kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош келді?, ?з - Наурыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ош келді?, ?з - Наурыз

Ма?саты: Балалар?а ?лысты? ?лы к?ні туралы ма?л?мат беру, балаларды елін, Отанын с?юге, ?лтты? салт-д?ст?рін д?ріптеуге т?рбиелеу, имандылы?, инабаттылы?, ізеттілік ?асиеттерін ?алыптастыру. Балаларды? шы?ыс к?нтізбесі жайлы т?сініктерін жетілдіру. Шы?ыс к?нтізбесі бойынша Жа?а жыл   22- наурыздан басталып, к?н мен т?нні? те?есетінін  т?сіндіру. Наурыз мерекесіні? бас?а мерекелерден айырмашылы?ын білуге ?йрету. Хал?ымызды? салт - д?ст?рлерін са?тау?а, балаларды е?бекс?йгіштікке, м?дениеттілікке т?рбиелеу.
К?рнекілігі:
Мейрам ?тетін жер салт –д?ст?рге байланысты жабды?талады.Балалар ?лтты? киімдерімен келеді.

Барысы:

Ерасыл:

Армысыздар, ?лкен-кіші а?айын!

Б?гін – Самар?анны? к?к тасы еріген к?н

Б?гін – Жа??ыру мейрамы!

Б?гін – Жыл басы, Жа?а жыл!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош келді?, ?з - Наурыз »

Қош келдің, әз - Наурыз

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл   22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін  түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді.

Барысы:


Ерасыл:

Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн

Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!


Мұғалім:

Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын.

Асыл:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Көрініс: Күн мен Түн

Күн:                 Сәулесі көп күнмін.


      Түн:                  Жұлдызы көп түнмін


      Екеуі:         Бірдей болып біздер,

                          Теңелеміз бүгін.


      Түн:            Ал, ертең күн ұзақ.


      Күн:            Түн қысқарар бірақ.


      Екеуі:          Ұйқы қанбай қалып

                           Жүрмендер тек жылап.

                           Күн менен түн теңеледі,

                           Жер шуаққа кеңеледі.

                           Соны тойлар ел енді


Аяжан:

Наурыз басы: “Күнге сәлем ету”


Армысың қайырымды, Күн - Ана!

Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!

Басымызға амандық,

Елімізге береке дарыта көр! Тәу – тәу!

Жыл басы келді, жаңғырта келді,

Тәу – тәу!

Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,

Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!

Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр!

Тәу – тәу!

Ерасыл:

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз

Наурыз бұл – береке

Құтты болсын мереке!

Ән : Тағатова Ақниет Наурыз көктем


Мұғалім: Ұлыс күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Ортаға екі бала шығады.

1-бала : Ассалаумағалейкум

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын!

2-бала: Уағалейкумссалам

Ұлыс оң болсын

Пәле – жала жерге енсін!

Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.


Жанереке:

Жыл басы – Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.


Гүлназ:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – мереке.

Наурыз тойы – жыр – аңыз,

Қызық думан құрамыз.


 Назерке:

Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!


Асыл:

Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та , ақы да біз.

Үй ― дастархан, думанымыз ― сахнамыз,

Ұлы мейрам ― Наурызға шақырамыз!

Ой қозғау


Мұғалім:

Наурызды қалай түсінесіңдер?

Мөлдір:

Наурыз – жаңа күн, Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, халыққа молшылық тілеу, өкпе назды ұмыту.

Қазақ ұлтына тән тойларды атаңыздар.

Аружан:

Бесік тойы, сүндет тойы, тілашар тойы, беташар, қыз ұзату, үйлену тойы т. б.

Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады?

Гүлназ:

Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады.Атап айтсақ ет,су, бидай,тары,сүт, құрт,тұз.

Ұлттық ойындарды атаңдар.

Нұрасыл:

Сақина салу, арқан тарту, асық ойнау, бәйге, ақсүйек, аударыспақ, орамал тастау, қазақша күрес, қыз қуу т. б.

Ұлттық киімдерді ата?

Назерке:

Камзол, мәсі, тақия, көкірекше, сәукеле, шапан, кимешек т. б.

Қазақ биі


Ерасыл:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

Мөлдір:

Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той.

Сезім:

Бесікке салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиеті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Нұрасыл:

Тұсау кесер (салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүрып кетсін деп жасалатын ғұрып.

Мирас:    

Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған

Айғаным:

    Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

 Еркеназ:

 Байғазы (дәстүр). Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйы.


Әсем:

Тілашар (дәстүр). Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар тойы» деп атайды.


 Асыл:

Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.

Тұсау кесу салты.

-Той иесі Жансая апа:

-Уа,барша жиналған қауым бүгін ұлыстың ұлы күні менің немеремнің тұсауын кесейін деген ниетіме қалай қарайсыздар?

-Көрші апа: Ләззәт

-Оның ойланатын несі бар,жақсылық көптік етпейді.Нұр үстіне нұр!

Айша апа Гуля

Дұрыс айтасыз,ақ түйенің қарны жарылған күні бұндай игі істі тек жақсылыққа жорып,ата-бабамыздан қалған дәстүрді орындасақ несі айып.

Жансая апа

-Әсия құлынымның тұсауын кесуге аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйлы, ардақты ана, сүйікті әже, Алтын құрбыма тұсауын кестіремін.

Ал, келін балам, кішкентай Әсияны ортаға әкеліп, Алтын әжесіне табыс ет.

-Алтын апа: Кенжегүл

Мұндай жауапты істі маған сеніп артсаңыздар,сенімдеріңізге рақмет.Маған тартса жаман болмас.Ел жоғын жоқтаған,әділдікті жақтаған азаматша болар.Ал,бисмилля деп,бастайық.Ата салтым бойынша баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

ешкімнің ала жібін аттамасын деп, ала жіппен тұсауын кесейін.(тұсауы кесіледі)

Күрмеуіңді шешейік;

Тұсауыңды кесейік.

Ала жіпті алайық,

Тұсауыңды кесейік!


Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәзболам.

Тағы-тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз, балам,

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

(бала жетектетіліп, Жансая апаға апарылады.)

Жансая Апа: Сіздерге немеремнің тұсауын кесіп бергендеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Немереме сіздердің жолдарыңызды берсін, сіздер сияқты ақ самайлы әже болсын. Ал енді мына шашудан дәм татыңыздар!

(шашу шашылады)


Жансая апа

Бүгінгі тұсау кесер тойдың құрметіне келген қонақтардан кәне қонақ кәде сұрайық.


«Теңге алу» ойыны

«Арқан тартыс» ойыны


Әр  асыққа  сандар жазып  жерге  тастаймын. 7 - асыққа  жеті  тапсырма.

1. Қазақтың  бидай  ұнынан  жасалған тағамдар. (нан, бауырсақ, шелпек, кеспе, көже)

2. Оны  отбасына   бір  адам  қосылғанда  жасайды. Жаңа  келген  адамға  кәмпит, құрт  шашады. Оны  өзгелерден  бөлек  ұстайды. Ел  тамақ  жеп  болған  соң, біреу  оны  өзгелермен  таныстырады.Ол төмен қарап,  тыңдап  иіледі. Бұл  қандай  той, ол  кім?  (беташар  тойы, келін)

3. Мұны  ер  жігіттер ойнайды. Ол  үшін  жүйрік  ат, ептілік  және   шапшаңдық  керек. Қажет  заттың  тек  ұшы  ғана  көрінеді. Оған  қолы  жеткен  жігіт  оны  ұнатқан  адамына  сыйлайды. Бұл  қандай  ойын, ол не? (теңге  ілу ойыны, түйіншек.)

4. Жылқы, сиыр, қой және  түйе  сүтінен  жасалған  тағамдар? ( қымыз, шұбат, айран, ірімшік, құрт, сүзбе)

5. Ол  тойларда  беріледі. Көп адам  бір  затқа  таласады. Оған  жүйрік  атта,  білек  күші  де  керек.  Оны  жеке - жеке  немесе  топқа  бөлініп  те   жүргізуге  болады. Бұл  не? (Көкпар)

6. Бұл  қазақтар  өміріндегі  маңызды  оқиғалардың  бірі. Оған  балаларда  қатысады. Ол  үшін  ала жіп , қайшы керек. Бұл не? (Тұсаукесер)

7. Көпшілікке  арналған  мерекелік  тағам  мереке кезінде әр  түрлі  дәмнен  дайындайды. (Наурызкөже)

Ән: Қазақы дастархан Әбілда Сара

Цыған биі Асыл


Мұғалім. Атадан бата сұрау

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын!

Қыдыр ата: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин! (бетін сипап бата береді.)

Ән: Қазақтай ел қайда? Ерасыл

Асыл:

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын, Наурыз той ―

Ұлы күні ұлыстың!

Ерасыл:

Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына! 


Қорытынды:

Мұғалім:

Арпа, бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған.

Наурыз көже ― көп көже ―

Бұл тойдағы бас тағам.-дей келе дастарханға шақырамыз.


Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта тағы бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.
























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?ош келді?, ?з - Наурыз

Автор: Достаева Жулдыз Игликовна

Дата: 21.03.2015

Номер свидетельства: 189441

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ош келді?,  Наурыз! "
    ["seo_title"] => string(22) "k-osh-kieldin-nauryz-2"
    ["file_id"] => string(6) "191609"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427349449"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""?ош  келді?, Наурыз!" (ерте?гілік) "
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik-1"
    ["file_id"] => string(6) "206813"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430284833"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?ош келді? Наурыз" (ерте?гілік)"
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik-2"
    ["file_id"] => string(6) "308043"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458491784"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""?ош  келді?, Наурызым!" (ерте?гілік) "
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryzym-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "203986"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429591727"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Келді Наурыз даладай ке?дігімен!"
    ["seo_title"] => string(36) "kieldi-nauryz-daladai-kien-dighimien"
    ["file_id"] => string(6) "314017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459596502"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства