Просмотр содержимого документа
«Т?рбие "Т?рбие диагностикасы"»
Тақырыбы:Тәрбие диагностикасы
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты- әр оқушының мәдениетті, патриот, адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру.
Бұл мектеп, отбасы, қоғам бірлескен әрекетінің арқасында қалыптасып шығады.
Қазіргі педагогикалық тәжірибеде оқушылар тәрбиенің өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі іске асырудың субьектісі болып табылады. Осындай жаңару поцесінде оқушылардың білімімен ған өлшенбейді, төмендегілер есепке алынады.
1.балалардың білім деңгейі
2. балалардың даму деңгейі
Психикалық;
Дене;
Интеллектуалдық
3. Балалардың әлеуметтік есеюі мен рухани-адамгершілік тәрбиесі
Сондықтан әрбір мұғалім өзін-өзі тану, рефлекция тәсілдерін меңгеруі тиіс соынмен қатар оқушылардың өзін-өзі талдауға, өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құруға, психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін жете меңгеруі тиіс.
Тәрбие күрделі әрі ұзақ процесс. Оның нәтижесін есепке алу қиын. Тәрбие процесі мақсатына жеткен, жетпегенін қалай білуге болады деген заңды сұрақ туындайды. Ол үшін жоспарланған және қол жеткен шынайы нәтижелерді салыстырып талдау қажет.
Оны анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Диагностика дегеніміз- оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау. Диагностиканың негізгі міндетті шарттарына төмендегілерді жатқызуға болады.
1. Мектептегі , сыныптағы тәрбие үрдісінің нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау.
2. тәрбие үрдісінің ішкі және сыртқы жағдайларының арасын анықтау
3. Тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау
Деректерді алудың негізгі әдестері деп бақылау әңгіме, және экспериментті айтуға болады. Соынмен қатарсауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-сауалнамалар, тесттердің мақсаты- тұлғаның белгілі бір сапасын, бір нәрсеге оқушының қатынасын айқындау, тәрбие жұмысының түрлі формасы үшін мазмұнжы материал жинау,оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу.
«Аяқталмаған тезис» әдісі
- Жақсы өмір дегеніміз –бұл...
- Адам болу дегеніміз- бұл...
- Өмірдегі басты нәрсе-....
- Досың көп болу үшін...
- Адам бақытты болуы үшін...
- Нағыз тұлға болу үшін...
- Адам үшін ең жоғары құндылық....
- Меніңше жақсылық пен жамандық...
- Егер адамның кемшіліктерін байқасаң...
- Мен... кездерде өзімнен өзім ұяламын.
Нәтижесінде қарап мұғалім оқушының өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасынан мағлұмат алады.
«Балама тезис» әдісі
Оқушының өзіндік бағасының деңгейін бақылаудың да маңызы зор және әдістері де әртүрлі болып келеді. Оқушыларға бірнеше қасиет жазылған парақ таратылады да оны төмендегідей кесте етіп екіге бөліп жазу тапсырылады.
Идеал
Идеалға қайшы
Өз бойында кездесетін қасиеттердің астын сызулары керек.
Диагностикалық зерттеу мәліметтерін бастапқы сипаттамамен салыстырады, олардың арасындағы айырмашылық тәрбиелік деңгейлерін анықтайды.
Тәрбиенің жоғары деңгейі балада ішкі механизмдер қалыптасқанын , іске қосылғанын, өз мінез-құлқын ішкі реттеушісі бар екенін білдіреді. Кеіріснше қиын балада өзін-өзі шектеу мен өзіндік тәртіп реттеушісі жоқ болады.
Е.В.Бондаревская тәрбиені диагностикалауда оның төрт деңгейін анықтауды ұсынады.
- жоғары деңгей; тұлға қарым-қатынас пен әрекет етуде өзіндік әрекетімен ерекшеленеді, өзін-өзі дамытуға қабілетті;
- жеткілікті деңгей; балада мінезін ішкі реттеуіштері негізі қалыптасқан, бірақ оған сын сағаттарда көмек қажет;
- төменгі деңгей; өз дамуында тоқтап қалған, педагогикалық қолдаусыз өзін-өзі жетілдіруге қабілетсіз;
- қанағаттанарлықсыз деңгей, өзін-өзі бұзушы тұлға.
Диагностикада көрсеткіш ретінде өлшемдер пайдаланылады, олармен нәтиже салыстырылады.