kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза?станны? т???ыш Президенті»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: о?ушылар бойында Отан?а деген ж?не ту?ан елге деген с?йіспеншілік пен ма?таныш сезімін ?алыптастыру,Елбасыны? ?о?амда?ы орнын т?сіндіру,ерекше ?асиет-?адірін ??ындыру; Отаншылды? сезім мен т?ра?ты моральды? мінез-??лы?ты? беки т?суіне ы?пал ету; адамгершілікке, елжандылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза?станны? т???ыш Президенті» »

Ақмешіт ауылының, №15 орта мектеп ММ

2013-2014 оқу жылындағы «Қазақстанның тұңғыш Президенті» күніне орай өтілетін іс-шараның жоспары.


Өтілетін іс-шара

түрі

уақыты

сыныбы

жауапты


1


Жаңа тарих- жарқын тұлға


баяндама




25.11.13


1-11

Мектепалды даярлық тобының жетекшісі Жұмажанова Б.Д.

2

Қазақстанның тұңғыш Президенті

Сынып сағаты

25.11.13

1

Аппасова Р.С.

3

Елбасымыз Нұрағаның бастауы

Сұрақ-жауап

25.11.13

2,3

Құрақпаева Г.А.

3

Біздің Елбасымыз

Сынып сағаты

26.11.13

4

Аппасов С.Б.

4

Қазақстан- Республикам менің

Дөңгелек үстел

26.11.13

5,6

Талғат Н.

5

Тәуелсіз Қазақстан- жаңа ғасырда

пікірлесу

27.11.13

7

Аппасова Г.К.

5

Дана басшы,дара басшы-Өзіңсіз!

сұхбат

27.11.13

9

Тулеулина Г.И.

7

Елбасы елімнің тірегі.

Кітап көрмесі

28.11.13


Мектеп кітапханашысы


8

Шынықсаң, шымыр боласың!(қазақтың ұлттық ойындары)

Жарыс

28.11.13

5-8

Аппасова Г.К.

9

Егеменді елдің Елбасы

шығарма

28.11.13

5-10

Сулейменова Ж.Ш.

10

Айбыны асқақ елім бар

Әскери ойындар

28.11.13

10

АӘД мұғалімі Талғат Н.

11

Ұлт Көшбасшысы

салтанатты жиын

концерттік бағдарлама

29.11.13

1-10

«Ұлағат» білім-тәрбие орталығы ұйымы.

Балгожина А.Р.

Байжуманова С.Д.


Мектеп директоры:/ / Б.Қ. Аппасов



Орындаған: Г.И.Тулеулина

Тел:871651-22540



Тақырыбы: Ұлт Көшбасшысы

Мақсаты: оқушылар бойында Отанға деген және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру,Елбасының қоғамдағы орнын түсіндіру,ерекше қасиет-қадірін ұғындыру; Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету; адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі:еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, слайдтар, альбом,суреттер

Барысы:

Кіріспе сөз: Біздің тұңғыш Президентіміз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісінде. Мемлекет басқару ісі- машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел- ең бай мемлекет, халқы- ең бақытты халық!(музыка)

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар және оқушылар!

1желтоқсан- Қазақстанның тұңғыш Президенті күні құтты болсын!


2-жүргізуші: Ендеше Нұрағаның өмірбаяны мен еңбектеріне тоқталайық!


1-жүргізуші: Н.Ә.Назарбаев 1940жылы 6- шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.


2-жүргізуші:Жүргізуші: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Біраз еңбек еткеннен кейін Украинаға барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейін инженер дәрежесіне көтерілді.


1-жүргізуші:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.


2-жүргізуші:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды. 1991 жылы1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.


Баяндама оқылады«Жаңа тарих, жарқын тұлға»

Диас: Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы

Назерке: Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп.

«Елім,жерім» деп ұрандап, тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!


Арсен:Елбасымыз саған мәңгі разымыз.

Үлкен-кіші,ағайындар-бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.


Сымбат:Әрдайым елімменен кеңескен.

Шығара да алмас мәңгі ел естен.

Жас Отаным біраз жылдың ішінде

Басқа елмен терезесі теңескен.


Темірлан:Елбасымыз,біргеміз біз өзіңмен,

Жаралғанбыз қайсар қайтпас төзімнен.

Өзіңізбен болсақ егер мәңгілік,

Әділеттің атар таңы сезілген.


Нұрдаулет:Бір ата,бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.


Гүлназ:Әр сөздің астарына осы арада,

Ағайын,ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара!


Серікболсын:Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы-Назарбаев егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!


Темірлан:Нұр ағам өзі салған нұр қаланың,

Сәулеті бағын ашты бұл даланың!

Азаттық,Елбасыны,Астананы,

Белгілі «Бәйтеректе» жырлағаным!


Әсет:«Бәйтерек» біреулерге ұнамайды,

«Билікті мақтадың» деп кінәлайды.

Жырласам Елбасыны айып па екен,

Көтерген төбесіне ұлы Абайды!


Сабина:Құлпырып,құбылмайды күн де босқа,

Мінезі бұл заманның мүлде басқа.

Тұлғасы Кемеңгердің арқа-тірек,

Түбі бір, тілегі бір күллі Алашқа.


Гүлназ:Азаптың артта қалды сан ғасыры,

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.

Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,

Төрінде көш бастаған Елбасыны!


Серікболсын:Табынған ата-бабаң көкбөріге,

Алысып ат үстінде өтпеді ме?!

Шығады Нұрсұлтаның тайсалмастан,

Тәкаппар Еуропаның қақ төріне!

Аспандап атақ-даңқы көкке өрлеген,

Бүгінді салыстырма өткенменен.

Төрінде төрелік қып отырған жоқ,

Бабалар Еуропаға жеткенменен.


Альбина:Жаңылып жүрер жолдың жүлгесінен,

Өрт шықты талай елдің іргесінен.

Дауысы сайыпқыран Нұр ағамның,

Әлемнің саңқылдайды мінбесінен!


Сабина:Сан ғасыр осы сәтті елім күтті,

Талайдың тіккен туын Тәңір жықты.

Батыры,Бейбітшілік көшбасшысы

Данаға басын иді небір мықты.


Темірлан:Елбасы- төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен сара тіліп,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

Көпұлтты Қазақстан ерді Ұлыға,

Ұрпаққа ер еңбегі- мәңгі мұра

Бір жерге барлық діннің басын қосып,

Әлемнің ықпал етті тағдырына.


1-жүргізуші: Секілді заңғардағы тау барысы

Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл өмірде арманы жоқ,

Халқының бола білсеқорғанышы!




2-жүргізуші:Ел мен Ердің ақ тілегі бір екен,

Елі дархан, Ері жайсаң, дүр екен.

Қиын өткел, тар жол, тайғақ кешуден

Қазақ көшін қыр асырған Нұрекең!


1-жүргізуші:Алып дала туған дана ұл екен,

Арманы асқақ, мақсаты ұлы екен.

Қала салған, егін еккен,мал баққан,

Дәулетті елдің нар тұлғасы –Нұрекең!


2-жүргізуші:Жерұйығым! Жампозыңды жыр етем,

Аты да оның, заты оның нұр екен!

Темірқазық- адастырмас Алашты,

Хормен: Дана басшы, дара басшы-Нұрекең!

Ән: «Елім менің»


Нұрай: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.


Жасмин: Шаңырақ – Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар – үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ – арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызылтүлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.


Расул: Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4 – маусымдақабылданып, 6 – маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы – 2 метр, ені – 1 метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.


Нұрай: 2006 жылы 7 – қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жаңарды,

«Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды.


Гауһар: 1993 жылы 15 – қарашада Қазақстан Республикасының

Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.



І жүргізуші: «Егеменді елдің Елбасы» атты шығармалардан үзінді оқылады.

ІІ жүргізуші: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.

Би: «Айгөлек» тобының биі


І жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Олжабаев Жоламанның орындауындағы «Жаса, Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар


ІІ жүргізуші: Ойы биік, арманы алыс,

Жаны жомарт, ай қабағым.

Көкірегі толған намыс

Қазағымнан айналайын, - деп енді биге кезек берейік.

Би: «Айгөлек» би тобының орындауындағы «Короғлы» биі


І жүргізуші: Дүбірлетсін өңірді,

Дүрілдетсін дүлдүлі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні!

Құрметті ұстаздар, қонақтар! Елбасы күніне арналған «Ұлт көшбасшысы» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
















Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп ММ

Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиынға

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының сапқа тұрғызылуы.

Өтілетін күні : 29.11.13ж.

Жүргізуші: Таңы атты шындықты қолдайтұғын,

Басымызға бақ – дәулет орнайтұғын.

Қазақ деген елімбар құшақ жайған

Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын.


Қайырлы күн, қымбатты қауым! 1 желтоқсан - Елбасы күнін барлық қазақ елі салтанатты түрде атап өтуде. Бүгінгі Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған мектебімізде салтанатты жиынын ашық деп жариялаймын!

Алғашқы әскери дайындық жетекшісі: Мектеп, түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін!

(Қазақстан Республикасының әнұраны ойналады)


«Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі:

  • «Жас Ұлан» ұйымы, рапорт беруге дайындал!

  • Құп болады! (Ақнұр)

  1. Топ басшысы Ақнұр: - «Жас Қыран» ұйымы! Түзел! Тік тұр! «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі! Бүгінгі Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиынға «Жас Қыран» ұйымынан --- оқушы сапқа тұрғызылды. Рапорт тапсырылды. Рапорт тапсырушы «Жас Қыран» ұйымының жетекшісі – Букенбай Ақнұр.


«Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі: Рапортың қабылданды. «Жас Қыран» ұйымына еркіндік.

Ақнұр: «Жас Қыран»! Еркін тұр!


«Жас Ұлан» ұйымы, рапорт беруге дайындал!

  • Құп болады!


  1. Топ басшысы: - «Жас Ұлан» ұйымы, тік тұр! «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі! Бүгінгі Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиынға «Жас Ұлан» ұйымынан --- оқушы сапқа тұрғызылды. Рапорт тапсырылды. Рапорт тапсырушы «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі - Олжабаев Жоламан.


(«Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі АӘД жетекшісіне, АӘД жетекшісі мектеп директорына рапорт тапсырады)


Жүргізуші: Бүгін біздің салтанатты жиынымызға қатысып отырған мектеп басшысы – Б.Қ. Аппасовқа сөз береміз.( Келген қонақтарға сөз береміз.)

Алғашқы әскери дайындық жетекшісі: Мектеп, түзел! Тік тұр!

Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын!

(Қазақстан Республикасының әнұраны ойналады)


Мұғалім: 1 желтоқсан - Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған мектебіміздегі салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?аза?станны? т???ыш Президенті»

Автор: Тулеулина Гульжан Икласовна

Дата: 06.09.2015

Номер свидетельства: 228995


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства