kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарбие са?аты: «?ауіпсіз Интернет» еліне саяхат», «Пайдалы ж?не ?ауіпсіз интернет»

Нажмите, чтобы узнать подробности

10 «?» сынып жетекшісі

Орында?ан: Партаева Арайлым Жарылкасыновна

«?ауіпсіз Интернет» еліне саяхат», «Пайдалы ж?не ?ауіпсіз интернет» 

?ауіпті? алдын алып, балаларды? интернеттегі ж?мысын пайдалы ету ?шін ата-аналар?а а?ыл-ке?ес

1. Ереже. Балалары?ызды? «?лемдік торда?ы» іс-?рекетін м??ият ?ада?алап отыры?ыз: бала?ызды  Интернетте «Емін-еркін» жіберме?із. Баланы? Интернеттегі ?арым-?атынасына, ?сіресе ме?геру кезе?іне белсенді ?атысу?а тырысы?ыз. Бала?ызбен Интернетті? ар?асында ?андай жа?алы? білгені туралы с?йлесіп отыры?ыз ж?не Интернетті? ?ауіптілігі ж?нінде ??гімелеуді ?мытпа?ыз.

Интернет: ?ауіпсіздік ?ліпбиі

Та?ы бір негізгі с?ра? а?паратты? ж?не киберке?істікте за?ды т?рде балаларды? ???ы?тарын ?амтамасыз ету ж?нінде болып табылады.

Т?л?аны? дамуы мен оны? а?паратты? ?ауіпсіздігі т?р?ысында к?пшілік ?ауым орасан зор негативті, на?ты емес ж?не агрессивті а?парат алады. Бір жа?ынан к?птеген балалар т?л?аны? дамуына, о?уына, ?зіндік білім алуына, шы?армашылы? ?суіне ?ажетті а?парат жеткіліксіз бол?анда «а?паратты? тапшылы??а» тап болады.

А?парат тапшылы?ы (е? жа?сы, ?ажетті, на?ты) мен оны? молшылы?ы бір мезгілде (негативті, деструктивті ж?не т.б) келетіні м?лім.

Интернетті? дамуы б?л проблемаларды ?делеті ?рі к?шейтеді. Со??ы онжылды?та ?лем бірлестігі т?л?а мен а?парат?а байланысты, сонымен ?атар Интернетті? т?л?а?а да ?атысты, бірлестікке де ?атысты іс-?рекетін реттеуге байланысты ы??айлы амалдар мен за?дар жасауда.  Берілген та?ырып балаларды Интернетпен ж?не компьютермен ?олдануды? ережелерімен таныстыру ?шін та?далды. ?йткені бірнеше елдерде балаларды негативті а?параттан (одан бас?а ата-аналар?а б?л с?ра? бойынша к?мек ретінде) ?ор?ау ж?нінде за? шы?арушылармен б?л с?ра? тал?ылан?ан ж?не та?ы бас?а жа?а за?дар шы?арылуда.

5-8 сыныптарды? сынып са?аттарыны? ма?саты: Интернет пайдалануды? негізгі ережелерімен таныстыру. Интернет желісі туралы т?сініктерін ке?ейту. Коммуникативті сауттылы?ты? негіздерін, ?здеріні? мінез-??лы?тарына жауапкершілікпен ?арау сезімдерін ?алыптастыру. О?ушыларды? Интернет желісіндегі ?ауіпсіз интернет туралы ?а?идалары деген т?сініктерін ?алыптастыру. Интернет ресурстарына ж?гінгенде о?ушыларды? а?паратты? ?ауіпсіздігін ?амтамасыз ету. А?паратты? ресурстар?а аса зор ниетпен ?арау?а т?рбиелеу.

9-10 сыныптарда?ы сынып са?аттарыны? ма?саты: интернет желісіндегі ???ы? б?зушылы?ты? алдын алу, жа?анды? желіде ?ауіпсіздік ж?не ???ы?ты? ?ор?ауды жо?арылату.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарбие са?аты: «?ауіпсіз Интернет» еліне саяхат», «Пайдалы ж?не ?ауіпсіз интернет»»

«Әлихан Бөкейханов қазақ халқының жарық жұлдызы»



Әлихан Бөкейханов



Ғалымның айтуынша, Алаштың негізгі идеясы бес тұжырымға негізделген.

Жүргізуші:

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1866 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген, 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Мәскеуде атып өлтірілді. Омбының техникалық училищесінде, Санкт-Петербургтегі Орман-техникалық институттың экономика факультетінде оқыды, оны тәмамдаған соң Омбының орман шаруашылығы училищесінде педагогикалық және ғылыми жұмыстар атқарды

Алаш партиясы тарих сахнасына 1917 жылы шілде-тамыз айларының өлара уақытында келіп қосылды. Алғаш рет жалпы қазақ құрылтайын өткізді. Діни басқарма мемлекеттік құрылымнан тыс мекеме деп танылды. Өзінің идеясын бекітіп, жеке ел болуға қадам басты.

Жерсіз Отан жоқ

Оны өзі жинақтап шығыпты: 

Оқушы:

Ең бірінші – Алаш ұлттық демокра­тиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен "жер, жер және жер" болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Осы жерге біреу қадам басса, ең бірінші сол ұлттың өкілі басуы тиіс. Ал өзінен асып жатса – ғылым мен техниканы игерген соң қазақ өз еркімен береді.

Алаш жерінің ас­тындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық бай­лық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс.

Оқушы:

Екінші ұстанымы – Алаш жерінің ас­тындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық бай­лық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. "Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, "қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс", – дейді Жұртбаев мырза.

Мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс.

Оқушы:

Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған.

Алаш қайраткерлерінің бұл ұстаны­мының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға ай­налып шыға келуі дәлел болса керек.

"Алаш арыстарының төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық ұстаным болатын. Ал бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстаны­мының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға ай­налып шыға келуі дәлел болса керек. Дәс­түрге беріктік деп отырғаны – осы", – дейді Тұрсын ағамыз. Шараға сонымен қатар танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тарихшылар қатысты.

1903 жылы Петербургте жалпы атауы «Ресей. Өлкеміздің жалпы географиялық сипаттамасы» болған еңбектің 18-томы шығады. Қазақстанға арналған осы томның авторларының бірі Бөкейханов болды. Ол «Қырғыз (яғни қазақ) халқының аумақта тарауы, оның этнографиялық құрамы, тұрмысы және мәдениеті» тарауын жазған болатын. Бұл тарауда ол «халық әдебиетінің» материалдарын мысалға ала отырып, әсіресе, «ҚозыКөрпеш және Баян сұлу» поэмасын талдап,қазақ халқының мәдениетіне жалпы сипаттама береді. Ол Абайды қазақ поэзиясының «жаңа ағымының өкілі» ретінде жоғары бағалайды. Бөкейханов бұдан кейін де орыс оқырманын Абаймен таныстыруға тырысты және де бұл кездейсоқтық емес, себебі ХХ ғ. басындағы қазақ елінің өзін-өзі билеуі үшін күрескен қазақ зиялыларыөз ой-пікірлерінің Абайдың идеясына жақындығын айрықша баса айтып, ұлттық сана-сезімді оятып, арттыру үшін өткен уақыттың мәдени мұрасын кеңінен меңгеруге ынталанды.

1904 жылы Бөкейханов Ф.А. Щербинаның орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуына қатысты материалдар дайындаған экспедициясының құрамында жұмыс істеді. 1905 жылдан бастап конституциялық-демократиялық партияның құрамында болды, кадеттер партиясының қазақ бөлімшесін ұйымдастыру мақсатында Орал мен Семейде жиналыстар өткізді. 1905 жылы патша өкіметінің қысымына қарсы Қарқаралы наразылық білдіру қозғалысына қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастыруға ат салысқан. 1905 жылы Бірінші Мемлекеттік Ресей думасына Семей округы бойынша депутат болып тағайындалды, патша Думасының таратылуын сөккен Выборг үндеуі деп аталған құжатты құруға қатысты. Патшаның отаршылдық саясатына қарсы белсенді әрекеттері үшін Семей және Павлодар түрмелерінде отырған. 1905-1907 жылдары «Иртыш», «Омич», «Голос» кадет газеттерінде редактор қызметін атқарды.1910-1914 жылдары «Жаңа энциклопедиялық сөздікте» («Новый энциклопедический словарь») бірқатар ғылыми мақалалары жарық көріп, «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс формалары» («Формы национального движения в современных государствах») жинағында «Қазақтар» мақаласын жазады. Қазақтардың ұлттық сана-сезімін оятып, олардың арасында оқыту-ағарту ісін ұйымдастыруда «Қазақ» газетінің дүниеге келуі айрықша рөл атқарды. Бұл іске Ә.Бөкейхановпен қатар А.Байтұрсынов және М.Дулатов ат салысты.

Бұл демократияшыл, отаншыл және прогресшіл қазақ зиялы қауымының туғанын білдірген тамаша үштік болатын. «Қыр баласы» лақап атымен «Қазақ» газетінде Бөкейхановтың «Дума партиялары», «Дума және қазақтар», «Август Бебель» атты мақалалары жарық көрген. 1916 жылы ол бүкілресейлік земстволықсъезінің артта қалған елдер бөлімшесін басқарды. Орталық билікпен қатар қызмет ететін және оны елеулі түрде толықтыратын жергілікті өзін-өзі басқару ретінде земство идеясы Бөкейхановтың саяси бағдарламасының маңызды бөлігі болды. Оның аты «Поляр жұлдызы» Санкт-Петербургтік масондық ложасының есім тізімінде тұр деген мәліметтер бар. Самаралық масондар тобының негізі құрылған уақыт Бөкейханов пен Керенскийдің кездесу уақытымен сәйкес келеді. Сондай-ақ 1917 жылы Ә.Н. Бөкейхановтың Қазақстан бойынша Уақытша өкіметтің комиссары ретінде тағайындалуы сол уақытта билік еткен масондық бауырластықтың еркімен болған деген де пікір бар. 1910 жылы негізі құрылған «Түрен» («Малая медведица») ложасының екінші атауы «Керенский ұйымы» болды. 1905 жылдан кейін Ресейде пайда болған масондық қозғалыс француздық масондықпен тығыз қарым-қатынаста болды. Әдетте, Керенскийдің тұсында жергілікті әкімшілдік масондық байланыстар арқылы тағайындалып, ең алдымен «бауырлар» ұсынылатын болған. Масондық ұйым өзі билік жүргізген буржуазиялық партиялар секілді патшаның шексіз билеушілігін құлатып, саяси билікті қолына алуды мақсат еткен. Ә.Н. Бөкейхан дәл осы масондық арқылы өз мақсаттарына: Ресеймен бірге және оның қолдауымен өз парламенті бар, өзін-өзі басқаратын, яғни қаржыны өзі басқару құқығы және өзінің заңнамасы бар, сондай-ақ дербес мемлекеттің басқа бірқатар артықшылықтары бар Қазақстан автономиясына қол жеткізбекші болады.

Белгілі бір уақыт өткен соң ақпан төңкерісінен кейін Бөкейханов кадеттерден бөлініп кетеді, себебі кадеттер оған ең басты мәселесі болған қазақ еліне автономия беру, сондай-ақ басқа да көкейкесті (жерді пайдалану және мемлекет пен шіркеудің арақатынасы секілді) мәселелерге қатысты қолдау көрсетпейтін болды. Ол мұның себептерін өзінің «Кадеттер партиясынаншығуымның себептері» деген мақаласында баян етіп, бөлектенуінің мәні ретінде партиядағы серіктестерінің «империяның қазіргі шекарасын сақтауға» талпынысын көрсетеді. Әйтсе де, масондық «Бауырлар» қолдау көрсетуін тоқтатқан жоқ.

Ұстанатын бағытынанықтап алған соң, Ә.Н. Бөкейхан «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрады, оның идеялық алғышарттарына 1913 жылдан бері басылып келе жатқан «Қазақ» газеті негіз болады. 1917 жылдың желтоқсанында Ә. Бөкейханның бастамасымен Бүкілқазақтық құрылтайда «Алашорда», яғни қазақтардың автономиясы жарияланады. Ол Томск қаласында Сібір автономистері съезінің жұмыстарына қатысып, онда Сібір республикасының құрамында қазақтарға автономияберу туралы шешім қабылданады.

Большевиктер бастаған азаматтық соғыста Ә.Н. Бөкейхан мен алашордалықтар 1919 жылдың соңына дейін Сібір билеушілерімен бірге большевиктерге қарсы болды. Сол кезде олар өз жағдайын нығайтып алған жаңа билікке қарсы жалғыз қалады. Алашордалықтар жалғыз қолайлы, бірақ өте ауыр шешім қабылдауға,яғни ұлттық автономияны сақтауға қатысты ресми түрде жасалған уәдегеидеялық және саяси қарсыластарымен келісімге қол қоюға мәжбүр болады. Осы жағдайларда Ә.Н. Бөкейхан саяси және мемлекеттік қызметке белсенді араласудан бас тартуға мәжбүр болады. Ол Ленин мен большевиктердің билікті қарудың күшімен тартып алуын заңсызәрі лаңкестік акция деп санады. Ол 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Жалпы сібірлік съез» мақаласында оны сөгеді.

Кеңес өкіметі автономия идеясын жоққа шығармағандықтан, Ә. Бөкейхан өзініңмәдениет саласында заңды негізде қызмет атқаруға мүмкіндігі бар деп санады. Марксизм мен экономикалық материализм платформасы пролетарлық интернационализм туралы сөздермен бүркелген, ал шын мәнінде, социализмді мәжбүрлеп және репрессивті түрде орнату әдістерін қамтығанимпериялық, орыстандырғыш ұлттық саясатқа сыни көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Бірақ Ә. Бөкейханның және ұлттық сана-сезімі оянған басқа зиялылардың мәдени қызметінің өзі жай оппозиция немесе басқаша көзқарас емес, «кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық күрес» ретінде бағаланды. Бұл жерді түсіндіре кеткен жөн, себебі «Алаш ордамен» байланыс сталиндік режимнің қазақ елінің зиялыларына қарсы қалыпты айыптарының бірі болды. «Алаш» тарихи термині кейіннен «Қазақ» этнониміне ие болған ежелгі рулардың жалпы атауы болатын. Қазақтың белгілі саяси қайраткері Әлихан Бөкейхановтың бастамасымен құрылған және Ресей аумағындағы автономия деңгейінде қазақтардың тәуелсіздігіне қол жеткізуді мақсат еткен партия осы атаумен аталды. «Алаш» партиясының бағдарламасы негізінде 1918 жылы алғашқы дербес мемлекет жарияланып, бастапқыда большевиктердің империялық саясатының салдарынан олармен қақтығысқа ұшырайды. Большевиктер мен «Алаш орда» арасында жасалған келісімді артынан большевиктер бұзып, «алашордалық — ұлтшыл, халық жауы» ұраны «елдіңқаймағын» құраған адамдарға қарсы жаппай репрессиялардың негізіне айналды.

Ә. Бөкейхановтың саяси мұрасының негізі — ұлттық және мемлекеттік өзін-өзі билеу идеясы, бұл идеяны Бөкейхановтың өзі мен оның жақтастары құрап, оны жүзеге асыруға аямай күш салып, 1917 жылдың желтоқсанында «Алаш Орда» мемлекетін жариялады. Ақыры соңында осы үшін өздерінің өмірлерінен айырылды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарбие са?аты: «?ауіпсіз Интернет» еліне саяхат», «Пайдалы ж?не ?ауіпсіз интернет»

Автор: Партаева Арайлым Жарылкасыновна

Дата: 27.04.2016

Номер свидетельства: 323076


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства