерек ауыл советіне қарасты Үш-Өзек колхозында сиыр фермасының меңгерушісі болып істеген

Соғыстан келген майдангерлердің бойында Отанға, елге деген сүйіспеншілік, болашаққа деген сенім жоғары болған. Менің атам солардың бірі еді. Өзінің табандылығымен, қажырлылығымен ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығының арасында, еңбекте елеулі, халқына қалаулы бола білген.

1950 жылдан 1956 жылға дейін Қоңырат ауданы Қуаныш колхозында қой фермасының меңгеруші болып істеген.

1956 жылдан 1959 жылға дейін Қуаныш басқармасының орынбасары болып істеген.

1959 жылдан 1963 жылға дейін Қуаныш колхозында сиыр фермасының меңгеруші болып істесе, ал 1963 жылдан Ақтоғай

ауданы Қаратал совхозының 1 фермасының меңгерушісі

болып 1974 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін

жұмыс жасаған.

Мен атамды кешегі кеңес заманында елдің ортасынан шығып , 7 кластық білімімен ғана жұртты ұлы мұраттар жолындағы үлкен іске бастап, елінің мәртебесін көтерген азамат деп білемін. Себебі еңбектегі табыстары үшін 1 рет Кисловодск , 2 рет Москва қалаларына жолдамамен барған.

30 жыл бойы ферма басқарып, ат үстінен түспеген  атамның аудан, облыс көлеміне танымал адам болғаны  көпшілікке белгілі. Бұл оның Отанына, еліне деген шексіз  сүйіспеншілігінің, алдына қойған мақсатқа жетудегі  табандылығын бір шешімділігін, ақылдылығын көрсетеді.  Елдің айтуынша атам бір сөзді, шыншыл, ақылды,  ойшыл, көп сөйлемейтін адам болыпты. Атам туралы ауыл ақсақалы Смағұлов Қантбек атадан сұрағанымда: « Секең терең ойлайтын парасат пайымы мол жан болатын. Қандай  істің де шешімін табушы еді. Жұмыста қатал, талапшыл тәртіптің адамы еді, түсі қатал көрінгенімен жүрегі жылы жан болды. Елдің бәрі сол кісімен бар шаруасын ақылдасушы еді. Кез келген қиын мәселенің түйінін тез тауып беретін ақылды адам еді . Секеңді сендер түгіл 80-нен асқан менің өзім кейде ақылдасуға, сырласуға іздеймін. Егер баяғының заманы болса бірнеше әулетті басқарып би болатын адам еді,-деді. Атамның халқы үшін еңбек етіп, сол еңбегінің зейнетін кейін көргені ал біздерге тек жақсы өмір бергені, біздің дәл өзіндей халықтың баласы болатымызға сенгені деп ойлаймын.

30 жыл бойы ферма басқарып, ат үстінен түспеген

атамның аудан, облыс көлеміне танымал адам болғаны

көпшілікке белгілі. Бұл оның Отанына, еліне деген шексіз

сүйіспеншілігінің, алдына қойған мақсатқа жетудегі

табандылығын бір шешімділігін, ақылдылығын көрсетеді.

Елдің айтуынша атам бір сөзді, шыншыл, ақылды,

ойшыл, көп сөйлемейтін адам болыпты. Атам туралы ауыл ақсақалы Смағұлов Қантбек атадан сұрағанымда: « Секең терең ойлайтын парасат пайымы мол жан болатын.

Қандай істің де шешімін табушы еді. Жұмыста қатал, талапшыл тәртіптің адамы еді, түсі қатал көрінгенімен жүрегі жылы жан болды. Елдің бәрі сол кісімен бар шаруасын ақылдасушы еді. Кез келген қиын мәселенің түйінін тез тауып беретін ақылды адам еді . Секеңді сендер түгіл 80-нен асқан менің өзім кейде ақылдасуға, сырласуға іздеймін. Егер баяғының заманы болса бірнеше әулетті басқарып би болатын адам еді,-деді. Атамның халқы үшін еңбек етіп, сол еңбегінің зейнетін кейін көргені ал біздерге тек жақсы өмір бергені, біздің дәл өзіндей халықтың баласы болатымызға сенгені деп ойлаймын.

Балалары  Несіпбек, Нестай, Несіпбай, Түсіпбай, Игібай, Несіпбала, Несіпжан, Насен, Боранбай, Қонысбай казір әке үлгісімен отбасылы, үбірлі- шүбірлі, бейбіт еңбек күрескерлері.

Балалары

Несіпбек, Нестай, Несіпбай, Түсіпбай, Игібай, Несіпбала, Несіпжан, Насен, Боранбай, Қонысбай казір әке үлгісімен отбасылы, үбірлі- шүбірлі, бейбіт еңбек күрескерлері.

1924 жылы Қарағанды облысы , Қоңырат ауданы «Өндіріс» колхозында туған.

1924 жылы Қарағанды облысы , Қоңырат ауданы «Өндіріс» колхозында туған.

Әскер қатарына 1942 жылы шақырылған. Горький , Москва қалаларында дайындық жұ мыстарында болып, жүргізуші және атқыш мамандығын алған.

Әскер қатарына 1942 жылы шақырылған. Горький , Москва қалаларында дайындық жұ мыстарында болып, жүргізуші және атқыш мамандығын алған.

Соғыс барысында Катюша командасы құрамында Берлинге дейін барып жауынгерлік жолдан өткен. 1942 жылдың 27-тамызында қатардағы жауынгер болып соғысқа кірген. 1943 жылы 4-ші Украин майданында, 1944 жылы 3-ші Прибалтика, 1945 жылы 1-ші Белоруссия майдандары құрамында соғысқан және Берлинді азат етуге қатысқан. Өз айтуынша соғыс аяқталғаннан кейін де бірден елге оралмаған. 1946 жылы 5- батареяда қатардағы жүргізуші болған. Жоғарғы Кеңестің Призидиумының 1947 жылдың 4- ақпанындағы жарлығынан кейін ғана елге оралған.

Майдангердің Қызыл Армия кітапшасында (Красноармейская книжка) Севастополь, Рига, Николаев қалаларын азат еткені, Одер өзенін алғаны, Берлин қаласын азат еткені үшін Жоғарғы қолбасшы Сталиннен алғыс алғаны жазылған.

Майдангердің Қызыл Армия кітапшасында

(Красноармейская книжка) Севастополь, Рига, Николаев қалаларын азат еткені, Одер өзенін алғаны, Берлин қаласын азат еткені үшін Жоғарғы қолбасшы Сталиннен алғыс алғаны жазылған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін, «1941-1945 жж. арасындағы соғыс ардагері» белгісімен, 1947 жылы 16-тамызда «Ерлігі үшін» (№ 2843669), «Германияны жеңгені үшін», Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларына қарсы көрсеткен ерлігі үшін Жоғарғы Кеңестің Президиумының 1985 жылғы 11-наурыздағы жарлығымен 2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен (№1756223), МД Мемлекеттері кеңесінің шешімімен 1997 жылы Ұлы Отан соғысының батыры Г.К.Жуков медалімен марапатталған.

Ұлы Отан соғысының 50, 60 жылдық мерекелік медальмен, 1988 жылы 23- ақпанда КСРО қарулы күштеріне-70 жыл мерекелік медалімен марапатталған.

Ұлы Отан соғысының 50, 60 жылдық мерекелік медальмен, 1988 жылы 23- ақпанда КСРО қарулы күштеріне-70 жыл мерекелік медалімен марапатталған.

Атамның өз айтуынша «Катюшаның тілін меңгеріп атқыштық мамандықты игердім . Сол кезде жақсы дамыған соғыс қаруы Катюша болатын. Бір атқанда да бірнеше снаряд 18-20 км –ге дейін жетіп жарылатын . Сонда мен мергендігіммен танылғам», - дейтін.

«1947 жылы елге аман-есен оралғаннан кейін « Қуаныш» ауылының жанындағы «Берікқара» руднигінде 1950 жылға дейін жұмыскер болып жұмыс жасады. 1950 жылдан бастап жүргізуші болды. Бір ғана ГАЗ – 51 машинасын күтіп баптап 30 жыл жүргізді. Жары Аманжолова Майрамен тату-тәтті өмір сүрді. Адамдықтың шеңберінен ауытқымай қарапайымдылығымен, кішіпейілділігімен үлкеннің де, кішінің де көңілін тапқан адам еді»,- деп еске алады ауыл қариясы Ақторғаев Жүзбай ата .

Балалары: Төлеген, Мағила, Бақытжан, Елеген, Сәкен, Бауыржан. Олардан немере, шөбере сүйді. Атамның бойындағы еңбекқорлық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер ұрпақтарының бойына да сіңген деп ойлаймын. Себебі біздер, ұрпақтары намысшыл да, өршіл болып өсіп келеміз. «Әке көрген оқ жонар »- деген осы.

Жауды жеңіп, ерлікпенен елге аман оралды, Отты жылдан естелік боп атақпенен даңқ қалды. Қиындықта бірге болып, жеңеміз деп бас қосып, Аққайша мен Майра әжемен болашаққа бет алды.

Жауды жеңіп, ерлікпенен елге аман оралды,

Отты жылдан естелік боп атақпенен даңқ қалды.

Қиындықта бірге болып, жеңеміз деп бас қосып,

Аққайша мен Майра әжемен болашаққа бет алды.

Елде қалған жұрт тұтасымен майдандағы армияны азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ету жұмыстарына жұмылдырылды. «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін!»,- деген ұрандармен жұмыс істеген олар өздерінің ашқұрсақ жүргендеріне қарамай, бәрін де майдандағы жауынгерлерге жіберуге тырысты. Өйткені, олар жау тезірек жеңілсе, қиындықтан құтылар едік деп ойлады. Сөйтіп, барлық қазақстандықтар да Жеңісті жақындатып, сол күннің тезірек тууына бір кісідей ат салысты. Сондықтан да бұл Жеңістің бағасы өте қымбат. Ер азаматтар қан майданда жан қиярлықтың қаһарман пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жатқанда тылда мылтықсыз майдан басталған еді « Елде қалған аналар, атқа отыруға жараған балалар 8-9 жасынан бастап ауыр жұмыстар жасады. Таң атқаннан күн батқанша жұмыс жасап соғыстағы жарларына, балаларына, бауырларына алаңдап жүрседе, сол аналар сабырлы да көңілді болушы еді. Әзілдері, өлеңдерін айтып әңгімелері жараса кететін. Ол кездегі адамдардың пейілі кең еді»-, деп, еске алады менің әжем Омарбекова Аққайша Бейсенбайқызы. Әжем еңбек ардагері медалінің және алтын алқаның иегері.

Немере шөбере сүйіп отырған бақытты әже .

Аталардың өмір жолын арқау етем мен бүгін, Қамықпастан көтергендер еңбекте де нар жүрген. Тең ұстаған биік рух пен адамдықтың ақ туын, Мақтан етем еңбектегі қайсарлығын, ерлігін.

Аталардың өмір жолын арқау етем мен бүгін,

Қамықпастан көтергендер еңбекте де нар жүрген.

Тең ұстаған биік рух пен адамдықтың ақ туын,

Мақтан етем еңбектегі қайсарлығын, ерлігін.

Атаға арнау Егер ата өзіңіз болмасаңыз, Жер қайысқан жауды біз жеңбес пе едік. Егер ата өзіңіз болмасаңыз, Ұрпақ болып өмірге келмес пе едік. Тағызым етіп рухыңа немерелер, Аталарым сіздермен тілдеселік. Тағылымды тағдырларың болмаса егер, Сүюді ел мен жерді белмес те едік. Жаудан беті қайтпаған бабалардың, Қайсарлығын қайталап көрдіңіздер. Ақыл, қайрат жүректі қатар ұстап, Намысты қолдан бермей жеңдіңіздер. Қайсарлық төзімділік елді сүю, Басты парыз екенін білдіңіздер. Арттарыңда біздердей ұлқызың бар, Өшпейтін ізі қалдырдың ата сіздер. Айтар әлі талай ұрпақ ән қылып, Ұрпақтардың еске алуы заңдылық. Отан үшін от кешкен аға ұрпақтың, Есімдері есте қалар мәңгілік. Г.Сейдіғали

Атаға арнау

Егер ата өзіңіз болмасаңыз,

Жер қайысқан жауды біз жеңбес пе едік.

Егер ата өзіңіз болмасаңыз,

Ұрпақ болып өмірге келмес пе едік.

Тағызым етіп рухыңа немерелер,

Аталарым сіздермен тілдеселік.

Тағылымды тағдырларың болмаса егер,

Сүюді ел мен жерді белмес те едік.

Жаудан беті қайтпаған бабалардың,

Қайсарлығын қайталап көрдіңіздер.

Ақыл, қайрат жүректі қатар ұстап,

Намысты қолдан бермей жеңдіңіздер.

Қайсарлық төзімділік елді сүю,

Басты парыз екенін білдіңіздер.

Арттарыңда біздердей ұлқызың бар,

Өшпейтін ізі қалдырдың ата сіздер.

Айтар әлі талай ұрпақ ән қылып,

Ұрпақтардың еске алуы заңдылық.

Отан үшін от кешкен аға ұрпақтың,

Есімдері есте қалар мәңгілік. Г.Сейдіғали

Батырлығын әкелердің айтар ұрпақ ән қылып, Соғыс өтті жазылмайтын, өшпес ізін қалдырып, Біреулердің өр жастығын біреулердің өмірлерін ұрлаған, 65-жыл өтсе-дағы жүректе тұр жаңғырып.

Батырлығын әкелердің айтар ұрпақ ән қылып,

Соғыс өтті жазылмайтын, өшпес ізін қалдырып,

Біреулердің өр жастығын біреулердің өмірлерін ұрлаған,

65-жыл өтсе-дағы жүректе тұр жаңғырып.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лы Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан жоба

Автор: Бегетаева Алия Толеугазыкызы

Дата: 12.04.2015

Номер свидетельства: 200524

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства