kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?штік ода? бала,ата-ана,м??алім.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Аккожина Асемгуль Бахытовна 1981 жылы 29 шілде де тудым. ?азіргі та?да бастауыш сыныпта м??алім болып ?ызмет етеім. Е?бек ?тілімім 11 жыл 1 санатты м??алім. ?азір екінші сынып?а саба? беремім.Сыныпта жиырма алты о?ушы бар.?ылыми жобада Сатпек Дильназ ?алалы? бірінші орын алды. Отбасымда т?рт адамбыз.Екі ?лым бар. ?лкен ?лым 11 жаста, ал кішікентай балам екі жаста.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?штік ода? бала,ата-ана,м??алім.»

«Оқушы-ұстаз-ата-ана» үштік одақ ынтымақтастығы

Қазіргі заман мектебі ата-аналарды да, балалрды да тәрбиелейтін, оларды өз тәрбие ықпалының объектісіне айналдыратын жетекшінің қызметінен бас тартуда. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі,мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.

Бала тәрбиесі- ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-анаың орны бөлек. Тындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдыдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. 
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. 
Ұлы ғалым, философ Әбу-насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледідеген екен.»
Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдыдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн.
 Адамның жеке тұлға ретінде өз бетінше зерттенуі - қайда жүрсе де өз орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты т.б. адами мүмкіншілікке қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, өмір сүріп жатқан ортада тұлға ретінде танылып, «АДАМ» деген атқа ие бола білу. 
  Отбасы адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі- ата-ана. Баламен психологиялық - педагогикалық жұмыстар жүргізу үшін біз ата-анамен жұмыс жүргізіуіміз керек. Ата-бабаларымыз айтқандай: «кемеңгерге де кеңес керек»,- дейді. Кейбір ата-аналар кеңес алудан қашады. Дұрыс ата-ана болса, өз баласы үшін, дұрыс тәрбие беру үшін бәріне баратын сияқты.
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы, жаман болса да бала-солардан. - деп, Баласағұн атамыздың сөзінен кейін қалай десек те, денсаулығы дұрыс ата-ана өз баласының алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі.  
  Сіздер болашақ ұрпақтың төл тумасын зерттейтін педагогсыздар, қарамағыңыздағы мұғалімдермен, оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы білесіз. Бірақ сырттан келген адаммен қарым-қатынасқа түсу, сізді әрине қиындыққа соқтырады. Өйткені, сіз ол адамды бірінші рет көріп отырсыз. Кім деп ойлайсыз, әрине, ата-ана. Ата-ана сізбен, яғни психологпен сөйлесу үшін, ол бірінші, баласымен сөйлеседі, екінші, сынып жетекшімен сөйлеседі, содан барып, сізбен сөйлеседі бұл бірінші нұсқа. Екінші нұсқа телефон соғып, директорды шағымданып, өз ренішін қыр, телефон арқылы білдіреді. 
Сіздерге ата-ана екі жағдаймен келеді:
 1) Кеңес алу;
2) Негативті көңіл-күй жағдайында;
Құрметті, әріптестер осындай жағдайда да сыпайлылық, мейірімділік қасиеттерін ұяластырып, сабырмен, ақылмен шешуге үйренейік. Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыда моральдық көмек беріп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу бұл біздің міндетіміз, өтеулі парызымыз.

Бала – ата — ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Ата — аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін , халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін , мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талп етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық,экологиялық,этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлғаның ерекшелігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс- әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады. 
Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс –тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып , белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек. «Аамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата- аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата- аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала –біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. «Баланы бастан »дейді халық. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата- ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазіргі жас балғын бала-ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеииердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді.Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектептыйым салып, дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік, кішілік, әдептілік,ізгілік қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса , қалған 16 сағаты үйінде, болмаса ата-ананың тәрбиесінде деген сөз. Сол16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме, сабағына қарап, оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген : «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі,мінезі,тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, сауықшыл ел- жұрттың баласы да сондай болмақ».
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, «Аулалық клубтар »т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез- келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді үйренуге мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда еліміздегі тұрақты дамудың стратегиялық бағыттарының қарқындылығы, қоғамның жедел саясаттануы мен ашықтығы, ақпараттанудың пәрменділігі білім берудің философиялық негіздеріне , білім алдында білім берудің философиялық негіздеріне , білім жүйесінің мақсаты мен мазмұнына, оны жүзеге асырудың әдіс –тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптастыруда.
Білім беру мекемелері мен педагогтар алдына жалпы адамзаттың құндылықтары мен ұлттық рухани мұраларды игерген , білімділігі мен қабілет- қарымы арқылы әлемдік кеңістіктен өзіне тиесілі орын алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік , тәрбиелік деңгейімен анықталады» деген сөзі білім берудің ұлттық моделіне көшкен білім беру мекемелерінің,әрбір педагогтың мақсат- мұратына, жол басшысына айналары сөзсіз.

Оқушылардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда ата- аналармен ынтымақтастықта өткізілетін жұмыс түрлерінен «Аналар мектебі» мен «Аталар мектебінің», ата- аналардың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына байланысты өткізілетін «Мамандығым - мақтанышым» кештері, жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш қылатын «Мен және менің жанұям» көрмесін, Республика күніне арналған, ата- аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрмеңкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы, спорт жарысы «Жұлдызды сәт» мерекелерін атап айтуға болады.

Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір –қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата- аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?штік ода? бала,ата-ана,м??алім.

Автор: Аккожина Асемгуль Бахытовна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315378


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства