kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жол ережесін жады?да ?ста!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: а) білімділік: Жолда ж?ру ережелерін пысы?тау;

?) т?рбиелік: есту ?абілеті нашар о?ушыларды ?орша?ан орта?а бейімдеу;

б) дамытушылы?: о?ушыларды?  с?йлеу тілін           дамыту,  есту ?абілеттерін арттыру, с?здік ?орларын байыту; шы?армашылы? ?абілеттерін шы?дау,

в) коррекциялы?:  дыбыстарды аны? айту?а ?йрету, байланыстырып с?йлеу да?дыларын дамыту.

К?рнекіліктер:       Балаларды? сал?ан суреттері, к?шеде, жол бойында т?сірілген фотосуреттер, машина, а? жола? жол, бейнетаспа, ?нтаспа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жол ережесін жады?да ?ста!» »

«Жол ережесін жадыңда ұста!»

Мажикова  Кенжегүл  Қыстаубайқызы

Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған

балалар мектеп-интернаты

Мақсаты: а) білімділік: Жолда жүру ережелерін пысықтау;

ә) тәрбиелік: есту қабілеті нашар оқушыларды қоршаған ортаға бейімдеу;

б) дамытушылық: оқушылардың  сөйлеу тілін           дамыту,  есту қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту; шығармашылық қабілеттерін шыңдау,

в) коррекциялық:  дыбыстарды анық айтуға үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

 

Көрнекіліктер:       Балалардың салған суреттері, көшеде, жол бойында түсірілген фотосуреттер, машина, ақ жолақ жол, бейнетаспа, үнтаспа.

 

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу.

 

ІІ. Тіл жаттығуы. Жұмбақты шешейік. (оқушыларға оқыту)

Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,

Бақырайған үш көз бар бірақ та.

-               Жұмбақтың шешуі не?

-               Жұмбақтың шешуі – бағдаршам.

-               Бағдаршамды қайдан көрдіңдер?

-               Бағдаршамды көшеден, жол бойынан көрдік.

-               Бағдаршамның қай түсі жанғанда өту керек?

-   Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өту керек.

-               Суретке қараймыз. Сендер қай жолдан қалай өтіп келесіңдер?

-               Біз жолдан жаяу адамдарға арналған жолмен өтіп келеміз.

 

  1. III. Бейнетаспамен жұмыс.

-               Нені көріп тұрсың?

-               Көшедегі бағдаршамды, адамдарды.

-               Жаяу адамдар неге тұр?

-               Себебі, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр.

-               Қазір бағдаршамның қандай түсі жанды?

-               Қазір бағдаршамның жасыл түсі жанды.

-               Енді жаяу адамдар не істейді?

-               Енді жаяу адамдар жолдан өтеді.

 

  1. IV. Сендер жол ережелерін үйренген сияқтысыңдар. Қазір  жол ережесіне байланысты көріністерді тамашалаймыз.

1) Музыка ойналып, көліктер жүре бастайды. Жолға Балым мен    Ерлан келеді.

Балым: Бағдаршамның жасыл түсі жанды, жүр, жолдан өтейік.

Ерлан: Дұрыс айтасың, Балым, жасыл түсте өтуге болады.

(Екеуі жолдан өтіп кетеді)

Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Машина жүреді.  Ақсәуле (анасы) Нұржанды (баласын) ертіп жолға келеді. Бала жолдан өтпек болады. Анасы тоқтатады.

-   Балам, қызыл түсте өтуге болмайды. Жасыл түс жанғанша күту керек. Есіңде болсын!

-   Енді есіме сақтаймын. Жасыл түс жанғанша күтемін.

Бағдаршамның жасыл түсі жанады.

Баласы: Енді өтуге бола ма?

Анасы: Әрине, жасыл түс жанса, өтуге болады.

 

VI. Жағдаятты шешу.

1) Ерлан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға қарай домалап кетеді. Машиналар сигналы естіледі. Ерлан добын тастай қашады. Ерланның әрекеті дұрыс па?

 

2) Бейнекөріністегі жағдаятты шешу. Бағдаршамсыз көшеден  2 бала өтпек болды. Бірі жолдан жан-жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өте шықты. Екіншісі  алдымен сол жағына, көшенің ортасына барған соң, оң жағына қарап өтті. Кімнің әрекеті дұрыс?

 

VIІ. Қорытынды.

Балалар, бізге бүгін МАИ қызметкері қонаққа келіпті. Қарсы алайық. (МАИ қызметкерінің киімін киген оқушы кіреді).

-               Сәлеметсіз бе?

-               Амансыңдар ма, балалар! Менің кім екенімді білетін боларсыңдар?

-               Әрине, білеміз. Сіз – Мемлекеттік автоинспекция қызметкерісіз.

-               Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл – Мемлекеттік автоинспекция қызметкері,  ол жол  ережелерінің орындалуын  қадағалайтын адам. Қоятын сұрақтарың бар ма?

-               Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтуге болады?

-               Бағдаршам жоқ көшеден өтерде, көліктер өтіп кеткенше күт. Алдымен, жолдың ортасына  дейін сол жағыңа,  сосын оң жағыңа қара! (оқушыларға көрсетеді, оқушылар қайталайды).

-               Ұзын көше бойымен қалай жүру керек?

-               Ұзын көшенің бойында көшенің сол жақ жиегімен  машинаға қарама-қарсы бағытта жүру керек. (көрсетеді)

-               Жауабыңызға рахмет!

-               Балалар, енді сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Жол ережесіне байланысты қандай ережелерді білесіңдер?

-               Жолдың жиегінде ойнауға болмайды!

-               Тек жаяу адамдарға арналған ақ жолақ арқылы өту керек!

-               Бағдаршамсыз жағдайда жолдың ортасына  дейін сол жағыңа,  сосын оң жағыңа қара!

-               Ұзын көшенің бойында көшенің сол жақ жиегімен  машинаға қарама-қарсы бағытта жүру керек

-  Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Қазір барлығымыз ән айтайық!                                        «Әрқашан жолың болсын!» ым-ишара әні.

Көңіліміз күндей күліп,

Жүректерде гүлдейді үміт.

Өмір сүру мүмкін емес

Жол тәртібін білмей тұрып.

Әрқашан жолың болсын!

Жаныңа  шаттық толсын!

Қасыңда болсын анаң,

Болайық біз де аман.

Балғын жаспыз, жас ұланбыз,

Гүл боп жаңа ашылғанбыз.

Жол тәртібін есте сақтап,

Болашаққа асығамыз!

 

VIІІ. Аяқтау.

Балалар, сендерге айтылған және өздерің көрген ережелерді  үнемі естен шығармаңдар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Жол ережесін жады?да ?ста!»

Автор: Аманжулова Акгул Жеткеншековна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181697


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства