Олимпиада ойындарында қазақ жастары арасынан тұңғыш медаль алған Ғұсман Қосанов болды. Ол 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында 4100 метрлік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Көк аспанға желбіреткен көк туын.»
Тақырыбы: Көк аспанға
желбіреткен көк туын.
Олимпиада ойындарында қазақ жастары арасынан тұңғыш медаль алған Ғұсман Қосанов болды. Ол 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында 4100 метрлік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.
Ғұсман Қосанов
Ал тұңғыш чемпион атанған баскетболшы Әлжан Жармұхамедов болды. Ол 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиада ойындарында КСРО баскетбол құрамасында өнер көрсетіп чемпион атанды.
1980 жылы өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарындагрек-рим күресіненКСРО чемпионы — Жақсылық Үшкемпіров , ШәмілСеріков алтыннан алқа тағынды.
Шәміл Серіков
Шәміл Серіков 1956 жылы наурыздың 5-і күні дүниеге келген. Грек-рим күресінен 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. 1970 жылы күреспен айналыса бастаған. 1975 жылы КСРО спорт шебері дәрежесін алған. 1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. 1979 жылы КСРО еңбегі сіңген спорт шебері атағын алған. 1978, 1980-82 жылдары КСРО чемпионатына қатысқан. 1978 жылы КСРО чемпионы атанды. 1979, 1980 жылдары халықаралық турнирлер жеңімпазы атанды. 1979 жылы Еуропа чемпионы атанды. 1978, 1979 жылдары әлем чемпионы атанды. (Мексика, АҚШ) 1980 жылы Олимпиада чемпионы атанды. (Мәскеу) 1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1989 жылы 22-қарашада дүниеден озды.
1980жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-римкүресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
1981жылы әлем чемпионы,
1982жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,
1974 - 1984жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
1984жылыКрасноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
1984 - 1993жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
1993жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
1988 жылы Калгариде өткен ХV Олимпиада ойындарында шаңғышылар Владимир Сахнов күміс, Владимир Смирнов екі күміс және қола медаль алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы КСРО-ның 15 елі бірігіп 1992 жылғы XXV жазғы Олимпиада ойындарында « Біріккен команда» ( Unified Team ) ретінде өнер көрсетті. Ал 1994 жылы XVII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет ретінде қатысып, қанжығасына 1 алтын, 2 күміс медаль салған болатын. [2] Бұл үш медальдардың үшеуін де шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын.
1996 жылы АҚШ -тың Атланта қаласында өткен XXVIжазғыОлимпиадаойындарындаБолатЖұмаділов (бокс) күміс, МәуленМамыров (еркін күрес), БолатНиязымбетов (бокс), ЕрмаханЫбрайымов (бокс).
БолатЖұмаділов
БолатНиязымбетов
МәуленМамыров
ЕрмаханЫбрайымов
1998 жылы Наганода өткен ХVІІІқысқыОлимпиадаойындарына Қазақстан 2 қола алды, олар шаңғышы Владимир Смирнов және конькиші ЛюдмилаПрокашева болды.
Сондай-ақ 2000 жылы Сиднейде өткен XXVIIжазғыОлимпиадаойындарындаБекзатСаттарханов , Ермахан Ыбрайымов (бокс), ОльгаШишигина (жеңіл атлетика) алтын, БолатЖұмаділов , МұхтарханДілдәбеков (бокс), Александр Винокуров (велоспорт), ИсламБайрамуков (еркін күрес) күміс медаль алып, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-ші орын алды.
ОльгаШишигина
БекзатСаттарханов
Александр Винокуров
МұхтарханДілдәбеков
ИсламБайрамуков
2004 жылы Грекияда өткен XXVIIIжазғыОлимпиадаойындарындаБақтиярАртаев (бокс) алтын, ГенадийЛалиев (еркін күрес), ГеннадийГоловкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыл атлетика) күміс, СерікЕлеуов (бокс) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-шы орынға табан тіреді.
Геннадий Головкин
Сергей Филимонов
БақтиярАртаев
ГенадийЛалиев
СерікЕлеуов
2008 жылы Бейжіңде өткен XXIXжазғыОлимпиадаойындарындаБақытСәрсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика) алтын, АсқатЖіткеев (дзюдо), ТаймуразТигиев (еркін күрес) күміс, НұрбақытТеңізбаев (грек-рим күресі), ӘсетМәмбетов (грек-рим күресі), МаридМуталимов (еркін күрес), ЕркебұланШыналиев (бокс), АрманШылманов (таэквондо) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 204 мемлекеттің арасынан 29-шы орынға тұрақтады.
АсқатЖіткеев
БақытСәрсекбаев
Илья Ильин
НұрбақытТеңізбаев
ӘсетМәмбетов
ТаймуразТигиев
МаридМуталимов
АрманШылманов
ЕркебұланШыналиев
2012 жылы Лондонда өткен XXXжазғыОлимпиадаойындары Қазақстан үшін алдыңғы ойындарға қарағанда ең сәтті болды. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға тұрақтады. Мұнда СерікСәпиев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика), Александр Винокуров (велоспорт), ЗүлфияЧиншанло (ауыр атлетика), МайяМанеза (ауыр атлетика), СветланаПодобедова (ауыр атлетика), ОльгаРыпакова (жеңіл атлетика) алтын, ӘділбекНиязымбетов (бокс) күміс, АқжүрекТаңатаров (еркін күрес), ГузельМанюрова (еркін күрес), ДаниялГаджиев (грек-рим күресі), МаринаВольнова (бокс), ИванДычко (бокс) қола жүлдені иемденді.
СерікСәпиев
ЗүлфияЧиншанло
МайяМанеза
ОльгаРыпакова
ӘділбекНиязымбетов
ӘділбекНиязымбетов
СветланаПодобедова
ДаниялГаджиев
ИванДычко
ГузельМанюрова
2016 жылы еліміздің патриоттары ретінде спортшыларымыз да ел намысын қорғауға өз үлесін қосуда. Міне, күллі әлем көз тіккен Рио-де-Жанейро қаласындағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындары мәреге жетіп қалды деуге болады. Бұл олимпиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды деуге толық негіз бар. Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Фархад Харки мен Карина Горичева қола жүлдегер атанып, Ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта Жазира Жаппарқұл қазақ қыздары арасында тұңғыш рет олимпиада ойындарының жүлдегері атанды, оның еншісінде - күміс медаль, Нижат Рахимов нағыз ерге тән қасиетті көрсете білді. Алматылық 21 жасар спортшы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион болды. Олимпиада ойындарының тоғызыншы күні қазақстандықтар үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпаковадан жүлде күтті. Шығыс Қазақстандық саңлақ бұл үмітті ақтады.
Қазақстандық боксшы Василий Левиттің күмісі алтыннан артық. Ауыр атлетикадан Қазақстанның соңғы үміті Александр Зайчиковтың 105 кг салмақта қоссайыс қорытындысында үшінші орынға көтерілді. 18 тамыз, бейсенбіге қараған түні бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов финалдық жекпе-жегін сәтті өткізді. Сауатты бокстасудың үлгісін көрсетіп, маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов 81 кг салмақта екі мәрте күміс жүлдегер атанды. Әйелдер күресінен 69 кг салмақта Эльмира Сыздықованың қола жүлдені иеленуі ерекше оқиға болды. Ол қазақ қыздары арасында күрестен тұңғыш рет олимпиада жүлдегері атанды. Эльмираның жеңісті жолын келесі күні Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі палуан Гюзель Манюровамен Орал қаласында туып-өскен Екатерина Ларионова жалғастырды. Қыздар боксынан 75 келіге дейінгі салмақта Дариға Шәкімова жеңіске жетті. Бокстан аса ауыр салмақта ел намысын Иван Дычко қорғап, финалда қола медальға ие болды.