kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза? хал?ыны? ерлік істері» сынып са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.09. 15ж                                                                              5− сынып

Та?ырыбы:   «?аза? хал?ыны? ерлік істері»

Ма?саты:  

  • О?ушыларды патриотты? сезімін, елі ?шін ма?танышын т?рбиелеу, шынайы патриотты? ж?не Отан ?ор?аушы бейнесі ?алыптасады, о?ушыларды еліні? ж?не ?лкесіні? тарихымен танысады; белсенді ?мірлік ?станым ?алыптастыру.
  • О?ушыларды?  эмоциялы? ?лемі адамгершілік ?серлермен байыды ж?не  адамгершілік  сезімдері ?алыптасады; о?ушылар моральдік  дамуына ж?не оларды? шы?армашылы? ?абілеттеріне ы?пал етеді.

Т?рі:                Викторина

?діс ? т?сілі:  Топтастыру,с?ра? -жауап,  негізгі ойды суреттеу, бес жолды ?ле?. 

П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, тарих

К?рнекіліктер:   слайд, сурет к?рмесі, фломастер, а? ?а?аз, интербелсенді та?та.

Саба? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

    О?ушылармен  амандасу,танысу.

    ??рал жабды?тарын тексеру

Батыр деген кім?

ІІ. ?ызы?ушылы?ын ояту.

Жаптарын жа?сы.  Ал сендер ?аза?станды? батырлардан кімді білесі?дер?

Осы бізді? Зеренді ауданынан шы??ан батырларды білесі?дер ма?

Жа?сы сендер к?п м?ліметтер біледі екенсі?дер ал ?анекей  менде сендерге біраз ма?л?мат айтайын.

ІІІ. Ма?наны тану.  Мен слайд ар?ылы ма?л?маттар  беріп кетем осы та?ырыптар бойынша.

  1. ?лы Отан Со?ысы
  2. ?аза? батырлары
  3. Аты а?ыз?а айнал?ан жерлесіміз.
  4. Бейбіт к?ндегі ерлік пен батылды?.

 

 

 

1.Тал?ат Жа?ыпбек?лы Бигелдинов - Авиация генерал - майоры, Ке?ес Ода?ыны? екі м?рте батыры, «Барыс» орденіні? иегері. 1922 жылы 5 – тамызда А?мола облысыны? Майбалы? ауылында д?ниеге келген. Ол жау?а ?арсы 305 рет ?шып, оны? сегіз ж?зден астам техникасын істен шы?арды. 

2. Иван Фомич Павлов (1922 – 1950 жж.) ?останай облысы Бурабай ауданында д?ниеге келген. ?лы Отан со?ыс?а ?атысушы, майор, эскадрилья командирі, Павлов 1942 жылы Орынбор ?уе училищесін бітіріп, со?ыс?а жіберілді. Ол 1943 жылды? ?азан айына ?арай 127 рет жауынгерлік тапсырмамен ?уеге к?теріліп, жауды? ?скері мен ?скери техникасын жойды. 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза? хал?ыны? ерлік істері» сынып са?аты»



Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Игілік орта мектебі» КММ




Бекітемін: Келісілді:

Мектеп директоры Сыныптан тыс ТІМ

А.О.Уалиева С.Қ.Маймышева



















5 – сынып




Сынып жетекшісі: Сарсенбаева Жаныл





2015 оқу жылы


1.09. 15ж 5− сынып


Тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»

Мақсаты:

  • Оқушыларды патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттық және Отан қорғаушы бейнесі қалыптасады, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен танысады; белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру.

  • Оқушылардың эмоциялық әлемі адамгершілік әсерлермен байыды және адамгершілік сезімдері қалыптасады; оқушылар моральдік дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал етеді.

Түрі: Викторина

Әдіс ─ тәсілі: Топтастыру,сұрақ -жауап, негізгі ойды суреттеу, бес жолды өлең.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих

Көрнекіліктер: слайд, сурет көрмесі, фломастер, ақ қағаз, интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу,танысу.

  • Құрал жабдықтарын тексеру

Батыр деген кім?





ІІ. Қызығушылығын ояту.

Жаптарын жақсы. Ал сендер Қазақстандық батырлардан кімді білесіңдер?

Осы біздің Зеренді ауданынан шыққан батырларды білесіңдер ма?

Жақсы сендер көп мәліметтер біледі екенсіңдер ал қанекей менде сендерге біраз мағлұмат айтайын.

ІІІ. Мағнаны тану. Мен слайд арқылы мағлұматтар беріп кетем осы тақырыптар бойынша.

  1. Ұлы Отан Соғысы

  2. Қазақ батырлары

  3. Аты аңызға айналған жерлесіміз.

  4. Бейбіт күндегі ерлік пен батылдық.







1.Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал - майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 – тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген. Ол жауға қарсы 305 рет ұшып, оның сегіз жүзден астам техникасын істен шығарды. 

2. Иван Фомич Павлов (1922 – 1950 жж.) Қостанай облысы Бурабай ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысқа қатысушы, майор, эскадрилья командирі, Павлов 1942 жылы Орынбор әуе училищесін бітіріп, соғысқа жіберілді. Ол 1943 жылдың қазан айына қарай 127 рет жауынгерлік тапсырмамен әуеге көтеріліп, жаудың әскері мен әскери техникасын жойды. 

3. Сергей Данилович Луганский (1918 - 1977жж.) Алматы қаласында дүниеге келген. 1938 ж. Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 ж. Мәскеудегі әскери - әуе академиясын бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. 

4. Әлия Молдағұлова 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұл ақауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54 – ші арнайы атқыштар бригадасы 4 – батальонының снайпері болған (22 – ші әскер, 2 – ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30 - дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. Новосокольники ауданында қаза тапты. 

5. БаймағамбетовСұлтанБіржанұлы (1920), Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қоянды ағаш ауылында дүниеге келді. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмететті, 1943 жылы 25 шілде күні қыста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. 

6. Мәметова, Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы — Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігі мен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. 





Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам

қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959),

КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959),Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

Берілген сұрақтарға жауап.

Сұрақтар:

  1. Қанжығалы Бөгенбай батыр қай жылы дүниеге келді? (1680 -1775жж)

  2. Мәншүк Маметованың шын есімі қалай және Мәншүк Маметова деген кім? (Мәнсия)

  3. Мәлік Ғабдуллинға биыл неше жыл? (100 ж)

  4. Ұлы Отан Соғысы неше жылдығын тойлады? (75ж)

  5. Халықаралық Ассамблеяға неше жыл? (20 ж)

  6. 1700 жылы дүниеге келген қандай батыр? (Малайсары Батыр)

Ал балалар сендер жақсы жауап бердіңдер. қазір біздермен сурет салу ойының ойнаймыз. Өздерің көріп тұрғандай менің қолымда сандықша оның ішінде төрт тақырып әр оқушы келіп бір тақырыптын алады сол алған тақырыптың суретін салады.

  1. Ұлы Отан Соғысы

  2. Қазақ батырлары

  3. Аты аңызға айналған жерлесіміз.

  4. Бейбіт күндегі ерлік пен батылдық.

Сурет салуға 10 минут уақыт. Әр оқушы өз суретін қорғайды.

IV. Ой толғаныс. Бес жолды өлең.

V. Қорытынды. Біз әр қашанда осы біздің батырларымыздан үлгі алуымыз керек.

Сау болыңдар.



Тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз» кешінің бағдарламасы

Көрнекілігі: Жапырақтар, шарлар, қабырға газеті, мақал −мәтелдер, жұмбақтар, логикалық тапсырмалар.

1 - Перизат: Мінекей табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш сыйлайтын алтын күзде келді.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады

Айтшы  

Бұл қай кезде болады?

 

2- Әділет:

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

Бұл құбылыс

Күзде ғана болады.



1 – Перизат:

Көк аспаным мөлдіреп

Шуақты көзім елжіреп

Асыр салып жүретін,

Сары көйлегім желбіреп.

Айтшы

Бұл қай мезгілдің келгені

 

2 – Әділет:

Жайдарлы күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз

  бұл Алтын күздің келгені.

1 – Перизат: Армысыздар Қымбатты ұстаздар, ата аналар мен оқушылар!

2 – Әділет: Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі оқушылар!

Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

2 – Әділет: Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

 

1 - Перизат. Құрметті көрермендер бүгінгі өткізгелі отырған күзгі мерекеміздің мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан оқушылардың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

2 – Әділет: Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты мерекемізге қатысатын сыныптарды қошеметпен ортамызға шақырайық. Қарсы алыңыздар:!

5- сынып оқушылары, 6 – сынып оқушылары,7 – сынып оқушылары.

 1 – Перизат: «Аяулы күз, Алтын күз – 2015» мерекесіне қатысатын сыныптарға ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.      Мектеп директоры Уалиева Алма Октябрқызы

2.      Тәрбие ісінің меңгерушісі  Маймышева Салима Казиқызы

3. Оқу ісінің меңгерушісі Егубаева Гулзат Көжекқызы

4. Кітапханашы апай Искакова Асемгул Ғалымжанқызы

2 – Әділет:

Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.

Бағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады:

1. – кезең. Таныстыру . Қатысушылар өздерін таныстырады

2.- кезең. Экибана . Күзгі табиғатпен байланысты үй тапсырмасын таныстыру

3. – кезең. Өнер. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.

4. – кезең. Білімді мыңды жығар. Сайыс

5. – кезең. Сән үлгісі. Жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсыну

6. – кезең. Таң қалдыру сәті.

1 – Перизат:

Құрметті көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім

Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің өз - өздерін таныстыруы үшін ортаға шақырайық..

1 – Перизат:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Хан хандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.

Ендігі 2 - кезең үй тапсырмасы, күзгі табиғат тақырыбына байланысты экибана әзірлеу. Ортаға экибанасын көрсетіп, таныстыру үшін шақырамыз. 

1 - жұп. 5- сынып

2 - жұп. 6 - сынып

3 - жұп. 7 - сынып

2 – Әділет:

Мінекей екі кезеңді де артқа қалдырдық

Құрметті әділқазылар өтілген екі кезеңінен нәтижесін білсек

1 – Перизат:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Үкілі үміттерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

2 – Әділет:

Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,

Сұлулықты көргенге үміттіміз

Қуаныш сыйлай берші бал татыған.

1 – Перизат:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая - мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,- деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой.

 

2 – Әділет:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашан да нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден. дей келе 3 - кезеңіміз Өнерге кезек берсек.

Сыныптар ән, би, таппақ айтады:

5 сынып: «Көңілді күн» ән, Әділет «Күз» А.Құнанбаев.

6 сынып:

7 сынып.

1 – Перизат:

Өнерлеріңізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

Ал қатысушылар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.

2 – Әділет:

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын табар ма екен үміткерлер

Сол себептен қоятын сұрақтар бар

Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.

4 – кезең. Конверттер тапсырмаларымен беріледі. Әр оқушы әр конверттен тапсырма алып жауап береді.

№1. мақал − мәтелдер.

  1. Жер тоймай,
    Ел тоймайды.

  2. Жеріне қарай, егін ек,
    Жолына қарай жегін жек.

  3. Қыс азығын жаз жина.

  4. Арпа, бидай — Ас екен,
    Алтын, күміс — Тас екен.

  5. Тамыр тартқан — тарықпас.

  6. Жемісті ағаштың басы төмен.

  7. Егінші жылда арманда,
    Балықшы күнде арманда.

№ 2.жұмбақтар

  1. Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.  (Жеміс)

  1. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар?   (Мақта)

  1. Әкеміз ала баспақ асырады,

Күз келсе соямын деп асығыды.

  1. Баспағым бойын шөпке жасырады.

Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (Қарбыз)

  1. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе, жыладық.   (Пияз)

 

  1. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да,

Айналар нанға да.  (Бидай)



№3 логикалық тапсырмала
1. Қызықтыратын ойыншықтар Балалар емханасында жас емделушілер сонда тұрған ғажап дорбада қоңжық ойыншықтармен ойнағанды жақсы көретін. Өкінішке орай, балаларға қатты ұнағандықтан, қоңжықтар біртіндеп жоғала бастады: жасөспірім емделушілер оларды өздерімен үйлеріне алып кетіп отырды. Емхана басқарушысы бұл мәселені қалай шешкен еді.

Жауабы: Қоңжықтардың барлығына таңғыштар байлады да , балалардың барлығына қоңжықтар айығып кету үшін, емханада қалу керек деп айтты. Балалар мұнайса да, мақұлдап келісті
2 .Жүгіру ме, әлде жүру ме? Сіз қалай ойлайсыз- жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар? Осы сұраққа жауап бермес бұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін және бір орында тұрып жүгіру деген де болады.
Жауабы: Жүгіру мен жүрудің айырмашылығы қозғалыс шапшаңдығына байланысты емес. Жүру кезінде біздің денеміз ылғи да жермен аяқ нүктесі жанасып отырады. Ал жүгіру кезінде, кей кезде біздің денеміз мүлдем жерден дараланып, онымен ешбір нүктемен жанаспайды.
3. Ауыспалы мағына Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз?
Жауабы: Біз сағатқа қараған кезде, нешеден болмасын он минут кетіп тұрған жағдайда.
4. Кездесу. Асқар мен Айдос саябақтың кіре беріс есігінің алдында кешкі сағат 9-да кездесуге келісті. Алайда Асқардың да, Айдостың да сағаттары қате жүреді. Асқардың сағаты 3 минутқа қалып жүреді, бірақ ол керісінде 2 минут алда деп ойлайды. Ал Айдостың сағаты 2 минут алда жүреді, ол керісінше 3 минут қалып қойған деп ойлайды. Қалай ойлайсыздар, екеуінің қайсысы кездесуге кешігіп келеді?
Жауап: Асқар 5 минутқа кешігеді, ал Айдос болса- 5 минут бұрын келді.

Көрермеңдерден номер.....

Альфия: Ойын өткізу: «Қолынды соз» деп аталады.Жіпте кампит, ойыншықтар ілу. Қатысушылар қайшымен қиып алу.

1 - жүргізуші Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалайтын кез де келді Осы 3 - 4 кезеңдер бойынша қорытындыласақ. Балдық жүйе ең жоғары 10 балл.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Жанкүйерлер, аянбай - ақ жан салыпты дей келе ....

Әділет:

Ұйқтап жатқан жүректі ән оятар

Үннің тәтті оралған мән оятар

Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап

Жақсы ән көңілді жақсы уатар – «Ағатай» әнімен ортаға Перизатты шақырамыз қарсы алыңыздар.

2 – Әділет. Перизат біз жанкүйерлердің арасынан бір ойын ұйымдастырсақ қалай қарайсың?

1 – Перизат: Дұрыс айтасың, Әділет жүректері лүпілдеп соғып, кім жеңеді, кім қалады деген сан қилы сұрақта мазалап отырған көрермендерді бір сергітсек артық етпес.

2 – Әділет: Ендеше Ортаға әр сыныптан бір - бір қыздан ортаға шақырамыз Ойынның атауы «Намыс дода».

Шарты мынадай: Мінекей үш үстелді ортаға қойдық. Бұл жерде сендердің шапшаңдықтарыңызбен тапқырлықтарыңызды сынаймыз. Мен сіздерге осы аудиторияда бар бір заттың атауын айтам, сіздер сол затты тауып алып келіп, көрермендерден айналып мына жерге келіп мак ойынын ойнап барып орындыққа отырасыздар. Кім соңғы келеді сол ойыннан шығады. Бұл ойын арқылы сіздер өз сыныптастарыңызға бір ұпайдан қоса аласыздар Ескерту өз қолдарыңызда бар заттарды алуға болмайды. Дайындалайық.

Ән ойнайды.

1. Етік.

2. Сақина.

3. Ризинка

4. Гүл

2 – Әділет: Бәрекелді жарайсыңдар. Қатысқандарыңыз үшін рахмет.

1 – Перизат.:

Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,

Жан біткенді өзіне еліктетіп.

Қатысушылар өздерінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендігі кезекте сән үлгісін 5 - кезеңді тамашалаңыздар

1 - Перизат

Бар сұлулық құйылған бір басына,

Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,

Бетін шымшып жауратып күз салқыны,

Еркелейді еріксіз сырласына.

Өнерлінің жүзі жарқын,

Шығара білсе жарыққа дей ортада

2 – Әділет: Құрметті көрерменде енді соңғы кезеңімізге де келіп жеттік 6 - кезең яғни «Таң қалдыру сәті».

Бұл кезеңнің шарты бойынша ар сынып өздерінің істеген ісімен немесе басқа да тәсілдер арқылы залда отырған сіздерді таң қалдыру керек Ендеше сайыскерлерімізге кезекті берейік.

1 – Перизат: Сонымен, Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген.

2 – Әділет: Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген ақылды да, парасатты қатысушыларымыздың жеңіпмаздарын анықтайтын кезге де келіп жеттік.

1 – Перизат:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

2 –Әділет:

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстар бар … дей отырып, «Аяулы күз, алтын күз - 2015» байқауының жеңімпаздарын жариялау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Егер уақыт болса:

Көрермеңдерге жұмбақ жасыру.

Көк лағым көгенде тұрып семіреді.  (Қарбыз) 

Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.  (Қауын) 
 Аласа ғана бойы бар, 
Тоғыз қабат тоны бар.  (Сарымсақ (Чеснок)) 
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.  (Таба нан) 
 Судан алады,
Суға салса өледі.  (Тұз) 
 Алыстан қарасам аппақ, 
Татып қарасам тәтті-ақ.  (Қант) 
 Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады.  (Жұмыртқа) 
 Ақ отаудың есігі де жоқ, 
Тесігі де жоқ.  (Жұмыртқа) 
 Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.  (Қазан, от)

Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.

1 – Перизат

Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің

Бәріңде аман болыңдар. Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар.

 2 – Әділет:

Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.  Баршаларыңыз сау болыңыздар!

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«?аза? хал?ыны? ерлік істері» сынып са?аты

Автор: Сарсенбаева Жаныл

Дата: 08.12.2015

Номер свидетельства: 263686


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства