Республикамыздың президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық жолдауындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, аман – саулығы» атты тарауда былай деп жазды: «Экономикалық өсуі өзінен - өзі біздің азаматтарымыздың амандық – саулығын қамтамасыз ете алмайды. Ластанған қоршаған орта мен өз денсаулығына дұрыс қарамау нітижесінде одан жылдан жылға аурушаң болып бара жатқандағы гүлденген жаңашыл көз алдына елестету қиын емес». Әрі қарай ол қоғамда салауатты өмір салтына қалыптастыру қажеттілігін атап өтеді. «Салауатты өмір салтына біздің әрқайсымыздың дене жаттығуларымен айналысуымызға бағытталған.»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ" тәрбие сағаты»
Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Педагогика пәнінің оқытушысы
МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ
Тәрбие сағатының мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға өз болашағы туралы дұрыс, терең түсінік беру, өз
көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына еңбексүйгіштік, төзімділік қасиеттерін
дарыту, өздерінің мамандықтарын жетік меңгеруге және өз еліне
адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, тыңдау, есте сақтау, тез шешім
қабылдау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе сөз
II. Спорттың түрлері.
III. Қорытынды бөлім.
Құрметті ұстаздар мен ДШ-31 топ оқушылары!
Республикамыздың президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық жолдауындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, аман – саулығы» атты тарауда былай деп жазды: «Экономикалық өсуі өзінен - өзі біздің азаматтарымыздың амандық – саулығын қамтамасыз ете алмайды. Ластанған қоршаған орта мен өз денсаулығына дұрыс қарамау нітижесінде одан жылдан жылға аурушаң болып бара жатқандағы гүлденген жаңашыл көз алдына елестету қиын емес». Әрі қарай ол қоғамда салауатты өмір салтына қалыптастыру қажеттілігін атап өтеді. «Салауатты өмір салтына біздің әрқайсымыздың дене жаттығуларымен айналысуымызға бағытталған...»
Дене шынықтыру қызметі барысында адамдардыі бір – бірімен қарым – қатынас жасап, сөйлесуі арқылы коммуникативтік функциясы, әсіресе командалық ойындарды және бұқаралық дене шынықтыру спорттық шараларды ұйымдастырғанда қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы 774 қаулысымен Қазақстан Республикасы тұрғындары дене дайындығының Президенттік сынамалары туралы ерекше бекітілді. Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің туризм және спорт департаменті 1997 жылы 14 наурызда «1997 - 2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бірыңғай спорттық классификацияланған» бекітті.
Егемен еліміздің ертеңгі әл – ауқаты, экономикалық даму деңгейі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында көрсетілгендей бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарында болу үшін болашақ мамандардың біліктілігіне қойылатын талапты күшейту екені белгілі.
Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсан әр қалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан -
деп Абай данамыз жырлағандай әр адамның өмірде өз орны бар. Сондықтан да таңдаған мамандықтарының шебер маманы болу үшін, өз жүрегіңмен қалаған істі істеу әркімге де бақыт әкелетіні рас. Сондықтан келешекте сендер дене тәрбиесі маманы болғанда өмір жолдарыңызда кездесетін әр қиындықпен күресіп, жеңуге лайықты болу белгілі бір салада жүргендеріңіз тиісті.
Міне бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі көздеген мақсатында осы болмақ.
Адамдық - борышың,
Халқына еңбек қыл.
Ақ жолдан таймай,
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл пұл. - деп Шәкәрім атамыз айтқандай, спорттың қай түрі болмасын, адам өміріне әсері де орны да зор екені белгілі.
Дені саудың – жаны сау,
Денсаулық – сенің байлығың.
Мықты болсаң досым – ау,
Жуымас саған қайғы мұң.
Жатып ішер боп жалқау,
Бейкүнә болма еріншек.
Айналысып спортпен
Томартан, жаттық – еңбекпен.
Мамандықтарыңыз «дене тәрбиесі» болғандықтан да дене шынықтыруда әр спорттың түрлері кездеседі. Енді сол спорт түрлерінің маңыздылығы мен түрлері және әдіс – тәсілдерін білу үшін, теория мен практикасын бірге ұштастыра келе жатқан болашақ маман иелеріне сөз берейік. (Мұнда топ студенттері өздерінің қатысып жүрген спорт түрлері жайлы қысқаша мағлұмат бере отырып, өздерінің жетістіктері туралы айта келе, мамандықтарына мақтанышпен қарайтынын паш етеді).
Футбол деген ойынға,
Барлық бала кұмар – ақ.
Бірақ жолдың бойына,
Доп теппеңдер қуалап.
Қанша шыдам бойларында,
Қанша жүріс ойларында.
Қаншалықты тоқынды болар,
Ойнағанда ойланарда?!
Футбол ойынын сүйіп ойнайтын, сан жүлдегер орын иегерлері, колледжіміздің мақтаныштары, ұлдарымыз Қуанышев Арман, Жұмаханов Сабыржан, Токпаков Медеттерге сөз береміз.
Тау шаңғышылары,
Тау басына мәңгі шынар.
Бұл самғаудың алды шығар,
Қанатсыз – ақ ұша білген
Шаңғышылар! Шаңғышылар!
Шаңғы спортын және сан түрлі спорт ойындарының шебері, тобымыздың спорт секторы Жанасбаев Асқарға сөз беріледі.
Волейбол ойыны
Допты төрдан асыру
Ойыншының тұрасы
Жоғарыдан допты беру – деген терминдері бар волейболшы қыздарымыз Макадиева Айдана, Наккажина Мадина, Нурахметова Инкар, Сахитова Балғындарға сөз алады.
Ел үшін еңбек етсең, халқын сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек –
деп Сұлтаншахмұт Торайғыров айтқандай осы таңдаған мамандықтарымызды қалаған саласымен айналысып, өздеріңіздің келешек ұрпағымыздың дене берулеріңізге тілектеспіз. Осы оқу орынды бітіріп, маман болғаң соң Республикамыздың адал қызметкерлері мен азаматтары болып, өмірдегі қалаған шыңдарыңызға шығып, әр түрлі олимпиада және спорт ойының жүлдегері болып, дендеріңіз сау болуына тілектеспіз!
Бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған әсерлеріңізбен бөлісуге ортаға шығып «қарым - қатынастарыңыз қалай» тренингін ойнайық.
Қорытынды сөз: Бүгінгі «Мамандығым – мақтанышым» атты тәрбие сағатымызға қатысып, тамашалап, ой бөліскендеріңізге алғысымызды білдіреміз!