kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналармен ж?мыс (коучинг)

Нажмите, чтобы узнать подробности

            А?пан айыны? 2-де 2016ж. бізді? мектепте ?алалы? семинар ?тті.Сол семинарда  ата-аналарымен «Мінсіз м??алім, мінсіз ата-ана мінсіз о?ушы» та?ырыбында тренинг ?ткіздім.

Ма?саты: Отбасында  бала?а жа?сы  т?рбие беруге ы?пал етіп,ата-аналар арасында  бала  т?рбиесіндегі жауапкершілікті арттыру.

Тренингті? со?ында «Бізді? балалар» бейне-ролигін  к?рсетіп, осы бейне-роликтен ?андай ой т?йгендерін,оны? негізгі идеясы не екендігін айтуларын с?радым.Ата-аналарды? ой-пікірлері бір жерден шы?ты,я?ни, тек  перезент с?йіп ?ана ?оймай,о?ан к??іл б?ліп, д?рыс  т?рбиелеу керектігін айтты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналармен ж?мыс (коучинг)»

Ата-аналармен тренинг жоспары

Өткізген мұғалім: 9 «А» сынып жетекшісі, ІІ-деңгейлі ағылшын тілі пәнінің

мұғалімі Нурасилова Лязат Ертайқызы

Күні: 02.02.2016 жыл

Қатысқаны: 12 ата-ана


Тақырыбы: Мінсіз мұғалім , мінсіз ата-ана, мінсіз оқушы


Тренингтің мақсаты: Отбасында балаға жақсы тәрбие беруге ықпал етіп,ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру; ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту.


Күтілетін нәтиже:

Ата-аналар өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімделеді.

Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайды.

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс 

Қажетті заттар: маркер, плакат, сұрақтар жазылған парақшалар

Тренинг бағдарламасы:

1.Топқа бөліну

2.«Баламның бойындағы қасиет» тренинг

3.«10+5+1»әдісі

4.Доппен жаттығу: « Бала сіз үшін кім?»

5.Қызықты 10 сұрақ: «Сіз балаңызды білесізбе?»

6.Топтық тапсырма

7.Бейнебаян. «Біздің балалар» 

8.Ой жинақтау

Тренинг ережесі:

1. Өз ойын еркін жеткізу.

2. Бір-бірлерінің пікірін құрметтеу

3. Белсенділік таныту.

4. Шынайылық.

5. Топтасып жұмыс жасау.

6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. 


Тренингтің жүру барысы: 

І.Топқа бөлу.

Ата-аналар «Күн», «Ай», «Жұлдыз» суреттерінің қиындысын жинау арқылы топқа бөлінеді.

ІІ. «Баламның бойындағы жақсы қасиеті» тренингі ( Жиналған ата-аналар бір-бірінің қолын ұстап, үлкен шеңбер жасайды. Өздерінің балаларының бойындағы 1 жақсы қасиетін айтады және оны ұнату себебін айтады. )


ІІІ. «10+5+1» әдісі. Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті  құндылықтарды жазыңыздар. Саны  - 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім...

     Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол  көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала - ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.

ІV.Доппен жаттығу: «Бала сіз үшін кім?» Допты ата-аналар бір-біріне ұсынып, сұраққа жауап береді.Мысалы: Бала-болашағым, бақытым, шырағым т.б

V. «Сіз балаңызды білесізбе?» атты қызықты 10 сұрақ:

1. Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты-жөнін білесізбе?

2. Балаңыздың қасында отыратын көршісінің аты кім?

3. Балаңыздың ең сүйіп жейтін тамағы?

4. Қандай достарын білесіз?

5. Қандай түсті ұнатады ?

6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7. 1-сыныпқа қай жылы барды, есіңізде ме?

8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздерді қолданасыз?

9. Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

10. Балаңызбен қандай қарым қатынастасыз?


Ата-аналардың жауаптарын, алдын- ала алынған оқушылардың жауаптарымен салыстырамын. Мақсат : ата-анамен баласының арасындағы қандай байланыстың бар екенін байқау.

VІ.Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі: мінсіз оқушы,мінсіз ата-ана , мінсіз мұғалімнің бойында қандай қасиеттер болу керек?

1-топ: Мінсіз оқушы.

2-топ: Мінсіз мұғалім.

3-топ: Мінсіз ата-ана.

VІІ.Бейне-ролик:«Біздің балалар».

Осы бейне-роликтен қандай ой түйдіңіздер? Оның негізгі идеясы не?

VІІІ.Ой жинақтау (қорытындылау):

Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,Гүлденіп ой –өлкесі. – деп Абай атамыз осы өлеңінде ата-ананың қуанышы,гүлденген үміт-арманы тек перезент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше құрметті ата-аналар қолымыздағы алтындарымызға жақсы тәрбие беріп, оларға біз ең басты үлгі бейне екенімізді ұмытпайық.

ІХ. Рефлексия: «Чемодан, қоқыс шелегі, еттартқыш»

«Чемодан» бүгінгі тренингтен өзіңізге не құнды нәрсе ала алдыңыз, нені алып кетесіз,жасыл стикерге жазып,ілесіз.

«Қоқыс шелегі» сізге мүлдем ұнамады, қажеті жоқ нәрсе,қызыл стикерге жазып,ілу керек.

«Еттартқыш» бүгінгі тренингтен ұнаған нәрсе,бірақ әлі толықтырғыңыз келеді,білгіңіз келеді,сары стикерге жазып,іліңіз.





Рефлексифті есеп


Ақпан айының 2-де 2016ж. біздің мектепте қалалық семинар өтті.Сол семинарда ата-аналарымен «Мінсіз мұғалім, мінсіз ата-ана мінсіз оқушы» тақырыбында тренинг өткіздім.

Мақсаты: Отбасында балаға жақсы тәрбие беруге ықпал етіп,ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру.

Тренингке 12 ата-ана қатысты. Алдымен ата-аналарды сурет қиындыларын құрастыру арқылы 3 топқа бөлдім: «Күн» «Ай» «Жұлдыз». Топқа бөлінген соң ата-аналар бір-бірінің қолын ұстап, үлкен шеңбер жасап,өздерінің балаларының бойындағы 1 жақсы қасиетін және оны ұнату себебін айтты.Келесі кезекте ата-аналарға ақ парқтар таратып, оған өмірлеріне қажетті  деген 10 құндылықты жазуды ұсындым. Ата-аналар көбіне отбасы,денсаулық, білім, бала, спорт, дос, ата-ана т.б құндылықтарды атапты. Ең соңында негізгі құндылық ретінде көбісі отбасы деді,оның ішіне баламда кіреді деп түсіндірді.Енді сол балаларымен қарым-қатынастары қандай екендігін байқау мақсатында «Сіз балаңызды білесізбе?»деп қызықты 10 сұрақтан құрылған сауалнама бердім. Ата-аналар бұл сұрақтарға жауап беруде біраз ойланып қалды. Әсіресе, баласының достары кім екенін, сыныпта кіммен отыратынын, сынып жетекшісінің толық аты-жөні туралы сұрақтарына қинала жауап берді.Одан кейін ата-аналардың жауаптарын, алдын-ала алынған балалардың жауаптарымен салыстытырдық.Дегенмен біраз ата-аналармен баласының арасындағы жауаптар сәйкес болды. Бала тәрбиелеудегі өздерінің көз қарастары туралы айтты.

Келесі топтық жұмыста 1-топқа:«Мінсіз ата-ана», 2-топқа:«Мінсіз мұғалім», 3-топқа:«Мінсіз оқушы» моделін құрастыруды тапсырдым. Бұл тапсырмаларды орындауда жас ата-аналар белсенділік танытты. Ата-аналар өз ойларын бірлесе қағаз бетіне түсіріп, мінсіз оқушы, мінсіз ата-ана және мінсіз мұғалімнің бойында болатын қасиеттерді жазды, бір-бірінің пікірлерімен танысты,ортақ ойға келді.

Тренингтің соңында «Біздің балалар» бейне-ролигін көрсетіп, осы бейне-роликтен қандай ой түйгендерін,оның негізгі идеясы не екендігін айтуларын сұрадым.Ата-аналардың ой-пікірлері бір жерден шықты,яғни, тек перезент сүйіп қана қоймай,оған көңіл бөліп, дұрыс тәрбиелеу керектігін айтты. Ендеше құрметті ата-аналар қолымыздағы алтындарымызға жақсы тәрбие беріп, оларға біз ең басты үлгі бейне екенімізді ұмытпайық деп,рефлексия жасау арқылы тренингті аяқтадым.

Тренингтің соңында сөзді мектеп директоры Керейбаева Раушан Нұрғалиқызы алып, өтілген тренинг туралы өзінің ой-пікірімен ата-аналармен бөлісті.

Тренингке жиналған ата-аналар риза болып тарқасты.








Ата-аналармен өткен тренингтен көрініс





Тренинг ережесімен танысу





Тапсырмаларды орындау


Топтық жұмыс

Рефлексия


Директордың қорытындылауы


17 орта мектеп






Тақырыбы:

Мінсіз мұғалім ,

мінсіз ата-ана,

мінсіз оқушы



(Ата-аналармен тренинг )





9 «А» сынып жетекшісі,

ІІ-деңгейлі ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі

Нурасилова Лязат Ертайқызы







Талдықорған 2016


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ата-аналармен ж?мыс (коучинг)

Автор: Нурасилова Лязат Ертай?ызы

Дата: 06.03.2016

Номер свидетельства: 302683


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1830 руб.
2620 руб.
1670 руб.
2380 руб.
1620 руб.
2310 руб.
1370 руб.
1960 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства