www.ZHARAR.com
Аптаның 1-күні Дүйсенбі Күн шуағы
Аптаның 2-күні Сейсенбі Топпен жұмыс
Аптаның 3-күні Сәрсенбі Жағдаятты шешу
Аптаның 4-күні Бейсенбі Мақал-мәтелдер сайысы
Аптаның 5- күні Жұма “Сиқырлы сандықша” ойыны
Аптаның 6-күні Сенбі Құпия хаттарға жауап
Аптаның 7-күні Жексенбі Қорыту Көрініс «Әдептілік»
Аптаның 1-ші күні Дүйсенбі
Амандасу. Шаттық шеңбері иіліп сәлем ету
Сәлем достар!
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар?
Аптаның 2-күні Сейсенбі Топпен жұмыс
І-топ Мектеп,кітапхана,асхана Сурет бойынша әңгімелеу
ІІ – топ Көшеде сахналау «Автобустағы оқиға»
ІІІ – топ Телефонмен сөйлесу. Диалог құру
Әдептілік ережелері
1-оқушы Бекарыс
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы
үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
2-оқушы Нұрмұхамед
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету.
Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
3-оқушы Батырхан
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
4-оқушы Эдуард
• Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Аптаның 3-күні Сәрсенбі Жағдаятты шешу
І – топ Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті....
ІІ – топ Болат асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...
ІІІ – топ Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді, бірақ ....
Аптаның 4-күні Бейсенбі Мақал – мәтелдер сайысы
“ Кім көп біледі?”
(Әдептілік туралы мақал – мәтел айту)
Аптаның 5-күні Жұма “Сиқырлы сандықша”
жалғастыр ойыны
Не істеуге болмайды, не істеу керек?
-Үлкендердің алдынан...
-Кішкене баланы...
-Құстарды...
-Қыз баланы..
-Сабақтан...
-Сыныпта...
- Үлкен кісіні.....
- Үлкеннің тілін..
- Үлкендерге...
- Кішілерді...
- Оқу құралдарын...
Аптаның 6- күні Сенбі«Құпия хаттарға» жауап беру
Хаттардың мазмұны:
І - топ
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.
Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды.
Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
ІІ - топ
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ.
Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып,
бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды.
Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
ІІІ - топ
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.
Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай,
жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен
көшіріп алады.Мен бермесем,
«Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Аптаның 7- күні Жексенбі Қорыту
Көрініс “ Әдептілік”
Үш топтан бірігіп әдептілік туралы көрініс көрсету
Автор : Қуанышова Асылай
Оқымысты: Қабдолов Самат
Бай: Аманжолұлы Алихан
Жарлы: Тасқайров Алмат