kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а ?дістерді пайдалану т?жірбиемнен

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан Мемлекеттік ба?дарламасында: «?аза?стан?а білім беруді т?бегейлі жа??ырту ?ажет: о?у ?рдісіне педагогикалы? ж?не а?паратты? –коммуникациялы? технологияларды ке?інен пайдалану – жалпы білім беруді дамытуды? басты ба?ыттарыны? бірі» делінген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а ?дістерді пайдалану т?жірбиемнен »

Мадыева Сауле Советқызы

45 бейімделген орта мектебінің

мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы


Жаңа әдістерді пайдалану тәжірбиемнен

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстанға білім беруді түбегейлі жаңғырту қажет: оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық –коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі» делінген.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды стратегиясы ретінде мұғалімдер қауымына зор жауапкершіліктер жүктеп отыр. Осыған орай, ҚР-ның «Білім туралы» заңының 7-тарауының 51-бабында « педагог қызметкер ғылыми-зерттеу, тәжірбиелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге құқылы және педагог қызметкер білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға міндетті» екендігі баса айтылған.

Демек, мұғалімге қойылатын талап та жоғары, яғни, терең біліктілік, оқу-тәрбие ісін шебер ұйымдастыра білу, заман талабына сай ақпараттық сауаттылық, жаңалықты дер кезінде сезініп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгеру қажеттігі туындайды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп атап көрсеткендей, бәрі де мектеп мұғалімінің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Мұғалім қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері – оның кәсіби жетілуінің басты тетігі. Қазіргі білім саласы қызметкерлерінің білім мен біліктілік деңгейі педагогикалық технологияны қаншалықты игеру нәтижесімен анықталады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында атап көрсеткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті: бала тұлғасының рухани және дене қабілеті мүмкіндіктерін ашу, оны оқыту және тәрбиелеу, ақыл-ойын дамыту.

Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл орайда тіл сабақтарының алатын орны ерекше. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі елге тұтқа болар азамат өз елінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін бойына сіңіргенде ғана нағыз азамат тұлғасы қалыптасады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің көтерер жүгі де, жауапкершілігі де шексіз. Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы – тіл» десе, дана халқымыз: «Ана тілі бой өсіреді» - деген екен. Қазіргі таңда тіл сабақтарын оқытудың түрлі жолдары қарастырылып, оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.

Бүгінгі қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат-мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты меңгерту. Мен өз іс-тәжірбиемде, қазақ тілі сабақтарында профессор Н.Оразахынованың « Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай оқыту» әдістемесін басшылыққа алып, тиімділігіне көз жеткізіп келемін.

Тіл сабағы ең алдымен – талдау сабағы. Оқытудың төл технологиясы- сатылай комплексті талдау арқылы тіл білімі салаларының фонетика, лексика, сөзжасам, морфология , синтаксис тақырыптары бойынша оқушы білімі мен білігі одан ары қарай дамытылады. Бұл талдау арқылы оқушы тіл білімі салаларының барлығын толық қамтиды. Бұл талдауды жете меңгерген оқушы:

  • Сөйлемді талдау барысында тіл білімінің әр саласы бойынша(фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис) алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады, ғылыми тілде баяндауға машықтанады;

  • Тілдің әрбір саласы тұрғысында теориялық материалды терең меңгереді;

  • Әрбір тілдік формалардың атқаратын қызметін, беретін грамматикалық мағыналарын толық анықтай алады.

Бұл әдістің тиімділігі баланың ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық қабілеттерін дамытуға да ықпалы бар. Бұл технологияның маңызды бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы-жаман, орташа деп жікке бөлмей, тек материалды жылдам, орта, төменгі қабылдауына қарай өте жылдам талдайтын оқушы, орташа талдайтын оқушы деп бөлінеді.

Осыған байланысты бұл әдістің мынандай 10 деңгейлі талдау жүйесі бар:

  • Тілдік материалды толық жазылым бойынша сатылай комплексті талдау

  • Тілдік материалды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойыншы толық ауызша сатылай комплексті талдау

  • Тілдік материалды жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық сатылай комплексті талдау

  • Уақытқа талдау (өте жылдам 3 минутта, жылдам 5 минутта, орташа 7 минутта)

Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдаудың төмендегідей үлгісін сабағымда қолданып жүрмін.

Сөйлем: Сырлы өлеңдерінің қуатты күші Мағжанның шеберлігін көрсетеді және қысқы табиғат ерекше сезіммен жырланады.

I саты. Синтаксистік талдау.

  1. Бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем, себебі сөйлемдегі ой хабарлай жеткізіліп тұр.

  1. Құрылысына қарай-құрмалас сөйлем, себебі екі жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіріп тұр.

  1. Құрмаластың ішінде салалас, себебі...,жалғаулықты ыңғайлас себебі...

  1. Жай сөйлемнің түрін анықтау үшін сөйлем мүшелеріне талдаймыз.

5. Сөз тіркестері: Мағжанның шеберлігін, ерекше сезіммен, сезіммен жырланады

II саты. Морфологиялық талдау
(сөз құрамына және сөз таптарына талдау)

III саты. Сөзжасам

IV саты. Лексикалық талдау
сырлы (құпиялы),
қуатты (қайратты, қажырлы, күшті),
шеберлік (іскерлік, білгірлік),
сезім (ой, ұғым, сана, түйсік)

V саты. Фонологиялық және фонетикалық талдау

Әр талдауға бір-бір оқушы шығып талдайды. Бұл әдіс, әсіресе 11-сыныптарды ҰБТ-леуге дайындауда тиімді.

Сатылай кешенді талдаудың жүйесін басшылыққа ала отырып, оқушының ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады, алған теориялық білімдерін тиянақтап, талдау арқылы есіне түсіреді. Есте сақтау қабілетін дамытады. Пәнге деген қызығушылығы артады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Жа?а ?дістерді пайдалану т?жірбиемнен

Автор: Мадыева Сауле Совет?ызы

Дата: 22.01.2015

Номер свидетельства: 159829


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства