kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата- ананы? ба?ыты балада.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата- аналар жиналысыны та?ырыбы: «Ата-ананы? ба?ыты балада»
Ма?саты:
Ата-ана - отбасыны? негізгі ді?гегі, бастап?ы д?некері. Д?ст?рлі ?аза? отбасында ата-ананы? ?адірі ерекше ?спеттелген. Мектеп, ата-ана, ?стаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы т?рбиелі, салауатты ?рпа? т?рбиелеу.
Жиналыс т?рі:пікірталас

к?рнекілігі: слайд, ата-ана?а, ба?ыт?а байланысты на?ыл с?здер, ата- ана ж?не бала т?рбиесі туралы бейне баян.

Жоспары.

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі б?лім:

1. «Ата-ананы? ба?ыты балада» пікірталас.

2.”Бала деген кім?”(Ой ?оз?ау)

3.”Ж?ректен шы??ан жылы с?з”:

4.Ата-аналар?а арнал?ан ситуациялы? с?ра?тар

?орытындылау.
( Сонымен, солай дейік. ток шоу тележоба бойынша пікірталас)

І. Кіріспе б?лім:

  - С?леметсіздер ме, ??рметті ата – аналар!

Біз сіздерді к?ргенімізге ?уаныштымыз.

 Б?гін біз сіздермен «Ата-ананы? ба?ыты балада» деп аталатын пікірталас ?ткізгелі отырмыз.

Отбасы – ?мірді кемеліне келтіреді, ба?ыт ?келеді.

Отбасы – адам ?міріні? тамаша жа?тары

ж?зеге асатын  адамны? е? басты шатты?ы

 болып саналатын, баланы? ?сіп, ?мір с?ретін орны.

?азіргі та?да ата – ананы? бірінші ма?саты– ?аражат табу, балаларын еш н?рседен м??таж етпеу. Бала – ша?аны? ?амымен ж?рген ата – ана бала т?рбиесіне де к??іл б?ле алмай ?алды. Ал бала т?рбиесі  отбасынан басталады, ?алыптасады. «Балапан ?яда не к?рсе, ?ш?анда соны іледі» демекші жа?сы – жаман ?деттерді бала отбасында ?йренеді. Отбасында?ы кикілжі? ?рыстар баланы? психикасына ?сер етеді. Баланы? мейірімді, е?бек?ор, ?депті болып ?суі – отбасында жайлы, жа?сы  жа?дайды? болуы. Баламыз ?мірден ?з орнын тауып, ба?ытты  ?мір с?рсін десек, бала т?рбиесіне к??іл б?луді еш?ашан естен шы?армайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата- ананы? ба?ыты балада. »

Ата- аналар жиналысыны тақырыбы: «Ата-ананың бақыты балада»
Мақсаты:
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Жиналыс түрі:пікірталас

көрнекілігі: слайд, ата-анаға, бақытқа байланысты нақыл сөздер, ата- ана және бала тәрбиесі туралы бейне баян.

Жоспары.

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:

1. «Ата-ананың бақыты балада» пікірталас.

2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)

3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:

4.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

Қорытындылау.
( Сонымен, солай дейік.... ток шоу тележоба бойынша пікірталас)

І. Кіріспе бөлім:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!

Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

Бүгін біз сіздермен «Ата-ананың бақыты балада» деп аталатын пікірталас өткізгелі отырмыз.

Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.

Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары

жүзеге асатын адамның ең басты шаттығы

болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.

Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы жағдайдың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Ата- ана туралы бейне баян.

1. «Ата-ананың бақыты балада» пікірталас.
Олай болса «Адамның бақыты балада», «Бала - адамның бауыр еті» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып өз ойын ортаға салса.

Осы сұраққа жауап беру үшін алғашқы ата- анамыз Айдананың анасы Айжан апайға сөз берсек.
Пікірлесуімізге қош келдіңіз. Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
1.Жауап:
Мен өзімнің сөзімді Абайдың жетінші қара сөзінен бастағым келеді.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды. Және өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі - білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы Абай.
Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз. Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.
Мұғалім сөзі.
Рахмет жауабыңызға. Дұрыс айтасыз қоғам деп жақсы айттыңыз.Өмірге келген балаға ортаның қандай әсері бар екен осы сұраққа жауап беру үшін.Келесі қонағымыз Мөлдірдің анасы Гүлзат апайымызға сөз кезегін берсек.
Пікірлесуімізге қош келдіңіз! Бала өмірге келді , балаға сол ортаның тигізетін әсері туралы айтып берсеңіз.
2.Жауап:
Бала тәрбиесі қай заманнан да, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Қазақ халқының бойына ана сүтімен дарыған тәлім-тәрбиесінің өзіндік мектебі болады.
Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, бойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу - біздің қоғамның басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.Ұлы Абайдың өзі де бірінші ата-ананы қойып тұр.
Сондықтан мен тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы деген болар едім. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі - қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы.
Мұғалім сөзі.
Рахмет жауабыңызға. Қазіргі жас өркен – мемлекетіміздің болашағы.Сондықтан да, балаға-бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты.
Ұлы Абай атамыз: «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен.Сонымен біздің ата-аналарымыз қалай ойлайды екен. Сұраққа жауап беру үшін келесі ата- анамыз Нұрасылдың анасы Гүлжан апайымызға сөз берсек.
Пікірлесуімізге қош келдіңіз! «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, содан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен.Сіз қалай ойлайсыз?
3.Жауап:
Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасына сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде» деген екен.Сондықтан жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі.Сондықтан балада ағаш сияқты. Қалай өсірсең солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында дегім келеді.
Мұғалім сөзі.
Рахмет жауабыңызға. Ұрпақ тәрбиелеуде нені қолға алған жөн?-деп ойлайсыздар.Осы сұраққа жауап беру үшін Гүлдананың анасы Сымбат апайға сөз берсек.
Пікірлесуімізге қош келдіңіз! Болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін нені қолға алуымыз керек? деп ойлайсыз және сол арқылы болашақ ұрпағымыздың бақытын көре аламыз ба?
4.Жауап:
Мен өзімнің сөзімді К.Д.Ушинский : «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -деген сөзінен бастағым келіп тұр, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен.Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуіміз керек.Әр баланың бойына ар-намыс пен туған жер,табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, ата-бабаларының ерлік істеріне сүйіспеншілік сезімдерін балаларымыздың бойына дарыта білуіміз керек. Ұрпақ-болашақ! Ал осы ұрпақ , яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді.Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей,өкіндірместей өсуі керек.Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндіріп, санасына тоқыған жөн.
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтың тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.
Мұғалім сөзі.
Жауабыңызға рақмет.Тағы да өз ойын айтатын ата- аналарымыз бар ма екен?
Иә, бүгінгі пікірталасқа өз ойын айтқысы келіп отырған ата- анамыз Айбардың анасы Қарлыға апайға сөз берсек.
Пікірлесуімізге қош келдіңіз! Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
5.Жауап:
Айтылып жатқан пікірлер өте дұрыс. Егер тәрбиелеп отырған балаларымыз қоғамға пайдасын тигізіп жатса. Мектеп өміріне араласып өз көмегін аямаса сол ата-ана үшін бұдан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Атақты Ескелді би былай деген екен: «Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық» деген екен.Олай болса мен айтар едім өмірде сыйластықтан артық ештеме жоқ деп. Сыйластыққа бәрі де сыйлайды. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің сөзімен айтсақ рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа - қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Мұғалім сөзі.
Жауабыңызға рахмет.Ата-ана үшін бала бақыты деген не? Сұраққа жауап беру бүгінгі пікірталасымызға келіп отырған Жасуланның апайы Бибігіүл апйымызға сөз берсек.
Пікірталасымызға қош келдіңіз. Ата-ана бақыты туралы ойыңызды ортаға салсаңыз.
6.Жауап:
Қай ата-ана өз баласының бақытты болғанын қаламайды дейсің. Мен өзімнің сөзімді «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — деген екен Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым дейді. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.
Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек - ұлы жеңіс болары анық. Ата-ананың баласының бақытты болғаннан артық ештеңе жоқ.
Мұғалім сөзі.
Жауабыңызға рахмет.

2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)

Иә сіздердің қозғап отырған ойларыңызға мен де қосыламын. Бала деген біздің болашағымыз, үмітіміз, бауыр етіміз.

Пікірталасымыздың келесі бөлімі.

3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:

Ғалымдардың айтуынша,

баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы

бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен. Сіздердің жүректен шыққан жылы сөздеріңізе кезек берсек.

4.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.

Пікірлесуімізге қонақ болып келіп отырған мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Мұрат ағаның ойын тыңдап көрсек.Сіздің ойыңызша ата-ана үшін бала қандай болу керек?

Жауабыңызға рахмет!

Иә дұрыс айтасыздар. Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қарасаңыздар дей отырып бүгінгі пікірталасымызға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ата- ананы? ба?ыты балада.

Автор: Ожанова Жанар Ахметбековна

Дата: 10.09.2015

Номер свидетельства: 229781


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства