Просмотр содержимого документа
«"Салауатты ?мір-заман талабы"»
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
“ Салауатты өмір- заман талабы”
Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру, зиянды заттарды қолданудың алдын алуға, өмірін бағалай білуге, өз ойларын ашық айтуға баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
1. Ой қозғау.
2. «Темекі шегудің зияны»
3. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
4. Көрініс «Зиянды әдеттер», жағдаяттарды шешу.
5. Үндеу жариялау.
6. Қорытынды.
Ой қозғау
Салауатты өмір дегеніміз не?
дұрыс тамақтану
зиянды
әдеттерден
аулақ болу
қоршаған
ортаның
тазалығын
сақтау
жеке бастың
гигиенасын сақтау
Салауатты өмір дегеніміз не?
шынығу
ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР
Адам – өз құмарлығының құлы. Ол пайдалы нәрсені көре тұрса да, өзі бұрыннан бой үйретіп алған пайдасыз нәрсені тастап кете алмайды. Ал, ең пайдасыз нәрсе – қолға не түссе, сонымен қоректену.
Чипсы н ың зиянды әсері
Егер сіз күніне картоп чипсыйының бір пакетін жесеңіз, бұл бір жыл ішінде бес литр сұйық май ішкеніңізбен тең болады. Британдық медиктердің зерттеуі бойынша британдық оқушылардың 50 пайызы күніне кемінде бір пакет картоп чипсыйын жейді екен.
Кока - колақұрамы
Кокаинсыз Кока-кола құрамы:
Agua carbonatada
E952, E150d, E950, E951, E338, Е330, Е211
Аromas.
“ Арақ – арыңа нұқсан, темекі – тегіңе нұқсан”
демекші, темекі сенің бүкіл өміріңе нұқсан
келтіреді,
ұрпағыңа кесірін тигізеді.
Арақ 1428 жылы Генуядан келген.
І Петрдің тұсында Ресейге әкелінген.
Маскүнемнің қоғамға тигізер зардаптары: адамдық бейнеден кетеді, қоғамда орны жоқ, тұрмыс жағдайы, ой өрісі төмен.
Жау боп төнген еліме,
Есірткіге қарсымын.
Келсе егер қолымнан,
Сәби көңіл, пәк жүрек,
Сәбилерді қорғар ем!
“ Адамды арақ жетелейді сорына,
Кедейлік пен дерт ілесер соңына”
Ситуациялық жағдаяттарға өз ойларын айту.
№ 2. Екі дос.
Екі достың біреуі шылым шегеді. Ал оған досы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Досының қойған шарты дұрыс па? Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын
оның шылым шегуін тастауына қандай
ықпал жасайсыз?
№ 3
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін “Денсаулық” жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша “Денсаулықты сатып алуға болады” деді. Ал Жандас бұл ойға келіспеді. Ол “Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз” деді.
-Сендер не деп айтқан болар едіңіздер?
№ 4. Кинодан кеш қайтып келе жатқан
бала соңғы подъездің есігі алдында
тұрған бір топ баланы көрді. Олар
баланы шақырды. Ойында ешнәрсе
жоқ,ішінде көршісі тұрған соң таянады. Олар темекіні беріп: -жігіт емессің бе ,сор –деп бұйырды. Сорып қалып еді,түтін бірден тұншықтырып, шашалып қалды. Барлық бала күліп: Мынау қыз ғой-деді. Баланың намысшыл екенін білетін көршісі қорғаған болып: жоқ менің көршім нағыз жігіт! Деп арқасынан қақты.Оған мақтаншақ бала тағы бір – екі сорып-сорып жібереді.
Баланың қалтасына 3-4 – еуін
тағы салып жіберді. Ары қарай не болды деп ойлайсың, сен сол баланың
орнында болсаң не істер едің?
Денсаулықты сақта, түзу өсесің.
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етесің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет.
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда , ей, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.
Қорытынды
Қорыта келе,Біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Тұқымымыздың азып, тоз-тоз болып кетпеуі үшін де, Абылай ханның түсіне кірген бақа-шаяндарға айналмауымыз үшін де деніміз сау, мықты болуы шарт.