Мектеп о?ушыларыны? о?улы?ты ??рметтей білуге, кітапты к?тіп ?стау?а, кітап?а деген с?йіспеншілігін арттыру ма?сатында "Кітап-?ажап дос" т?рбие са?аты ?тті. Т?рбие са?атыны? барысы кітап туралы ж?мба?тар шешуден басталып, о?ушылар кітапты? ?ажеттілігі, оны к?тіп ?стауды? д?рысты?ы туралы ?з пікірлерін орта?а салды. "Сен білесі? бе?" айдарымен кітапты? шы?у тарихы, жасалу жолдары, о?ан жасалатын сансыз е?бек туралы слайдтар к?рсетілді." Кітап - Отан байлы?ы" та?ырыбында поэзия минутына кезек берілді. Кітапты? адам ?міріндегі ма?ызы туралы даналы? с?здер айтылды. Б?дан со? о?ушылар кітап ?стау ережелерімен танысты. Т?рбие са?атыны? со?ы Е.Ашы?баевты? "Кітаптар жыры" ?ле?імен ?орытындыланды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді )
Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет , Ахмет атамызға. Балалар, мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!
Мұғалім: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз – кітап. Жоғары шығыңыз. (Кітапты төрге отырғызу). Балалар, ең әуелі жұмбақ шешуден бастайық.
Бір қойым бар , қаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар, жаныжоқ.
Тілі бар да, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен. (кітап)
Бірінші әріп – көзде бар,мұрында жоқ.
Екінші әріп- түсте бар, бұрымда жоқ.
Үшінші әріп-бетте бар, білекте жоқ.
Төртінші әріп- құлақта бар, жүректе жоқ.
Бесінші- П әріпі ақырғысы,
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. (кітап)
(Балалар жұмбақты шешеді)
Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ. Кім біледі, балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан. Қандай мағына береді? Кітап туралы не білеміз?
«Сен білесің бе?» бөлімі
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. Кітап - өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық істеуге құштарландыратын осы құрал- кітап. Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн.Көркем әдебиеттерді таңдап, оқи білу де үлкен өнер. Ұлы Маркске қызы Лаура: «Сіздің ең жақсы көретін қызметіңіз не?»- дегенде, ол «Кітап ақтару»,- деп жауап береді. Біз бұдан ұлы адамдардың кітапты аса жоғары бағалағанын білеміз.
Есіңде болсын!»-кітап ұстау ережесі.
Кітабыңды құрметте.
Кітапты оқығанда ойға сақтауға, өмірге пайдалануға әдеттен.
Кітапты ұқыпты, таза ұста.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
Кітап беттерін жыртпа.
Кітапқа сурет салма, жазба.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітап арасына қалам салма.
Кітапты жоғалтып алма.
5.«Тапқыр достар» бөлімі- ребустар шешу.
«Оқу-инемен құдық қазғандай.»
«Білім кілті-кітапта»
Қорытынды: Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмыста пайдаланады. Кітаптан терең білім алумен қатар бүгінгі күнніңғылыми жаңалықтарын, тарихымызды, өнеріміз бен мәдениетіміз жайлы оқып,білеміз. Елімізде бірде – бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы Мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы заң» қабылданған. Еліміздегі барлық балалардың оқып, білім алуы және олардың оқулықтармен қамтамасыз етілуіне Президентіміз н.Ә.Назарбаевтың өзі көп көңіл бөлуде және барлық жағдай жасалған. Оқыған, білімді адамның алмайтын қамалы жоқ. Ал білім адамға кітап арқылы келеді. Кітап- білім бұлағы деп тегін айтылмаған.
Кітап: «Кітаптың жыры» Е.Ашықбаев
Деме:
«Оңай үйренем»,
Ақыл айтсам-егеспе.оқу деген-
«Инемен құдық қазу» емес пе?
Менің әрбір жолымда-
Өмірдегі үлесің.
Мен отырсам қолыңда,
Білмегенді білесің.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып, отырып,
Қолдан келіп тұрғанда:
«Кел, балалар, оқылық!»
-Сондықтан, кітаппен дос болайық, кітап оқудан жалықпайық!