kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?л к?шті – білегімен, ?ыз к?шті – ?ылы?ымен!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Ана жайлы тамаша с?здер, ?ле?дер, ма?ал-м?телдер ар?ылы ана?а с?йіспеншілікпен ?арау. Ананы? мейрімін, махаббатын, жа?сылы?ын т?сіну. Ана е?бегін ?адірлей білу. 2. Сайыскерді? танымды? белсенділігін арттыру, д?ниетанымы мен м?йекті с?здермен байыту, оларды? ойлау ж?не ойын тияна?ты, жетік тілмен жеткізе білу да?дыларын дамыту. ?ла?атты ?лы с?здерден т?лім алып, сахна ?неріне баулу. Жылдамды?, іскерлігін, с?н ?лгісін к?рсете білуге баулу. К?рнекіліктер: На?ыл с?здер ана туралы,шарлар,г?лдер, ма?ал-м?телдер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?л к?шті – білегімен, ?ыз к?шті – ?ылы?ымен!»»

Мақсаты:
1. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлей білу.

2. Сайыскердің танымдық белсенділігін арттыру, дүниетанымы мен мәйекті сөздермен байыту, олардың ойлау және ойын тиянақты, жетік тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту. Ұлағатты ұлы сөздерден тәлім алып, сахна өнеріне баулу. Жылдамдық, іскерлігін, сән үлгісін көрсете білуге баулу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер ана туралы,шарлар,гүлдер, мақал-мәтелдер
Барысы

Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Бүгінгі «Ұл күшті – білегімен,

Қыз күшті – қылығымен!» атты триумф – баллға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Армысыздар, аналар, ұстаздар, ару қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым

 

2-жүргізуші: 

Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым. – дей келе құттықтау сөз кезегі асыл әжеміз Жұмакүл әжемізге сөз беріледі.


1 - жүргізуші:

Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз – 
Адамның
Анаға айтар лебізі – дей келе бүгінгі триуф – баллға қатысатын жұптарымызды ортаға шақырамыз.


2 - жүргізуші:

Ару – қыздар өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары,



 

1 - жүргізуші:

Қыз дегенің – бастауы ұлылықтың
Қыз дегенің – рәмізі сұлулықтың
Өнерпаздарымыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!



2 - жүргізуші:

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын

Сайлап алсақ жөн болар.


Әділ – қазылар:

1.

2.

3.


1 - жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.


2-жүргізуші:

Өнер қуып қыз-жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнерлері жетер деймін

Бәске түскен сегіз жұп кезекетесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін.


1-жүргізуші:

Таныстырып өздерін,

Тамылжыта сөздерін.

Триум-балда кезіккен,

Тамаша жұп бұл неткен! -дей келе 1 тур жұптардың таныстыруына кезек береміз.


2-жүргізуші:

Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген.

1-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті 2 тур БАЛЛдық биге биіне кезекті береміз.


2-жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада айысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Сайыскерлер сән үлгісін жасапты,

Ұл - қызымыз тез арада майысып.

1-жүргізуші:

Сән үлгісі бар бізде,

Ұлдарменен қыздарда.

Киімдері әдемі,

Сан түрлі матадан. – келесі кезекті сайыскерлердің сәндік үлгісін тамашалайық.


2-жүргізуші:

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты,

Бір – бірінен кем түсер.


1-жүргізуші:

Өнерлі біздің жігіттер,

Қыздарымызға сый арнап.

Тағамның да мың түрін,

Жасап жатыр ол арнап. – деп келесі кезекті ұлдарымыздың қыздарға арналған тағамын жасап ұсынады.


2-жүргізуші:

Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен жұптардың,

Өркендей берсін талабы.


1- жүргізуші:

Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды


2-жүргізуші:

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл – ой тонатпай.


1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен триуф-балл аяқталды!


2-жүргізуші:

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ – дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман – сау болайықшы көріскенше,

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде.



















Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі























Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Молдаш Әсел Қонарбекқызы









2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«?л к?шті – білегімен, ?ыз к?шті – ?ылы?ымен!»

Автор: Молдаш ?сел ?онарбек?ызы

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311958


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства