kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« С?лем са?ан, Мектебім!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Білім к?ні ?лкен мереке екенін балалар?а жеткізе білу, білімге деген ??штарлы?ын арттыру, елімізді? білімді, т?рбиелі азаматтарын елжандылы??а т?рбиелеу.

К?рнекіліктері: Мектеп ала?ы баннер,?абыр?а газетпен, г?лдермен, шарлармен безендіріледі.

Сценарий:

Музыка ойналып т?рады, о?ушылар сап?а т?р?ызылады.

Ал?аш?ы ?скери дайынды? м??алімі: Т?зеліп тік т?ры?дар! Егеменді ?аза?стан Туына ?арап сап т?зе?дер! ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік Туы салтанатты т?рде енгізілсін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« С?лем са?ан, Мектебім!» »

Сәлем саған, Мектебім!

Тақырыбы: « Сәлем саған, Мектебім!»

Жоспары:

Сапқа тұрғызу

1. Мерекенің салтанатты ашылуы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізіліп, Әнұран орындалады.

2. Өткен 2014-2015 оқу жылының қорытындысы және жаңа 2015- 2016 оқу жылының міндеттері

3. Құттықтау сөзі

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығару

5. «Сәлем саған, Мектебім!» атты әдеби сазды бағдарламасы

6.Білім сабағы

7. Жабылу салтанаты

Өткізілген күні: 01.09.2015ж

Уақыты: сағат 10:00

Сыныптар: 1-11 сыныптар аралығы

09:30- да музыка қойылады.

09:45- те сапқа тұрғызу

10:00- Қоңырау соғылады

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматтарын елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Мектеп алаңы баннер,қабырға газетпен, гүлдермен, шарлармен безендіріледі.

Сценарий:

Музыка ойналып тұрады, оқушылар сапқа тұрғызылады.

Алғашқы әскери дайындық мұғалімі: Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан Туына қарап сап түзеңдер! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізілсін!

Жүргізуші: Өмірбойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын Білім күні мерекең!

Жүргізуші: Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,

Ауламыз жарқырап тұр нұр төге бір.

Ардақты алтын ұяң мектеп болса,

Бақытың- алдыңдағы үлкен өмір!

Жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Жүргізуші: Қуанышқа толы мерекемізге келген қонақтарымызды таныстырайық:



Жүргізуші: Жас қырандай қанатқағып қиялға,

Арман қуып, аға- апаларың қиялда.

Жігерің мен сенімді оттық қып,

Самға биік, жалын атып жүр алда - дей отыра біздің мақтанышымыз биылғы жыл түлектері мен 1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз, қошеметпен қарсы алыңыздар!.

(Ортаға мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер шығады)

Би: « Шашу» 4 сынып қыздарының орындауында тарту етеміз.

Жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзімізде

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз!

Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Аппасов Сағындық Бейсенбайұлына береміз.

Жүргізуші: Жаңа оқу жылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын!

Шәкірттеріміз өрісті,

Елім дер деген ұл мен қыз болсын!

Ендігі сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакиева Айнагуль Олжабайқызына беріледі.

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяндап қонақтарға келейін

Уақыт бөліп бізге тілек білдірер

Сөз кезегін қонақтарға берейін.- деп келген қадірлі қонақтарымызға құттықтау сөз кезегін береміз

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші: Тұрақтылықтың тізгінің, шыңдықтың шылбырын, бейбіт елдің байрағын ұстаған, құрметті көрермендер, көк байрақ туымызды салтанатты түрде әкету рәсіміне көшейік.

(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)

Алғашқы әскери дайындық мұғалімі : Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан Туына қарап сап түзеңдер! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы салтанатты түрде шығарылсын!

Жүргізуші: Көңілге шырақ жандырған

Болашақта бір- бір үмітсің

Қош келіпсіңдер,балдырған,

Қадамдарыңа гүл бітсін!

Жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты болсын қадамың

Төбеңде бейбіт күн күліп,

Төмендемесін талабың!

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Жүргізуші:Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бұрайық

Балдырғандарды базарлы

Қарсы алып, қол ұрайық.

– деп алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандарға сөз кезегін берейік!

Ән: «Мұғалім- ол біздің»

I -жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстазымызға береміз. Құрметпен ортаға 1 сынып жетекшісі Сауле Даутқызын шақырамыз.



II жүргізуші: Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1 сыныптың ата-анасы -------------------------------------------------------------------------------------------------- ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Оқыған әпке - ағаңыз,

Қадірлі мектеп - бұл мектеп,

Сендердей біз де болғанбыз

Есейдік, міне, қараңыз - дей отыра биылғы мектеп түлектеріне сөз беріледі.

Айдана: Ақыл, білім көп бердің,

Анамдайсың, мектебім.

Сенде өсіп, көктедім,

Сенсің өмір, мектебім.

Ыстық мектеп партасы,

Оқулығы, картасы.

Мұнша қызық болғаны

Мұғалімнің арқасы,

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам- мектебім!

Жансұлу: Бар білгенін аямаған,

Өз гүліндей аялаған.

Мың рахмет ұстаздарға -

Қамқор әкем, аяулы анам.

Жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Серт береміз шын жүректен.

Айдана: Толысты, толды ақыл- ой,

Соңғы жыл,таяу қимас шақ.

Біз үшін сол ғой абырой,

Ұстаз боп шәкірт сыйлассақ.

Жансұлу: Арманға жетіп мақсаты

Сара жол алға салардай

Аяқтайық бала шақты

Мәңгілік есте қалардай - деп, 1- сыныпқа ескерткіш сыйлығымызды табыстауға рұқсат етіңіздер.

(Музыка.Сыйлық тапсырылады.)

Ән: «Мектебім»

Жүргізуші: Қағылмақ міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау.

Нұр толқып жүзің,гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау!

Жүргізуші: Жаңа оқу жылы құт болсын,

Ізгілік оты жағылсын!

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау соғылсын!

2015-2016 оқу жылының алғашқы қоңырау сыңғырын соғуға 11- сынып оқушысы Хайдарова Айдана мен 1- сынып оқушысы --------------------------------------------------------------------------------------------- ортаға шақырамыз.

(Алғашқы қоңырау соғылады.)



Жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырлап,

Естілді жылы жаныма.

Күлкідей әсем сылдырлап,

Бөбекті жиды маңына.

Жүргізуші: Айналайын балғындар,

Алға бағыт алғыңдар,

Ертең өсіп толыңдар,

Ел мақтаны болыңдар,

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп!

Жүргізуші: Осымен Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Сәлем саған, Мектебім!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

Оқушыларымызды Білім күнінің алғашқы сабағына шақырамыз!
























«Келісемін» «Бекітемін»

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ақмешіт ауылының №15 орта

---------------Г.А.Куракпаева мектеп ММ- директоры:

« »------------2015ж ------------ С.Б.Аппасов

« »-----------2015ж









«Сәлем саған, Мектебім!» атты мерекелік іс- шараның сценарийі









Жауапты: Тулеулина Г.И.

Байжуманова С.Д.



















2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
« С?лем са?ан, Мектебім!»

Автор: Тулеулина Гульжан Икласовна

Дата: 06.09.2015

Номер свидетельства: 229002


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства