Ма?саты:
“?ыз ?ылы?ымен к?рікті”,
“?ыз елді? к?ркі” атты ма?ал м?телдерді?
ма?ынасын ашу ар?ылы ?азіргі кездегі проблемаларды шешу;
Биязылы?, к?ріктілік с?здеріні? астарында?ы жат?ан
сан т?рлі т?рбиелер жайында айту; дана хал?ымызды?, ел арасынан
шы??ан ата?ы жер жа?ан?а ?йгілі ?ыздарымызды ?лгі т?ту;
Елі мен жерін с?йетін ?рпа? т?рбиелеу.
?дісі: ??гіме, с?ра?-жауап, пікір-таласту?ыза отырып,
?р ?ызды? бойында?ы асыл ?асиеттерін жандандыру.
К?рнекілігі: слайд, ?лестірме ?а?аздар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?ыз-?мірді? ?рнегі" т?рбие са?аты »
Қыз – өмірдің өрнегі
Сынып сағаты
11”а” сынып жетекшісі Молдыбаева Шинар Жетеновна
Мақсаты:
“ Қыз қылығымен көрікті”,
“ Қыз елдің көркі” атты мақал мәтелдердің
мағынасын ашу арқылы қазіргі кездегі проблемаларды шешу;
Биязылық, көріктілік сөздерінің астарындағы жатқан
сан түрлі тәрбиелер жайында айту; дана халқымыздың, ел арасынан
шыққан атағы жер жаһанға әйгілі қыздарымызды үлгі тұту;
Елі мен жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.
Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, пікір-таластуғыза отырып,
әр қыздың бойындағы асыл қасиеттерін жандандыру.
Көрнекілігі: слайд, үлестірме қағаздар.
“Отан отбасыдан басталады” десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі - соныңда келіп, әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетіне байланысты болмақ.
“Қызым үйде қылығы түзде” демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім-киісі тәрбиенің негізі болып табылады. Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге оғаш тиетін, киімдер киюі жиілеп бара жатыр.
Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге қандай ұрпақ әкеліп, қандай тәрбие бермекші? Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып-сылануы ерсі. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.
“Келіні жақсы үйдің керегесі алтын” демекші, көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретіні анық.
“Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.”
“Жақсы қыз – ата-ананың мақтанышы”
Ұят, әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды.
Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда Қызды әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбие түзелмей, ел көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу – ата-ананың негізгі міндеті.
Ұлы ғұлама Б. Момышұлының
келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл - өмір заңы» - деген.
Негізінен ұлдың тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті, тәрбиелі, тындырымды, іс-әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған.
Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбие түзелмей, ел көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу – ата-ананың негізгі міндеті.
Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»-сындағы әпкесінің ұзату кезін бір қайталап оқыңызшы. Қазақтың молшылықты көрсете білгенін, әсемдікпен сәндеп үйренгені білініп тұрады. Ал «Қыз Жібек»-тегі керуенді суреттеген кез ше? Әр күйменің сәні мен салтанаты кейінгісінен жүз есе артық болып отырғанына Төлеген ғана емес, біз де тамсана таң қаламыз. Ал Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран»-ындағы «Ол хан-сұлтандардың ғана емес, қолы жеткен дәулетті адамдардың қыздары да тәнін ақ биенің сүтімен шылайтынын, әртүрлі шөптің шырынымен бетіне әр беріп, дене мүшесін нәрлендіріп, көріктендіретінін білетін.» дегенінен қазақ қыздарының ықылым заманнан бері тазалыққа, сұлулыққа құмар екендігін аңғарамыз.
Бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Бопайдың, күні кеше Әлия мен Мәншүктің ерлігіне ұласты. Кеңес Үкіметі күйрердегі желтоқсанда ерліктің туын жықпаған қыздарымыз қаншама
Бір хадисте адамзаттың қай ұлтында, қай дәуірде болмасын, қандай қоғамдық заңдармен әйелдерге түрлі құқық бергенмен, ол Алла берген жаратылыс болмысына сай болмаса, оны бұзады, тағдырын қор етеді делінген екен. Қазақ қызы әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтқан, оның ішінде тіпті билік еткен әйелдерде болған. Алайда олар ешқашан да өзінің әйелдік болмысын жоғалтпаған. Қазіргі кезге сәйкестендірсек, қыз баланың құқығы ұл баладан еш кем емес, алайда рухани жағынан ол әрқашанда да өз нәзік болмысынан айнымауы қажет.
Қазақ халқының мақсаты - әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп, келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты.
Қазіргі қазақ қыздарының қазақ қыздарына тән биязылық мінез қалды ма?
Бұрынғы заман қыздарымен қазіргі заман қыздарының айырмашылығы қандай? Оның оң және теріс жақтары қандай?
Қыздың көркі қарапайымдылық пен сыпайылық деген дәйек сөзбен келісесіз бе?
Қыздардың өз ортасындағы сыныптастарымен және мектеп оқушыларымен өзін-өзі ұстауы қандай және қалай болуы керек?
Қыздардың қадыр-қасиетін қалай көтерсе болады?
Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге баса көңіл бөлінуі керек:
Ата-аналармен тығыз байланыста болу, себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, оларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді.
«Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, сырлас дос бола білу.
Отбасында мәдениетті қарым-қатынас.
Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып, тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару.
Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп - шындықты үйрету мектебі болуы керек.
Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.