Просмотр содержимого документа
««ТЕМЕКІНІ? АДАМ А?ЗАСЫНА ЗИЯНЫ Ж?НЕ ОНЫ? АЛДЫН АЛУ»»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Ақмола облысының білім басқармасы
КММ "№6 Агротехникалық колледжі"
Сынып сағатының тақырыбы:
«ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ»
Өткізген: арнайы пәндер
оқытушысы Сейтназаров М.Б.
Сабақгың мақсаты:
1. Білмділік: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.
2 Тәрбиелік: темекі тартудың салдарынан әртүрлі ауруларға шалдығу туралы жете түсіндіру.
3. Дамытушылық: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі видеороликтар арқылы көз жеткізу.
Темекі
Тарихы
Әсері
Зияны
Шығыны
Темекінің тарихы “ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша “ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид “ Никотин ” деп аталды.
Темекінің әсері
Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің ќұрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйќысы келеді.)
Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет.
Темекінің зияны
Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады
Темекінің шығыны
Экономикалық жағынан түсіндіріп көрейік. Жалпы алғанда қазір Қазақстандағы темекінің бағасы шамамен 250 теңге немесе одан да қымбат. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартатын болса, айына 30 қорап темекі тартады. Бұл яғни, ай сайын 7500 теңгеден жоғары соманы темекі тартушы адам өз денсаулығына зиян келтіру мақсатында жұмсайды деген сөз. Ал 1 жыл ішінде бұл сома 90000 теңге болады. Мұндай ақшаны шығын еткенше, жинап жаз айында отбасыңмен демалысқа баруға болатын еді.Ал шығынға келсек, темекінің салдарынан жыл сайын республикада 25 мың адам көз жұмады. Сонда Қазақстанда қанша адам көк түтінге әуес? Ұлттық орталықтың мәліметтеріне сенсек, Қазақстан халқының 27 пайызы, яғни 4 млн 200 мың адам темекі тартады екен. Бұл көрсеткіш 2001 жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғарылаған. Ең алаңдатарлығы, шылымға әуестенушілер арасында әйелдердің қатары күрт артуда.