kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Т???ыш Президент феномені»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Т???ыш Президент феномені»

Т?рбие са?атты? ма?саты:

1. ?аза? хал?ыны? т???ыш президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? ?мір жолы, туып-?скен, о?ып білім ал?ан, ?ызмет еткен жерлері туралы ма?л?мат алуы;

2. Елбасыны? ?мір жолынан ?лгі ала отырып Отанын, хал?ын с?юге, ерж?ректілікке азаматты??а, патриотты? сезімге т?рбиелеу;

К?рнекілігі: слайдтар к?рсету, ?нтаспа, шарлар, кітап к?рмесі,, буклет « Н?рс?лтан Назарбаев - т???ыш президент» 1 желто?сан -Президент к?ніне орай ?ткізілген т?рбие са?аты.

слайд1,2,3

Бізді? Президентіміз – Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев.

 Мемлекет бас?ару ісі – маша?атты да, м?ртебелі міндет. Басшы бас?ар?ан ел – е? бай мемлекет, хал?ы е? ба?ытты халы?.

Т???ыш президент феномені... Барлы? ?лем осылай ба?алайды елбасшымызды! ?алай ?арапайым ауылды?  баласы осы жетістіктерге жетті? ?андай уа?ытта ?мір сурді? Оны? ?скен ортасында ?андай адамдар болды? Осындай ?лкен т?л?а т?ралы білу ?шін балалы? ша?ынан бастайы?.

Н.?.Назарбаевты? балалы? ша?ы, ата-анасы, отбасы туралы ??гімелеп  1 топ береді /Балалы? ша?/.

4-5 слайд Балалы? ша?ы /Айгера/

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Т???ыш Президент феномені» »

Ән ұран.

ВИДЕО№1

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Тұңғыш Президент феномені»

Тәрбие сағаттың мақсаты:

1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат алуы;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, кітап көрмесі,, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» 1 желтоқсан -Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.

слайд1,2,3

Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тұңғыш президент феномені... Барлық әлем осылай бағалайды елбасшымызды! Қалай қарапайым ауылдың баласы осы жетістіктерге жетті? Қандай уақытта өмір сурді? Оның өскен ортасында қандай адамдар болды? Осындай үлкен тұлға тұралы білу үшін балалық шағынан бастайық.

Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, ата-анасы, отбасы туралы әңгімелеп 1 топ береді /Балалық шақ/.

4-5 слайд Балалық шағы /Айгера/

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын»./Карим/Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады./Миратхан/Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Назарбаевтың анасы жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты.

6 слайд. /Мадина О./ Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Ең ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті./Жандос/Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. Міне балалар, Болашақ Президент ерте жастан мақсатшыл және еңбек сүйгіш болған екеніне көзіміз жетті. Келесі жасөспірім шағы мен 2 топ таңысырады

7,8,9 слайд/Жансая/

Жасөспірім шағы

Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.

10,11,12 слайд /Мадина Б./ Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек оның әулетінде әйгілі адамдар болғаны анықталғанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық арасынан шыққан, халыққа жан-тәнімен жақын адам деп есептейді және қазір де солай ойлайды.

/Дарын/ Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.

Слайд 13,14,15,16,17/Кульбарам/

Келесі кезең 3 топқа беріледі - Жастық шағы пен кемел кезеңдер

Слайд 18

/ Малика/ Жастық шағы пен кемел кезеңдер

Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды.Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды.

Слайд 19/Санжар/Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім деді. Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді. Жас жұбайлардың өздері де кәсіби тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті.

Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты.Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. /Адиль/1977 жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында Н.Ә. Назарбаев Қарағанды обком партиясының хатшысы.

1979 жылдың желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев өнеркәсіп, көлік және байланыс бойынша Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланады.

1981 және 1986 жылдар аралығында КОКП Орталық Ревизиялық комиссиясының мүшесі.

1984 жылдың наурызы мен 1989 жылдың маусымы аралығында Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы.1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Слайд 20 Кемел кезеңдер - Сандар сөйлейді.

Слайд 21 Мемлекет басшылығының халқына арналған жолдауында тоқталайық. /Малика/

  1. Биылғы 2014 жылы 11 қарашадағы елбасының халыққа арнаған жолдауындағы негізгі басымдық халықты дағдарыс қиындығынан шығу және «Мәңгілік Ел» болып мәңгілік жасау үшін Қазақстан халқына қажеттіліктерді анықтап берді. Осындай ірі жетістікке жету жалпы ұлттық бірлігі ең үлкен табыс деп атап көрсетті. Қазақстанды адам да әйгілі ететін ЭКСПО-ны абыройлы өткізу- ең басты мәселе екенінде айтып өтті.

  2. Санжар, Адиль ,Кульбарам,Миратхан,Айгера,Карим,Жансая,Б. Мадина,Дарын

Өлен Қ.Аманжолов:/Кульбарам/

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Слайд 22-23 Астана- Назарбаевтың төл қаласы! Бүгінде Астана қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бет-бейнесіне. Астана - Еуразияның қақ жүргегіндегі қала.
Ән:Астана-жас қала орындайтын Мадина мен Айгерим

Слайд 24: Назарбаевтың суреті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барлық өмірі- барлығымызға жарқын үлгісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек сүйгіштік, ақылдылық, зиялық  және мақсатшылдық қасиеті, оның биіктерге толық жетуіне себепші болді. Қазырғы кезде Қазақстанның дамуы және гүлденуі – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мол еңбегі. Тұнғыш президент феномені деген не?

Малика жауап береді:

Кәсіби философия-саясаттану тұрғыдан алғанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың адам және саясаткер ретіндегі бірегей қабілеті ашылады, ол қабілет ғылымда «феномен» деп белгіленеді. Адамның жеке тұлғасына айтылатын осы түсінік өзіне бірқатар мағыналы жағдайларды қамтиды: дәуірді шығармашылық тұрғыдан озып кету, өмірдің түрлі салаларында инновациялық идеяларды ұсыну және оларды тәжірибеде жүзеге асыру.

Слайд 25: Ассоциация

Слайд 26: Елбасының мұраты қандай?

Видео№2

Біздің мемлекетіміздің алдында әлі де үлкен міндеттер тұр. Сондықтан, қымбатты оқушылар, сендер де елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осындай игі істері мен қажырлы еңбегінен үлгі алып, Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай «Болмасаң да, ұқсап бақ» патриоттық азамат болып өсулеріңе тілектеспін».
Елбасы сияқты елге қорған болатын, ел болашағын жасайтын сендерсіңдер!!!

Ән: «Жаса Қазақстан»

Дюсембекова Мархаба Тажкеновна

Уч :химии-биологии

Категория 1


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Т???ыш Президент феномені»

Автор: Дюсенбаева Мархаба Ташкеновна

Дата: 15.01.2015

Номер свидетельства: 155997


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства