kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«білім беру жаңарту аясында «мәңгілік ел» идеяларын енгізудің қолданбалы аспектілері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«БІЛІМ БЕРУ ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ» және т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««білім беру жаңарту аясында «мәңгілік ел» идеяларын енгізудің қолданбалы аспектілері»»

«БІЛІМ БЕРУ ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ»

Алимова Ильмира Абдуллаевна

Қайназар ауылындағы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қайназар ауылы, Жерұйық 2 «А»

E-mail:AlimovaIlmira@mail.ru


«Менің оқушыларым жаңашылдықты менен

білмейді, олар өздері осы жаңашылдықты ашады.

Менің басты міндетім- олардың

ашылуына көмектесіп, өзіндік ойларын дамыту.

И.Г. Песталоций


          Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшті. Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу басты назарға алынған. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру  бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа  сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр – сырын зерттеп, бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.

Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары қарастырылды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау болып табылады.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалдық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі

Критериалды бағалаудың тиімділігі:

1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.

2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.

3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.

4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

*алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

* анық, айқындылығы;

* бағаның әділдігі;

* Критериалды бағалаудың міндеттері:

• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

• Сапалы нәтижеге жеткізетін критерийлер құрастыруға;

• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

• Сабақ берудің сапасын арттыруға;

• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге;

Оқушылар үшін:

• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге;

Ата-аналар үшін:

• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

• Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

• Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;

• Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;

• Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

Қорыта айтқанда, бұл баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.
























Әдебиеттер тізімі:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.

3. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

4. smk.edu kz «Критериалды бағалау бойынша нұсқаулық»






































Алматы облысы Жамбыл ауданы


«Қайназар ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«БІЛІМ БЕРУ ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ»























Бастауыш сынып мұғалімі: Алимова Замира Абдуллаевна






Қайназар 2016


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«білім беру жаңарту аясында «мәңгілік ел» идеяларын енгізудің қолданбалы аспектілері»

Автор: Алимова Ильмира Абдуллаевна

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379203


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства