I . Ой- ашар. “Төрт- түлігім аман болсын”- тақырыбында әңгіме.
II. Ат құлағында ойнаған.
“ Адам маймылдан жаралды”-деген сөз бар. Басқалар маймылдан
жаралса жаралған шығар, ал қазақ тек сәйгүліктен жаралған.
Асқар Сүлейменов.
Аттың үсті жел құйын
Мінсең көңілің өседі
Болса дағы жол қиын
Бойда қуат өседі.
Ә.Тәжібаев .
Қазақ қазақ болғалы сәйгүлік мініп сәнденген халық.
Серінің де бес қаруын асынған батырдың да,
аңға шыққан аңшының да жалғыз серігі-астындағы
тұлпары болған.Қазақ үйінде қонақ келсе атына
қарап қонағын бағалап, қонақтан бұрын атының
күтімін ойлаған. Ал көшпелі бабаларымыз үшін
аттың орны ерекше екені белгілі. “Қарабайыр қазанат”
қара жерде қойдырмас –деген халық мақалы қазнат
тұқымының атауы. Жырлардан, ертегілерден,
аңыздардан жылқының жасына, түріне жүйріктігіне
байланысты мыңдаған атауларды кездестіруге болады.
Жесең азық,ішсең сусын,мінсең көлік болатын
жылқыны дұрыс бақпаса асыл текті қасиеттерін
жояды”.
“ Ат шаппайды, бап шабады”-деген сөз осыдан шығады.
III . Сәйгүліктер.
Ақбозатқа мініп арман қумаған
Мінсең-төбе, шапшаң-жебе, жел мая,
Сәйгүліесіз уақыт шығын тер зая
Бақсаң көлік, қар тепсе де қажымас
Сойсаң-соғым, қазы,қарта,жал-жая
Жылқы жайлы үйір-үйір ертегі
Ел тарихын баяндап сыр шертеді
Неден кеңде “керқұла атты Кендебай”
“ Қара жоға”, “Тепеңкөк” пен “Телторы”
Өткізбейміз атсыз жиын біз думан,
Күш жиямыз ат үстінде мызғудан
Тамашаның тамашасы тапсырмас
Көкпар тартып,ат шаптырып, қыз қуған
Ат мінгізу сыйлықтың ең үлкені
Аттан құрау, қандай ұят күлкі еді
Шынықтырып бой сергетер атүсті
Қайғы дерттен айықтырар жұрт емі
Ұлан байтық,шексіз-шексіз кең далам,
Тентек-текке бізге енші болмаған
Бабаларым атпен қана үлгіріп
Шартарабын шауып жүріп қорғаған
Белгі беріп, аттануға шақыра
Ат сезеді шабар жауды қапыда
Бағытынан айырылып адасса
Қазақ сенді жол табар деп атына
Атпен ғана ерлердің көп тынды ісі
Жылқы бізде түліктің ең құндысы
Сыйпағанды білмесе егер сиырлар
Сыйлағанды аттың сезіп тұр іші
Ат қазаққа, қазақ атқа күш берген
“ Ат баспаймын” деген жерін үш басып
Ер көрмеймін- деген жерді үш көрген.
Сәйгүліктер бізбен жерлес ежелден
Атты да атқан бізге кезенген
Тас кітап көп тауымыздан табылған
Әр беті ат бейнесімен безенген
Тағысында- ақ біздің қолда туылған
Жібек жолы желкілдеген тумаған
Соны айтады бабам мен ат сүйегі
Араласып бір молада тулаған
Жеті атамның есімі аттас жылқымен
Сырым білмей жүрме аттың сыртымен
Жер жаһанда ойлашы өзге ел бар ма
Бізше таныс аттың мінез- құлқымен
Ат үстінде ұзын жолы қысқарып
Бізше жылқы жинамаған еш халық
Қысы-жазы жасап атпен аңшылық
Салт ит жүгіртіп, құс салып
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар сәйгүлік
Бапталмаған қазақта бар қай жігіт
Асыр салып бәйге, көкпар ойнаған
Сәбиі де құлын қуып,тай мініп
Қазақтар ғой жылқының шын докторы
Атқа сәйкес кім бар біздей көп тілді
Азды аттың төбегіне теңейміз
Жерді де атқып дейміз таудың шоқтығы
“ Ат шаптырым” біз үшін ең қашықтық
“ Бие сауым уақыт жоқ” деп асықтық
Ат жолында көшіп-қонған халықпыз
Желіп жүріпжер де танып, кәсіп қып
Кеудемізде жүрек те атша тулаған
Ат үстінде біткен желікбу маған
Қазақ барма бала кезде түсінде
IV . Ер- тұрман
Ата кәсібімізді танып білудің маңызы зор. Оған байланысты құрал-саймандарға
Халқымыз өнер туындысы ретінде қараған. Ер- тұрман дегеніміз салт атқа
мінуге арналған әбзел жабдықтыр жинағы. Ерш і-ер-тұрман жасайтын шебер.
Ерді негізінен үш топқа бөлген. Ашамай - бес жасқа дейінгі балалар мінетін ер.
Өте жеңіл,ықшам,қарапайым түрі. Ер адамдарға арналған ер- ондай ер-жеңіл, ықшам,берік болады. Өте көп әшекеленбейді. Әйел адамдарға арналған ер- қаңқасы ауыр, алтын, күміс, асыл тастармен, сүйекпен, мүйізбен өте шеберлікпен әшекейленеді. Былғары, барқыт, жарғақ, мауыты, шұғамен қапталады.Әзірлеу әдісіне қарай ерлер “ Сом” және “ Құранды ” болып бөлінеді. Сом ер- сүйегі бүтін ағаштан тұтас шабылған ер, құранды ер- бірнеше бөліктен құрап жасалған ер. Сыртқы түріне қай үлгіде жасалғанына қарап сом ер, қазақы ер, қалмақ ер, қырғыз ер болып бөлінеді.Ер- тұрман әбзелдері ердің сүйегіне қосымша желдік,тоқым,терлік, ішпек, тебіңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, ойыл,өмілдірік, құйысқан, жүген, ноқта, шылбыр, тізген, арқан, сулық, ат көрпе, көпшік,ат жабу, ат тарақ, таға, қамшы, шідер,өре, тұсау, кісен, қанжыға, көзқағар т.б. сияқты құралдардан тұрады. Осылармен қатар жем,тұз беретін ат дорба,науа, таңба,ен салатын тұрмандар болады.
Ер- тұрман әзірлеуге қажетті шикізаттар .
а) Ер сүйегі негізінен ағаштан шабылады. Оған қолайлы ағаш киіз терек,
қайыңның безі,тораңғы және тал.
ә) Ердің сүйегін қаптау үшін көн, былғары, жарғақ, қайыңның тозы,
барқыт, шұға, масаты сияқты маталар қолданылады.
б) Ерді әшекейлеу үшін бағалы маталар, асыл тастар, шыны,сүйек,
мүйіз тұяқ қажет.
в) Өзге де киіз, жүн, қыл, жіп, құр тәрізді шикізаттар да қолданылады.
Ер сүйегін шабуға қажет құрал саймандар.
Қос тұтқалы ара-екі басында қос тұтқасы бар, екі кісі ерсілі-қарсылы
қозғап ағаш кесетін құрал.
Темір сына-ағашты жару үшін қолайлы .
Шойын балға-ағаш жарғанда,темір сынаны соғу үшін қажет ауыр балға.
Шот-жүзі өткір, тегіс, ағашты жұқартып шабуға арналған құрал.
Ұңғұру-атына заты сай, ердің оқпанын ұңғы жонуға арналған өткір,
жүзі имек пышақ
Қашау - ағашты ойып қашау үшін қажет.
V.Көкпар кереметі .
Көкпар жаппай қума, тайқазан болып бөлінеді. Жаппайға
үлкен-кіші жасына қарамай қатыса береді. Адам санына
шектеу қойылмайды. Ал қума ауылдан- ауылға алып қашу түрі.
Ал тайқазан деп аталатын көкпарда екі жақта да он
Адамнан аспауы шарт. Көкпарға күште, айла да керек.
Астындағы атында өзіне сай болуы шарт.
Тегеуріні темір үзердей екпінді, жілік майы тоқ, тізгінді заматта