kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік жетістіктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім.

Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар! Баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын.

Бүгінгі тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Қазақстан бүгінде тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне  өзімізбен бірге түскен елдердің маңдай алдында. Ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы  көлемі жөнінен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығындағы талай елдер бізбен салыстаруға да келмейді. Соңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 50 пайызға жуық

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік жетістіктері»

Тәрбие сағаты: Тәуелсіздік жетістіктері

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім.


Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар! Баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын.

Бүгінгі тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Қазақстан бүгінде тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне  өзімізбен бірге түскен елдердің маңдай алдында . Ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы  көлемі жөнінен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығындағы талай елдер бізбен салыстаруға да келмейді. Соңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 50 пайызға жуық артқаны-біздегі жасампаздық  жұмыстың жарқын жемісі.

Стратегиядан бастау алған құжаттардың бірі – Қазақстан Елбасының халқына жолдауы. Ол Жолдау Қазақстанның мол мүмкіндігі мен жарқын болашағын елімізде ғана емес, халықаралық ауқымда да кеңінен танытты. Әлемнің ең ірі елдері: АҚШ Германия , Франция ,Ұлыбритания, Италия, Испания, Жапония, Корея т.б мемлекеттер басшыларының жазған хаттарында бұл Жолдау бойынша халыққа жасалар жақсылықтың бәрі  рет-ретімен орындалу үстінде.

Бұл заман –тек күштіні, бірлікті  мойындаған заман. Бұл заманда әлем тек экономикалық  жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауыз-бірлігі күшті мемлекеттермен  ғана санасады. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын елге айналды.


Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.


- Шәкірттерім, қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақытарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер.


- Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсыңдар?

Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі биылғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесі.

«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі. – Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер? – Біздің Отанымыз -…. – Біз қай ұлтпыз? – Қандай Республикамыз? – Біздің ана тіліміз қандай тіл? – Елбасымыз кім? – Балалар, біз қандай елміз? – Қай жылы тәуелсіздік алдық? – Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз? – Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды? Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы. ( әнұран, көк байрақ, елтаңба)


Негізгі бөлім.

Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

- Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.

Презентация «Тәуелсіздік жетістіктері» таныстырылады.

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. (хор)

Монтаж:

Нұрсұлтан біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Бекарыс
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.

2 — оқушы
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

3 — оқушы

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.

4— оқушы
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!

оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.

Шығармашылық жұмыс
1 — топ: Елбасына құттықтау хат жолдау
2 — топ: Тәуелсіз елміз әңгіме жазу


Бекіту: Эссе Тәуелсіздік тұғырым


Қорытынды:

 

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз

туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын , білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар,яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.ХХІ-ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай,қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық,әрідегі мың жылдықтарда

қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздік жетістіктері

Автор: Елубаева Гульсезим Курмангазиевна

Дата: 08.11.2021

Номер свидетельства: 590819

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(27) "t_uelsizdik_zhetistikteri_9"
    ["file_id"] => string(6) "591366"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1636910972"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""30 жылдағы жетістіктер. Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(50) "30_zhyldagy_zhetistikter_t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "587428"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1632480161"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Ашық тәрбие сағатының тақырыбы"Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(59) "ashyk_t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_zhetistikteri_1"
    ["file_id"] => string(6) "589952"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1635474662"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Тәуелсіздік- жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(25) "t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "587233"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1632305730"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік жетістіктері»"
    ["seo_title"] => string(57) "ashyk_t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "589941"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1635447299"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства