kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепті? т?рбие ?рдісінде сынып жетекшісіні? ж?мысын ?йымдастыру ?дістемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепті?   т?рбие  ?рдісінде сынып жетекшісіні? ж?мысын ?йымдастыру ?дістемесі

Т?рбиелеу шараларын ?алай ж?ргізіп, балаларды? белсенділігі мен ынта тілектеріні? бетін ?айтармай, олар?а ?ызы?ты болатындай етіп тапсырмаларды ?алай ?йымдастыру керек? А?ыл айтпай-а? жеке т?л?аны ?алай т?рбиелеуге болады? Бойында?ы тек ?зіне ?ана т?н ?асиеттерін са?тай отырып оны ?алай дамыту керек? Оларды? арасында пайда бол?ан т?сінбестіктер мен жанжалдарды ?алай басу?а болады? Осы м?селелерді жылдам шеше білсек, ?р баланы жан-жа?ты т?рбиелеу, шы?армашылы? дамыту м?мкіндігі ашылма?? – жас мамандарды тол?андырар с?ра?тар к?п.

Сынып жетекшісіні? ж?мысында на?ты жа?дай?а сай та?дап алу?а болатын бала?а ?сер ету ?дістері мен т?сілдері к?п болады. Кейде сынып жетекшілері озы? педагогикалы? т?жірибелермен таныс?ан кезде т?рбиелік шаралар ж?ргізуді? жа?а к?з?арастарын бай?ап, оны механикалы? т?рде ?з ж?мысында ?олдана бастайды, біра? ?ажетті н?тижелерге ?ол жеткізе алмайды. М?ны? жауабын табу ?шін к?п ізденіс ?ажет.

Т?рбие  ж?мысы

Балалар?а ?сер етуді? ?дістемелік т?сілдері н?тиже беруі ?шін сынып жетекшісі оны балаларды? психикалы?, жеке даму барысыцн, ?алыптас?ан ?ызмет за?дылы?тарын ескере отырып ж?йелі т?рде ?олдануы керек, педагог ?рбір баланы жа?сы біліп, сезіне білгенде ?ана н?тиже болма?.

Сынып жетекшісі ?те ма?ызды ?рі жауапты міндеттерді орындайды. Ол о?ушылар ?жымын т?рбиелеуші, м??алімдер, балалар ?йымдары, ата-аналар мен ?о?амны? т?рбиелік шараларыны? басын біріктіруші болып есептеледі. Оны? жо?ар?ы адамгершілігі, м?дениеті, балалар?а с?йіспеншілігі мен ??рметі, оларды? болаша?ына ?ам?олы? жасауы, щы?армашылы? м?дделілігі, ?айырымдылы?ы мен т?зімділігі – міне, т?рбиелік ж?мысты? табысты болу негіздері осылар.

Сынып жетекшісіні? негізгі ?ызметі – о?ушыларды т?рбиелеу ж?не оларды тату ?жым?а біріктіре білу. Ол о?ушыларды? жан-жа?ты дамуына, патриотты? сенімдерін, е?бек?орлы?тарын, ?жымшылды?тарын т?рбиелеуге, ?лгерімні? артуына, т?ртіпті? ны?аюына ж?не е?бекке даярлау?а ?ам?орлы? жасайды.

Сынып жетекшісіні? т?рбиелік ?ызметіні? ма?саттары:

балаларды? бойында?ы нышандары мен ?абілеттерін дер кезінде бай?ап, барынша дамыту (?ор?аушылы?, ?ауіпсіздік, эмоциялы? ?олайлылы? жа?дайын жасау);

т?рбиеленушілерді? ?леуметтік ?ажетті ?мір т?жірибесін: білім алу, ?зін-?зі дамытуды? икемділіктері мен да?дыларын, ?азір ж?не келешекте ?зін-?зі таба білу, ?зін-?зі ж?зеге асыру, жан-жа?ты шы?армашылы?, жеке басты? ж?не ?о?амды? ма?ызды ?рекеттерін ?йымдастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепті? т?рбие ?рдісінде сынып жетекшісіні? ж?мысын ?йымдастыру ?дістемесі»















Мектептің тәрбие үрдісінде сынып жетекшісінің жұмысын ұйымдастыру әдістемесі































Мектептің тәрбие үрдісінде сынып жетекшісінің жұмысын ұйымдастыру әдістемесі

Тәрбиелеу шараларын қалай жүргізіп, балалардың белсенділігі мен ынта тілектерінің бетін қайтармай, оларға қызықты болатындай етіп тапсырмаларды қалай ұйымдастыру керек? Ақыл айтпай-ақ жеке тұлғаны қалай тәрбиелеуге болады? Бойындағы тек өзіне ғана тән қасиеттерін сақтай отырып оны қалай дамыту керек? Олардың арасында пайда болған түсінбестіктер мен жанжалдарды қалай басуға болады? Осы мәселелерді жылдам шеше білсек, әр баланы жан-жақты тәрбиелеу, шығармашылық дамыту мүмкіндігі ашылмақ? – жас мамандарды толғандырар сұрақтар көп.

Сынып жетекшісінің жұмысында нақты жағдайға сай таңдап алуға болатын балаға әсер ету әдістері мен тәсілдері көп болады. Кейде сынып жетекшілері озық педагогикалық тәжірибелермен танысқан кезде тәрбиелік шаралар жүргізудің жаңа көзқарастарын байқап, оны механикалық түрде өз жұмысында қолдана бастайды, бірақ қажетті нәтижелерге қол жеткізе алмайды. Мүның жауабын табу үшін көп ізденіс қажет.

Тәрбие жұмысы

Балаларға әсер етудің әдістемелік тәсілдері нәтиже беруі үшін сынып жетекшісі оны балалардың психикалық, жеке даму барысыцн, қалыптасқан қызмет заңдылықтарын ескере отырып жүйелі түрде қолдануы керек, педагог әрбір баланы жақсы біліп, сезіне білгенде ғана нәтиже болмақ.

Сынып жетекшісі өте маңызды әрі жауапты міндеттерді орындайды. Ол оқушылар ұжымын тәрбиелеуші, мұғалімдер, балалар ұйымдары, ата-аналар мен қоғамның тәрбиелік шараларының басын біріктіруші болып есептеледі. Оның жоғарғы адамгершілігі, мәдениеті, балаларға сүйіспеншілігі мен құрметі, олардың болашағына қамқолық жасауы, щығармашылық мүдделілігі, қайырымдылығы мен төзімділігі – міне, тәрбиелік жұмыстың табысты болу негіздері осылар.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі – оқушыларды тәрбиелеу және оларды тату ұжымға біріктіре білу. Ол оқушылардың жан-жақты дамуына, патриоттық сенімдерін, еңбекқорлықтарын, ұжымшылдықтарын тәрбиелеуге, үлгерімнің артуына, тәртіптің нығаюына және еңбекке даярлауға қамқорлық жасайды.

Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметінің мақсаттары:

балалардың бойындағы нышандары мен қабілеттерін дер кезінде байқап, барынша дамыту (қорғаушылық, қауіпсіздік, эмоциялық қолайлылық жағдайын жасау);

тәрбиеленушілердің әлеуметтік қажетті өмір тәжірибесін: білім алу, өзін-өзі дамытудың икемділіктері мен дағдыларын, қазір және келешекте өзін-өзі таба білу, өзін-өзі жүзеге асыру, жан-жақты шығармашылық, жеке бастық және қоғамдық маңызды әрекеттерін ұйымдастыру.

Сынып жетекшісінің басты қызметтері

Диагностикалық – коммуникативтік – тәрбиелік – жобалаушылық – ұйымдастырушылық – әрекеттік – дамытушылық – әдістемелік – ынталандырушылық – бағалаушылық – қорғаушылық – қамқоршылық – түзетушілік.

Сынып жетекшілеріне арналған жаднама

1. Оқушылардың жеке құжаттарымен танысу, өткен жылдардағы сынып журналдарын қарау.

2. Бұрынғы жылдары бұл сыныппен жұмыс жасаған немесе білетін ұстаздармен, техникалық, әкімшілік қызметкерлермен, психологпен, әлеуметтік педагогпен сұхбаттасу.

3. Оқушылардың білімге құштарлығы, қызығушылығы, ерекшеліктері тұрғысындағы мониторинг жұмысының бастапқы, ортаңғы және соңғы кезеңдерін анықтау.

4. Тест жұмысы, анкета, оқушылармен және ата-аналармен сұхбатттасу арқылы жүргізіледі. Бағыт беруші ойындар ұйымдастыру, осы сыныпқа сабақ беруші басқа да ұстаздармен әңгімелесу.



Балалардың қызығушылығын ескере отырып, карта құрастыру:

Қызығушылық картасы

Аты - жөні

Немен айналысады?

Немен айналысқысы келеді?

Бокс, күрес, бухгалтерлер курсы

Биология үйірмесіне қатысады

Қысқы бақшада өсімдіктер өсіру

Күрессекциясынақатысады

Ди-джей болу

5. Ата-аналармен, мектеп бітірушілермен, жоғарғы сынып оқушылары және мұғалімдермен бірлесе отырып, жобалаушы жиын өткізу. Жиналыс ойын, жорық, анкета толтыру түрінде өткізіледі. Бұл жерде қызықты істер жоспарлары қорғалады, міндеттер бөлініп алынады.

6. Сынып жетекшісі таза қағаздар таратып, сынып жетекшісін үйінде көргісі келетін оқушылар ата-аналары келісімін жазады.

7. Әрбір оқушымен жеке сөйлесу. Кімнің психологиялық, қаражаттық, оқу барысындағы көмекті қажет ететіндігі анықталады.

8. Сыныптағы өзіндік қызметті ұйымдастыру (құжаттар жүргізу, кезекшілік, кабинеттегі жұмыс).

9. Сынып сағаттарын , кештерін өткізу.

















Сынып жетекшісі атқаруға тиісті жұмыстар тізімі

1. Оқушылар диагностикасын жүргізу: сұрақтар, анкеталар, сұхбаттасу, бақылау, сынып журналы мен күнделіктерді тексеру, тәрбие деңгейін анықтау.

2. Тәрбие жұмысын жоспарлау

3. Сыныптағы тәрбие қызметін талдау

4. Бақылау күнделігін жүргізу

5. Оқушының күнделігін жүргізу

6. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту

7. Сынып сағаттарын өткізу

8. Олимпиада, жарыстар, байқауларға дайындау

9. Дискотека, кештер өткізу, концерттік бағдарламалар дайындау.

10. Ата-аналар жиналысын өткізу және ата-аналармен жеке жұмыстар жүргізу.

11. Аудандық, облыстық шараларға қатысу

12. Сынып жетекшілерінің әдістемелік кеңесіне қатысу.

13. Кәсіптік оқу.

14. Есеп беру құжаттарын дайындау

15. Педагогикалық кеңес отырыстарына қатысу.

16. Экскурция жұмыстарын ұйымдастыру

17. Слеттер мен жорықтар ұйымдастыру.

18. Мектеп және мектеп аймағын тазалау кезекшілігін ұйымдастыру.

19. Пән мұғалімдерімен өзара байланыс орнату.

20. Қосымша білім беру жүйесі арқылы балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.

21. Үлгерім есебі, талдау жұмысы, үлгере алмайтын оқушыларға көмек көрсету.

22. Қиын балалармен жеке жұмыс.

23. Даулы жағдайларда сабақтарға қатысу және жас мұғалімдермен бірлесе жұмыстар жүргізу.

24. Оқушыларға бағыт бағдар беру бағытындағы жұмыстар.

25. Оқушылардың сыныптан тыс шығармашылық қызметін ұйымдастыру.

26. Қабырға газеттерін, сынып шежіресін жазу.

27. Оқушылардың сыныптан тыс шығармашылық қызметін ұйымдастыру.



28. Жанжалды жағдайлардан шығу және талдау.

29. Оқушылардың ай сайынғы жетістіктерін бағалайтын ақпараттарды жинақтау.

30. Каникул күндеріне арналған жұмыс жоспары және каникул күндеріндегі мәдени шараларды ұйымдастыру.

31. Оқушылардың көркем әдебиетке, өнерге, оқуға қызығушылықтарын байқап білу.

32. Сынып ішіндегі спорттық жарыстарды ұйымдастыру.

33. Мектептегі мерекелерге дайындалу.

34. Сынып жетекшісінің жылдық есебі.

35. Сынып жетекшілеріне арналған әдебиеттерді оқу.

36. Сынып белсенділерімен жұмыс.

37. Оқушылардың тәртібіне бақылау жасау.

38. Оқушылардың денсаулығын дәрігерлік бақылау.

39. Мектеп психологімен бірлесіп жұмыстар жүргізу.

40. Ата-аналар үшін оқушылар жетістіктерін көрсететін кештер ұйымдастыру.

41. Ардагерлерге, мүгедектерге, ауру балалларға көмек көрсетуді ұйымдастыру.

42. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлық жасауға арналған «Жасыл әлем акциясын» ұйымдастыру.

43. Психологиялық, танымдық, шығармашылық, спорттық ойын күндерін ұйымдастыру.



Сынып жетекшісінің қасиеттері мен қабілеттері

Сынып жетекшісінің профессиограммасы-кәсіби маңыды сапалар жиынтығын, қабілеттерін, білімін, дағды, икемдерін құрайтын мамандық сипаттамасы.

Дамыған «Мен» тұжырымдамасы болса ғана кәсіби мұраты қалыптасады.

«Мен» тұжырымдамасы үш фактормен анықталады:

басқа адамдарға ұнайтындығына толық сенімділігімен;

өзінің қажеттілігін сезінуінен;

белгігілі бір әрекетке қабілеттілігіне сенімділігінен.



Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:

Жоспардыңқоғамталаптарынасайкелуі;

Өмірмен байланыстылығы;

Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтуы.

Тәрбие жұмысының формалары оқушылар жасына, ұжымның ерекшеліктеріне, тәрбие деңгейіне сәйкестілігі.

Жоспардың нақтылығы.



Сыныпжетекшініңпедагогикалыққабілеттерінмыналарқұрайды:

дидактикалық;

перцептивтік (эмпатия, кәсібиқырағылық, педагогикалықинтуиция);

суггестивтік (сендіругеқабілеттілік);

қатысымдық;

экспрессивтік;

креативтік (шығармашылыққақабілеттілік);

ғылыми-танымдық.



Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері

1. Сынып журналын жүргізеді.

2. Оқушылардың жеке іс-қағаздарын жүргізеді.

3. Сынып ұжымын ұйымдастырады, сынып белсенділерімен жұмыс, ұжымдық шығармашылықты ұйымдастырады.

4. Бекітіліп берілген кабинеттің санитарлық жағдайын қадағалайды.

5. Сыныпішілік және мектепішілік кезекшілікті ұйымдастырады.

6. Тәрбиеленушілердің киім кию мәдениетін қалыптастырады.

7. Сынып қажеттілігін қаржыландыру мен қамтамасыз етуді (сынып қоры, әртүрлі қызметтерді төлеу) шешеді.

8. Оқушыларға қолайлы жағдай қалыптастырады. Сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің қызметін үйлестіреді

9. Оқушылардың сабаққа толық қатысуын қатаң бақылайды. Себепсіз сабақтан қалған оқушылардың ата-аналарымен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді, бақылайды.

10. Дарынды оқушылардың танымдық қызығушылығын, дүниетанымын кеңейтуде (үйірмелерге, факультативтерге, байқау, олимпиада, топсеруен, танымжорықтар ұйымдастыруға) жағдай жасайды.

11. Сыныптағы жағдайды, қарым-қатынастарды қалыптастырып түзетеді және реттейді.

12. Әр оқушының денсаулығын сақтауда, оқушылардың дене мәдениеті, спорт жұмыстарын ұйымдастырады. Мейірбикелерге уақытылы егу жұмыстарына көмектеседі.

13. Әрбір ұйымдастырылған істің қызықты түріне, мазмұнының тереңдігін, мақсаттылын анықтап, айына бір рет ашық түрдегі тақырыптық сынып сағатын өткізеді.

14. Оқушыларға мінездеме жасайды.

15. Әлеметтік аз қамтылған отбасыларды зерттеп, есепке алады.

16. Жағдайсы отбасы балаларын анықтап, есепке алады.

17. Қиын оқушылардың, ИДН есебінен балалардың тәртібін қадағалайды.

18. Тоқсанына бір рет тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізеді.

19. Отбасындағы тәрбие жағдайын зерттейді.

20 Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізеді.

21 Ата-аналарды сыныптың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру жұмыстарына жұмылдырады.

22. Мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына уақытылы есеп беріп отырады.



Сынып жетекшісінің білімдері мен біліктілігі болуы тиіс

тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшеліктері туралы білімі;

психологиялық-педагогикалық білімдері;

жалпы білімдері болуы қажет

Педагогикалық гигиена ережелер

Әркез баланың жағымсыз қылығын көргенде, өз балалық шағыңызды есіңізге алыңыз.

Ақша және педагогикалық қызмет қатар қойылмайды.

Егер сізден сұрамаса, баланың жанына сұғынбаңыз.

Сабаққа аса бір көтеріңкі көңіл-күймен кіріңіз, шыққанда жаныңызды рахаттандыратын шаршау сезілсін.

Үйреніп алғаныңызша қалжыңды тастамаңыз.

Жаман дәрігер адам өмірін алады, жаман мұғалім адам жанын күлге айналдырып жіберетіні есіңізде болсын.

Сабаққа барынша дайындықпен келуіңіз керек. Не істейтініңізді және осы ісіңіз жақсы ма анықтап алыңыз.

Күнделікті тамақтануды естен шығармаңыз.

Жұмыстағы әкімшілігіңді жақсы көріңіз, өзіңізді сүйгізе білсеңіз, ұзақ та жемісті ұстаздық қызмет атқарасыз.

Ешқашан мақтау күтпеңіз, онымен қалай жұмыс қалай жүретінін бірден анықтап алыңыз.

Ата-аналарға өзіңіз білетін жақсы шындықты айтыңыз.

Өз қателеріңіздіді ескеріп, үнемі айтып отырсаңыз, жыл өткен сайын қателіктеріңіз азаяды.

Педагогтық қызметтің ең үздік жетістігі балалардың жүзіндегі күлкісімен айқындалады.

Қарапайым фактіні жаңалық ретінде жеткізе біліп, оқушыларды қызықтырып, таң қалдыра алсаңыз, жартылай жұмысты бітірдім деп есептей беріңіз.

Есіңізде болсын жақсы ұстаз ұзақ ғұмыр кешеді, және ауырмайды.

Сабақ үстінде ұйықтамаңыз жаман әдет жұққыш келеді.

Жауап алу кезінде жүзіңізден қатты қызығушылықты сездіріңіз.

Дауысыңыз қатер төндірерліктей қырылдап шықса, сіз бір нәрсені дұрыс естімегендігіңізді ескертіңіз.



Ата-аналар жиналысының құрылымы

Ата-аналар жиналысын өз уақытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.

Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі – 5 мин.

Ата-аналармен жүргізілген сауалнамаларды талдау (сынып жетекші, психолог, мұғалім), қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7 минут.

Тақырып бойынша сөйлеу: шақырылған маман немесе сынып жетекшісінің өзі. Сөз нақты, дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс - 5-15 минут.

Мәселені ата-анамен бірге талдау - 20 минут.

Сынып жетекшінің сынып үлгерімін талдауы. Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек. Талдау ата-аналар мен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзетуге болатынына көздерін жеткізетіндей, сенімді түрде айтылғаны жөн.

Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рахмет айтуы тиіс және оқуында не тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1 минутқа кідіре тұруын сұрайды.

Оқу жылының аяғында (жарты жылдық) сынып жетекшісінің өткізетін шаралар жоспары

1. Рефлективтік пленарлық сынып сағатын барлық қызығушы адамдардың қатысуымен (ата-аналардың, ұстаздардың, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің, мектеп бітірушілердің, қосымша білім мамандарының) өткізу.

Сынып жетекшісі жұмысында бұл жарты жылдықта істелінген жақсы және пайдалы жұмыстар және жағымсыз, керексіз әрекеттер қағазға жазылып, 5 ұпайлық шкаламен бағаланады. Келесі оқу жылы жоспары талқыланады.

2. Сынып жетекшісі оқушыларды табысқа жетелейтін жекелеген сұрақтар бойынша сыныптың белсенділерімен, ата-аналармен, оқушылармен жекелеген әңгімелер өткізеді.

3. Мұғалім күнделігіндегі жазбаларды талдайды және мәселені шешудің жолдарын қарастырады.



Сынып жетекшісі қандай болуы керек?

Кәсіби сауатты, білікті.

Жаңашыл, қиялы бай, шығармашылықты.

Кез-келген сәтте көмек көрсетуге даяр.

Ұйымдастырушы педагог, психолог.

Жоғары мәдениетті, рухани бай, эстетикалық талғамды.

Мәселелерді шешуде батыл, жан-жақты.

Өзіне тән ерекшеліктері бар.

Сынып жетекшісінің құзыры, құқығы

оқушылардың денсаулығы және психикалық жағдайы туралы мағлұмат алып отыру;

Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау;

Уақытылы оқушылар білімдері туралы толық мәліметтер алу, жинау;

Кіші педагогикалық кеңестер, консилиумдар өткізу арқылы пән мұғалімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру.

Сынып жоспарын мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немес медбикелермен бірігіп жасау;

Ата-аналарды мектепке шақыру;

Мектептегі түрлі қоғамдық ұйымдар жұмыстарына қатысу;

Тәрбие жұмысының әр саласы бойынша әдістемелік және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу;

Өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру формааларын таңдап алуы, әдістемелік хұмыстарға қатысуы

Егер сынып жұмысына берілген бағаға келіспесе, онда сөз алып сөйлеуге құқылы.





Сынып жетекшісінің құқығы жоқ

Оқушы намысын қорлауға, қосалқы ат қоюға;

Оқу бағасын оқушыны жазалау мақсатында қоюға;

Оқушының сенгіштігін пайдаланып, қате бағдар беруге;

Отбасын оқушыны жазалау үшін пайдалануға;

Әріптестерін жамандауға, беделін түсіруге құқы жоқ.



Сынып жетекшісінің циклограммасы

Күнделікті атқаратын қызметі:

Оқушылардың сабаққа қатыспау және кешігу себептерін анықтау;

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;

Кезекшілік ұйымдастыру;

Оқушылармен жеке жұмыс.

Апта сайын жүргізетін жұмыстары:

Өз сыныбының сабақтарына қатысу;

Мектеп психологымен кезхдесу;

Ата-аналар комитетімен кездесу;

Жұмыс жоспарына ьбайланысты мәжіліске қатысу.

Тоқсан сайын жүргізетін жұмыстары:

Тоқсан бойына сынып журналын тексеру, толтыру;

Сынып жетекшілерінің семинарларына қатысу;

Тоқсан бойынша жұмыстарды қорытындылау, толықтырулар жасау, т.б.

Ата-аналар жиналыстарын өткізу.

Жылына бір рет жүргізетін жұмыстары:

Ашық шаралар өткізу;

Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру;

Сынып жоспарын жасау жіәне талдау;

Сыныптың статистьикалық көрсеткіштері.





Сынып жетекшісінің жұмыс бағыттары:

1. Оқушының жеке дамуын бақылау, қабілеттерінің ашылуына оптималды жағдай жасау.

2. Оқушының ынтасын зерттеу, бағдар беру.

3. Оқушыларды қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін ұйымдастыру.

4. Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.

5. Әр оқушыны әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін сынып ұжымын тәрбиелік орта ретінде қалыптастыру.

6. Барлық тәрбиелік күштердің өзара ынтымақтастьығы мен байланыстарын ұйымдастыру.

7. Сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

8. Оқушылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу.

9. Оқушылардың дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түзету, күрделі жағдайларда басшылықты құлақтандыру.

10. Өмірде кездесметін күрделі проблемаларды шешуге көмектесу.

11. Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.

12. Тәрбие жұмыстарының нәтижелерін көрсететін іс қағаздар жүргізу.

13. Мектептің тәрбие жұмысына түрлі мамандарды тарту.

14. Үнемі тәрбие теориясына, практикасына, педагогика және психология мәселелеріне байланысты білімін жетілдіріп отыру.

15. Өз іскерлігі нәтижесінде балалармен жылы қароым-қатынас орнату.

16. Тәрбие мақсаттарын көре білуі және оны қоя білуі қажет.



Сынып жетекшісі нені білуі тиіс?

ҚР «Білім туралы» заңы

Балалар құқығы туралы Конвенция (1993)

Педагогиканы, этнопсихологяны, этнопедагогиканы, мектеп гигиенасын;

Педагогикалық әдепті;

Тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен теориясын;

Еңбек заңдарының негіздемесін;

Тәрбиелі, мерекелік шараларды ұйымдастыру;

Ата-аналар жиналыстарын өткізуді, жоспарлауды;

Психололгиялық-педагогикалық тесттерді, анкеталарды, сауалнамаларды орынды пайдалан алуы.



Сынып жетекшісінің іс қағаздары

Сынып журналы;

Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспары ;

Сынып жетекшісінің дәптері;

Оқушының күнделіктері;

Оқушылардың жеке құжаттары;

Оқушыларды зерттеугек арналған психолотгиялық-педагогикалық карталар:

Тәрбиелік шаралар жинақталған папкалар;

Наркопост жұмыстары.



Сынып жетекшісіне жаднама

Бекітілген кабинет;

Мектеп маңайында бекітілген алаңқай;

Мектептегі кезекшілік күндер;

Каникул кезіндекгі кезекшілік күндер;

Қабырға газетін шығаратын күн;

Алдын ала дайындықты талап ететін шаралар;

Сынып оқушылары қатысатын акциялар.

Сынып жетекшісі өз жұмысын оқушылар арасындағы қарым-қатынастар мен отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу арқылы тәрбиелік мақсат пен міндет айқындалады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектепті? т?рбие ?рдісінде сынып жетекшісіні? ж?мысын ?йымдастыру ?дістемесі

Автор: Орынбасар ?семг?л ?айырбай?ызы

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 253720


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства