kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіз елім ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я Курбанова Надира Батиралиевна родилась в 21 июня 1987 года Республике Казахстан, Южно казахстанском области, Сайрамского района, в селе Манкент. Окончила школу имени Ибрагим ата в 2003 году и в этот же год поступила в Южно Казахстанский государственный университет имени Муътара Ауезова. В данный момент работаю в ОСШ Айнабулак
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіз елім ?аза?стан»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

   Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

   Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.                Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық                    тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі            туралы заң қабылданды.

  Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті

                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!

                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы:   Мерекең құтты болсын егемен ел,

                         Терезең барлық елмен тең ерен ел.

                         Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

                         Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы:    Бостандық құтты болсынерікті ел,

                  Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

                  Бостандықты аңсаған батырлардың

                  Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ән «Отаным - Қазақстан»  

Оқушы:   Егемен елімнің ертеңі деп,

                         Елбасы баға берді жастарыма

                         Оқу оқы, білім ал, елің үшін

                         Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Оқушы:       Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті

                      Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

                         Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

                         Ұқсайды менің асқақ арманыма.

 Оқушы:      Ел болдық егеменді, теңдік алып,

                         Бар әлем қазақ елін болды танып

                         Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

                         Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

Оқушы:        Ел болдық ерік алдық астаналы

                           Енді кімнен қазағым жасқанады?                                                                            

                           Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

                           Нұрсұлтанның атымен басталады.

Оқушы:        Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

                           Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

                           Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

                           Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор      «Елім менің»       Сөзі: Н. Назарбаев           Әні: Б.Тілеуханов

«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.

Оқушы:         Көз қуанып күн сайын көркеміне,

                            Көңіліміз сенеді ертеңіне                                              «Астана» суреті

                            Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

                            Таңым ғана лайық ел төріне.

 Оқушы:         Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       

                            Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз

                            Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,

                            Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?

 Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

Оқушы:          Отаным – Қазақстан туған жерім,

                            Мұнай мен газ болады асыл кенім

                            Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

                            Артамыз елбасына үлкен сенім.

Оқушы:             Ұлттық өрнек мұрамыз

                            Адастырмас мұраттай

                            Нық көтеріп тұрамыз

                            Жалауды біз құлатпай.

Оқушы:     Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи-       касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

 Оқушы:        Бұлт баспасын күнімді                        «Ту» суреті

                             Тарылмасын өрісім.

                             Биік ұстау Туымды-

                             Қасиетті борышым.

Оқушы:     Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын-                         да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі-                     не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ.           Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның                  сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран                    және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың           белгісі.

Оқушы:         Желбірейді шалықтап

                            Қазақстан жалауы

                            Көкке қыран қалықтап,

                            Қанат қағып барады.

Оқушы:             Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

                                Тәуелсізбін, егеменмін азатпын

                                Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

                                Алатаудай көкке өрлеген азатпен

 Оқушы:             Бабам тұлпар жаратты                                              «Елтаңба» суреті

                                 Құлынын да танып ақ

                                 Тұлпар барда қанатты

                                 Шайқалмасын шаңырақ.

Оқушы:         Тәуелсіздік көркі ол да,

                        Өрке ниет өрінде

                        Нұр төгеді Елтаңба

                        Ақ Орданың төрінде.

Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Ота-          нымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұл-                пардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мін-                   ген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық-                 ты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал                    екенін көрсетеді.

Оқущы:         Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

                           Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға        

                           Қалай оның елтаңбасы болмайды

                           Түлегіне дейін салса ен – таңба?!

Оқушы:     Енді бүгін өлген Туым тірілді

                    Әнұраным жалғап алды ғұмырды

                    Босағада қалып келген Елтаңбам

                    Баяғыша төріме кеп ілінді.      

Оқушы:     Батырлыққа уызынан жарыған

                           Ер түркіні байрағынан таныған

                           Өзі ақын, өзі әнші халықта

                           Кім айта алар

                           Болмаған,- деп - Әнұран?!

Оқушы:     Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салта-              натты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі              өмірі мен келешек арманы айтылған.

Хор  «Әнұран»  Бәріміз әнұранды айтып берейік.

Оқушы:          Бақтың құсы әр адамға қонып бір

                             О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

                             Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

                             Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Оқушы:          Көк аспанда нұлы күн

                             Күлімдейді далама

                             Бақыт тілеп тұр бүгін

                             Ол барлық пәк балаға.

«Сөзжұмбақ»  шешу.

Оқушы:           Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

                             Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

                             Самғап жүрсек бостандықта, биікте

                             Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Хор  «Қазақстан»

                                                                                       






































Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан! Тәрбие сағаты

Добавить комментарий

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы,
№9 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Раушан Сұлтанова Кәдірбекқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы:    «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!»
Мақсаты:    білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер, кітап көрмесі.

Жүру   барысы:

1-жүргізуші: Азамат

Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші: Айзада

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Бүгін Отанымыз Қазақстанның

1-жүргізуші: Азамат

Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: Айзада

1986 жылы 17 — желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Азамат

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

 

Жеңісбек:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшіп көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Дана:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?

Сәбит:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Медет:

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

Динара:

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

Берікқали:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

 

2-жүргізуші:        Хор:  «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші: Азамат

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші: Айзада

Бірақ қазақтың өр өлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы  — 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.

1-жүргізуші: Азамат

Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш  еткен Желтоқсан оқиғасы.

 

Жәнібек

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Сағыныш:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

Лаура:

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

Зоя:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

 

Ақмарал:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

2-жүргізуші: Айзада

Ән:     «Алға, қазақ жігіттері»

Орындаушылар: Сағызбай Серік, Кеңес Сайфолла, Шамғон Сәбит

1-жүргізуші: Азамат

Күндік кешпей, мұз кешпей,

Ат артында міңгеспей,

Мұңдық болып мұңаймай.

Тәкапәр нағыз құдайдай

Қасқайып қарап тұратын

Ағасы өлсе іні боп,

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан

Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.

Жұлдыз:

(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

2-жүргізуші: Айзада

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған

Намыстан өлген ұлтиымның

Қыздары көп, қарағым

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.

Жазира:

(Лаззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

1-жүргізуші: Азамат

Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.

            Сағындық:

(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол — Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.

2-жүргізуші: Айзада

Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

            Гүлназ:

(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

1-жүргізуші:          Көрініс:      «Қайраттың тұтқындалуы».

2-жүргізуші: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.

Миллиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

Савицкийді өлтірген сен бе ?

Қайрат:  - Жоқ, мен емес!

Миллиционер: - Сен өлтірген мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бәрібір

құтылмайсың бұзақы

                          (Қайратты   алып    кетеді)

1-жүргізуші:  Би: «Жұмыр қылыш». Орындайтын: Тілеш Зоя, Байғали Дана

2-жүргізуші: Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді.

                        (жай музыка жүріп тұрады.)

Жарасқан:    «Түрме жыры»

Тор темір жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,

Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім

Қу тағдыр татырды ғой  түрме дәмін,

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік,

Күніне ұстатады үш тілім нан

Өлмейтін саған ішер осы нәсіп

1-жүргізуші:

Көрініс:     «Қайратты тергеу сәті».

2-жүргізуші: Тұрыңдар! Сот келеді.

Тергеуші:      Сот процесін бастаймыз!

1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат

Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында

                 таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!

Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың

Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?

2-куәгер: Рас — рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің

қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші:      Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат:  Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп

табамын.

Қайрат:   Хақ. о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына

кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім

бар.

(Қайғырған музыка журіп түрады)

Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден бұл құдвайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым,

Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған,

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман — саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім

Өздеріңе тіл қата алмай достарым,

Қайғы мұңлы өмірімді бастады.

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Тергеуші: Сот процесі аяқталды.

1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

1-жүргізуші: Қазақ биі «Адай» Орындайтындар: Тілеш Зоя, Байғали Дана

2-жүргізуші: Хор:  «Атамекен»

1-жүргізуші:  Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Ар намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!» — атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!

 













Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.

1-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор: Мемлекеттік Әнұран

2-жүргізуші:
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

1-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
3- оқушы:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
4 – оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
5- оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?уелсіз елім ?аза?стан

Автор: Курбанова Надира Батиралиевна

Дата: 04.01.2016

Номер свидетельства: 272054


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства