kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік р?міздеріні? ?здік білгірлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды Отанымызды с?юге, елімізді? р?міздерін ?астерлеуге баули отырып, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын ??рметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты ?алыптастыру. Желто?сан о?и?асын негізге ала отырып, патриотты? т?рбие беру. О?ушыларды? т?уелсіздік ал?аннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін ке?ейте т?су.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік р?міздеріні? ?здік білгірлері »

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Кадырбекова Жазира Акылбековна


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің үздік білгірлері
Мақсаты:
Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба - белгілер, т. б.
Сабақ түрі: сайыс
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар!
2-жүргізуші: Қазақ елі ұлан-байтақ. Батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717. 3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
1-жүргізуші: Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны бар.

2-жүргізуші: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар»,- делінген.
1-жүргізуші: Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті»- делінген. Олай болса бүгінгі

5-сынып оқушыларының өткізгелі отырған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің үздік білгірлері» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
1-жүргізуші: Бүгінгі сабағымызға сынып оқушылары 3 топқа бөлініп сайыса отырып, өз білімдері мен өнерін ортаға салуға келіп отыр.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабаққа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әділ қазылар алқасы тағайындалады.

1-жүргізуші: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2-жүргізуші .Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
1-жүргізуші:Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
2-жүргізуші .Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
1-жүргізуші. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
2-жүргізуші. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.Сол күндердің тарихына шолу жасайық.( видиоролик)

1-жүргізуші.Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.
2-жүргізуші. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

2-жүргізуші: 1991 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте сайыс сабағымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І кезең «Сәлем – сөздің анасы»
ІІ кезең «Бәйге»
ІІІ кезең «Тарихы терең төлтаңбам»
ІV кезең «Белгі және ұғым»
V кезең «Топ басшыларының сайысы»

2-жүргізуші. «Сәлем – сөздің анасы» кезеңі бойынша 3 негізгі рәміздер атындағы топтардың сәлемдесу, танысу кезеңіне сөз берейік.
1- топ «Ту», 2-топ «Елтаңба», 3- топ «Әнұран»

---------------------------------
1-жүргізуші
: Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Бәйге» кезеңіне кезек берейік.
2-жүргізуші: Сайыстың «Бәйге» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.

1. ҚР қай жылы тәуелсіздікке қол жеткізді? (1991жыл)

2. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991жыл

1-желтоқсан)
3. Алтын адам табылған жер? (Есік қаласы)

4. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рұсқұлбеков, Мұхаметжанова Сабира, Лаззат Асанова)

5.ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
6.ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов)
7. ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата. (Н.Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов)

8. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?( 1993 ж. қараша)

9. Астана қаласы – Қазақстанның нешінші астанасы?( Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

10.ҚР-ның Ата заңы қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)

1-жүргізуші: Оразбаева Дильназдың орындауында назарларыңызға қазақ биін ұсынамыз.

-----------

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге?
2-жүргізуші: Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды .
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран? !
2-жүргізуші: Сайысымыздың «Тарихы терең төлтаңбам» деп аталатын кезеңінде оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихынан сыр шертеді (оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихын әңгімелейді)
«Ту» тобы.

1-оқушы: Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбек емес. Ал, күнге келер болсақ, ол да жапанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.

2-оқушы: Қазақ халқы қашан да қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Ол қазақтың ұлттық нанымын, қасиетін көрсетеді. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

3-оқушы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында 32 сәулелі, шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан туы халықаралық жиындар мен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені «біздің қазақ халқының туы»деген мақтаныш сезім билейді.

4-оқушы:Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

«Елтаңба» тобы.

1-оқушы: 1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен елбасы назары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шотаман Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Тәуелсіздігіміздің төл белгісі көп ұзамай қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты

2-оқушы. Бастапқыда «Шаңырақ қазаққа тән емес»деген сыңаржақ пікірлер де болды. Сонда» Ау, Абай да, Абылай да сол шаңырақтың астында дүниеге келген жоқ па?» деген уәж айтуға тура келді. Әр халық өзі қасиетті санайтын жан-жануарды Мемлекеттік нышан деген жайы бар. Аңыздардан арқау тартқан пырақ бейнесіне де қарсы келгендер болмай қалған жоқ. Біле білсек, жылқы да өз кезегінде өркениеттің дамуына ықпал еткен ғой. Ал қазақ малсақ халық. Осы ретте жиынтық образ керек болды. Қанатты пыраққа тоқталуымның басты себебі сол. Босағаны берік ету үшін 7 буыннан тұратын мүйіз таңдалды. 7 буын бір жағынан қазақтың «Жеті атасын білмеген жетесіз»дегенін аңғарту. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Әу баста елтаңбаның қақ ортасына жарты ай мен шағын 3 жұлдыз бар еді. Талқыға салған кезде бес бұрышты жұлдызға тоқтады. Конкурсқа жіберілген нұсқасынан ілікпей қалғаны осы жарты ай мен шағын 3 жұлдыз ғана. Қалғанының бәрі талқыдан өтті.
«Әнұран»тобы..
1-оқушы: Қазақ елінің әрбір ру-тайпасының таңба-белгілері, жалауымен қатар әнұраны да болған . Қытайлар гимнді «го-ге», мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар Отан өлеңі, Отан әні деп біледі. Ал гректің «гимн»сөзін қазақшаласақ «ұран», «ұран салу», «жар салу» деген ұғымды береді.
2-оқушы: Жауға қарсы шапқанда сарбаздарды жігерлендіріп, күш-қайрат беруге алты алаштың ұраны «Алаш»болған. Ал жеке ру-тайпаларының аруақты көсем, не ержүрек батыр, беделді хан - билерінің атына байланысты өз ұрандары болған. Ол ұрандар сарбаздарға жоғары рух беріп, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
2-жүргізуші.«Белгі және ұғым» кезеңінде Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)
1- жүргізуші: Олай болса сайысымыздың соңғы кезеңі «Топ басшылар сайысы»деп аталады.Топ басшыларына тапсырма беріледі . Сұрақ: мемлекеттік рәміздерді қандай сөздермен мақтар едіңдер? (топ басшылары бір минут дайындалып жауап береді)

2-жүргізуші: Саргожина Айгеримнің орындауында «Жаса, Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші :

Қазақстан туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
2-жүргізуші. Тәрбие сағатымызды қорытындылай келіп, барлығымыз бірге ант қабылдайық!

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы  Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті ,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім алып мәдениетті адам боламыз.Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»



«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ









Тақырыбы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің үздік білгірлері

(5-сыныптар арасында)
















Семей қаласы















































1-оқушы: Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбек емес. Ал, күнге келер болсақ, ол да жапанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.


2-оқушы: Қазақ халқы қашан да қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Ол қазақтың ұлттық нанымын, қасиетін көрсетеді. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.


3-оқушы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында 32 сәулелі, шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан туы халықаралық жиындар мен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені «біздің қазақ халқының туы»деген мақтаныш сезім билейді.


4-оқушы:Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.


Матасы қандай, матасы көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою-өрнегі, қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп, әлемге төгіп тұрған арай-нұр,

Туымды менің көргендер, қызыға қарап таңданған.




«Біз Қазақстан Республикасының азаматы  Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті ,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім алып мәдениетті адам боламыз.Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік р?міздеріні? ?здік білгірлері

Автор: Кадырбекова Жазира Акылбековна

Дата: 28.11.2014

Номер свидетельства: 136585


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства