Просмотр содержимого документа
«С?з табы(етістік)»
Сабақтың тақырыбы:
Етістік
Заттың қимылын білдіретін сөздер және оның сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы түсінік.
Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сөйлеу шеберлігін шыңдау, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақ
Түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, шығармашылық, сто технологиялары
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз
Талабы биік таудаймыз.
Ақылдымыз, көңілдіміз
Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқормыз
Көп оқимыз, өнерліміз.
Жанып тұрған шырақпыз
Елімізді өркендететін
Бабаларымызға тағзым ететін
Біз қазақ елінің болашағымыз
Міне, жүрегімізден шыққан осындай жылумен, шаттық жігермен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Өткенді қайталап, пысықтау
Ой қозғау “Кім білгір?”
Біз қандай үлкен бөлімді бастадық?
Сөз таптары деген не?
Зат есім деген не? -Зат есімнің сұрақтарын ата?
Зат есімнің түрлері қандай?
Көпше түрдегі зат есім қалай жасалады?
Мысалдар келтіру.
ІІ. Мағынаны тану. Ребус Е тіс е , тік Қандай сөз оқылды? Етістік Енді бері қараңдар? Мен көзімді жұмдым, аштым (бірге қимылдаймыз) Қолымызды алға созайық, алақанды жұмайық, жазайық Біздер не істеді?қандай қимылдар жасадық? Жұмдық, аштық, создық. Етістік заттың қимылын, іс әрекетін білдіреді. Не істеді? Не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Ережені қорыту
Етістік
Қызметі
іс-қимыл? Әрекет
Сұрақтары
Не істеді? Неылды? Қайтты?
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу“Тез ойла, сөз ойла”
Суреттегі жануарлар мен құстардың атын жаз. Олардың қасына не істеді? қайтті сөздерін сәйкестендіріп қой.
Балалар ойынға шықты. Балалар біз қандай қимылдар жасадық.
3-жаттығу “Кім зейінді?”
Жұмбақты жатқа жаз. Етістікті тауып, сұрақ қой.
Жіппен келеді,
Үзсең, сөнеді.
Токті кім жөндейді?
ІІІ. Ой дамыту Өздік жұмыс
Мәтінді оқы. Етістік пен зат есімдерді тауып, екі топқа теріп жаз.
Тиін күзде қыста жейтін азығын жинайды. Саңырауқұлақтарды ағаш бұтағына іліп кептіреді. Ал жаңғақ пен шыршаның бүрін топыраққа көміп, жасырып қояды.
Тиін азық қорын мол даиындайды. Қыста бәрін жеп тауыспайды. Желінбей қалған жаңғақ пен бүрдек көктемде жас өскендер өсіп шығады. Кейін олар шыршаға жаңғақ ағаштарына айналады.
Ой толғаныс
Шығармашылық жұмыс “Ойшыл болсаң, ойлап көр”
Өлең жолдарына керекті етістікті жазып ұйқасын тап.