kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ты ?алай д?рыс та?дау керек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: о?ушылар?а болаша? маманды? ж?не о?у ба?дарын та?дауда к?мектесу, маманды? ?лемі ж?не оны? ерекшеліктері туралы д?ниетанымын ке?ейту;
Дамытушылы?: о?ушыларды? ?мір туралы, маманды?тар туралы к?з?арасын дамыту, алда?ы уа?ытта маманды? та?дауда д?рыс жолда болуына себепкер болу, та?да?ан маманды?ыны? ?з бейімділігі мен ?абілетіне с?йкес келуін на?тылау, ?з - ?зін тануды? жалпы ?зірлігін ?алыптастыру
Т?рбиелік: маманды? та?дау м?селесін белсенді арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ты ?алай д?рыс та?дау керек»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек»
Білімділік:
оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық:
оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Көрнекілік:
мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Сабақ барысы:
І. Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.

Ә) 3-топқа бөлу.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тақырыпқа кіріспе.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек!» ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.
Мұғалімі:  Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жасөспірім алдында мындаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді , зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар құрғысы келмейді. Біздің мақсатымыз оқушылардың кәсіптік қалыптасыумен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психологиялық педагогикалық көмек көрсету

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табыл




Мұғалім: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не?

Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.



III.Сұрақ -жауап

1.Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?

2.Маман дегеніміз не?

3.Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

4.Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

5.Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?
6.Мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?

7.Бұл мамандықты таңдауына не себеп болды?
8.Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?

9.Осы күннен не алдыңыз?
10.Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратындай жағдай болды ма?

12.Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?
14.Бұл мамандықты таңдауына не себеп болды?


IV. Қорытынды бөлім.

Мақал-мәтелдер.

1.Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының сөзі сүйкімді.

2.Шеберді саусағыасырайды.

3.Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесіде алтын.

4.Қой семізі қойшыдан.

5.Диқан жерді анасындай сүйеді,

Жер диқанды баласындай сүйеді.

6.Алтын менен күмісті,

Зергер үшін жаратқан.

Арқар менен құлжаны,

Мерген үшін жаратқан

7.Егіншіні кетпенің жүзі асырайды,

8.Алуан-алуан кәсіп бар,

Таңдай білде талап қыл.

9.Өнерді үйрен бір-бірлеп,

Әнде шырқа,би-билеп.

10.Жақсы дәрігер ауруды жазады,

Жаман дәрігер ауруға-ауру қосады.

Үш топқа бірдей тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына өз ойларын жазу, ойды аяқтау.

  • Жақсы маман ол - ........................ .

  • Мамандық таңдаған да ............ .

  • Жақсы маман болу үшін ........................ .



Жұмбақтар.

1.Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді (Балықшы)

2.Алатаяқ ұстаған

Жол тәртибін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам (Милиция)

3.Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнелер кім тым асқан. (Суретші)

4.Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа. (Футболшылар)

5.Оның тіккен бұйымы

Аяғынды қаптайды,

Шыға қалса жұлыны .

Әдемілеп баптайды. (Етікші)

6.Екі шекпен күмбірлеп,

Көңіл сазын сапырыды.

Тұлпар шабыс дүмбірлеп

Желпіндіріп отырады ( Күйші)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Маманды?ты ?алай д?рыс та?дау керек

Автор: Досай Аршагуль

Дата: 13.04.2016

Номер свидетельства: 318154


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства