kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Ата-аналар?а психологиялы? ?олдау саба?ы» 11 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамны? жеке басыны? ал?аш?ы ?алыптасуы отбасынан басталады. Оны? ер жетіп ?суі, бойында?ы ал?аш?ы адамгершілік белгілер отбасында ?алыптасады, сонды?тан да ту?ан ?йді? жылуы – оны? к?кірегінде к?п жылдар бойы са?талып, м??гі есінде ж?реді. А?ын с?зімен айт?анда:

        «Отбасы – таби?ат сыйла?ан кереметтерді? бірі», - десек арты? емес. Жеке адамны? бойында?ыар-?яты, а?ыл-ойы, адамгершілігі, бас?а адамдармен  ?арым-?атынаста, м?дениеттілікті т?рбиелеуде  отбасы ал?аш?ы ?адам. Сонды?тан, отбасы ?те ?ажетті, бас?адай ешн?рсемен ?згертуге (ауыстыру?а) болмайтын баспалда?. Отбасы – сыйласты?, жарасты? орна?ан орта. Отбасы – бала т?рбиесіні? е? ал?аш?ы ?жымы.Отбасыны? басты ?азы?ы, алтын тіреу ді?гегі – бала.  Баланы? т?рбиелі болып ?суіне берекелі отбасыны? ?сері мол. Отбасыны? ?рбір м?шесі, ?зара с?йлесіп, не болмаса ата-ананы?, баланы? міндетін ат?ару ?ана емес береке-бірлік, с?йіспеншілікпен араласса, боса?асы берік, ша?ыра?ы биік отбасына айналары с?зсіз.

       Адамдар арасында?ы ?арым-?атынаста адамгершілік, ?деп-инабат ?рдістеріні? ?аншалы? ке? жайылып, тере? тамырлануы, е? алдымен, оларды? жекелеген отбасында ?ркен жаюына, я?ни баланы? ата-анасын жан-ж?рек ?алауымен, саналы т?рде  арда?тап, ??рметтеуіне, инабат та?ылымын ?лкендерден ?йрене отырып, оларды? ?здеріне деген ?арым-?атынстарында  м?лтіксіз ж?зеге асырып отыруларына байланысты.

         Адам ?міріні? м?ні мен с?лулы?ы, адамны? келешегіне сенімділігі  - баланы? ата-анасын     арда? т?тып, ?зіні? перзенттік ?арызын бір с?тке де есінен шы?армауында. Б?л – жас ?рпа?ты? м?дениеттілігін, ?дептілігіні? ?ана емес, е? алдымен, адамшылы?ыны? белгісі.

         Бала – ата- ана ?міріні? жал?асы.    Бала т?рбиесі – ?ызы?ы мен ?иыншылы?ы ?атар ж?ретін к?рделі процесс. Жазушы – педагог Ж.Аймауытов: «Баланы т?рбиелеу ?шін ?рбір т?рбиешіні? ?зі т?рбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ??тыр?аннан г?рі, к?ргеніне к?п еліктегіш келеді. »

Баланы жастан ба?паса?,

Жаманды?тан ?а?паса?.

?адірден ж?рдай ?ас?а боп

Кешкені? ?мір бос?а тек - дегендей, баланы? ысты? суы?ына к?ймейтін, жа?сылы?ына с?йінбейтін ата-ана жо? шы?ар. Б?гінгі ?л – ерте?гі ?ке, ол ?кеге ?арап ?седі. Б?гінгі ?ыз – ерте?гі ана, ол шешеге ?арап ?седі, бойын т?зейді. Бала?а білім, т?рбие беруде басты т?л?а ?стаз болса, оны жал?астырушы, демеуші ата-ана.

         Сонды?тан да мектеп ?міріндегі ата-аналарды? педагогикалы? білімін жетілдіру, м?дениетін арттыру, бала т?рбиесіне белсене араластыру, соны? н?тижесінде ата-ананы баланы? ал?аш?ы ?стазына айналдыру ма?сатында ?йымдастырылатын семинар тренингтерді? ма?ызы орасан зор.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Ата-аналар?а психологиялы? ?олдау саба?ы» 11 сынып. »

Күні:10.12.2014ж

Тақырыбы:Ата-аналарға психологиялық қолдау сабағы

Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы көрсету.

Ата-аналарға балаларымен қарым-қатынас стилі жайлы ой тастау.

Сынып ата-аналарының мектеппен тығыз байланысын нығайту.

Бала,педагог,ата-ана үштіктегі серіктестік қатынасты қалыптастыру,бала тәрбиесіндегі бірлікті қамтамасыз ету.

Көрнекіліктері:Слайд, қағаздар, шам, доп,  жаднама, карточкалар.

Тренинг бағдарламасы:

1. Есімдер аллитерациясы.

2. Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.

4. Ситуациялық сұрақтан шығу.

5. Аяқталмаған мақал – мәтел.

6. «Тілек шамы».

7. Ой- толғаныс.

Тренинг барысы:

І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.

1.2. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

Шарты:Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.

Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

-         Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

-         Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?











ІІ. Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

         Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:

        «Отбасытабиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағыар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

       Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде  ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында  мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

         Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын     ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

         Бала – ата- ана өмірінің жалғасы.    Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы – педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. »

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

         Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.





















\

ІІІ. « Біз біргеміз!»  жаттығулар

Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12.ҰБТ дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

13.Балаңыздың таңдаулы пәні не?

14.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

15.Сіздің балаңыз агрессивті ме?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

19.Соңғы ҰБТ барысында балаңыз неше ұпай жинады?

20.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?







IҮ . Ситуациялық сұрақтар.

Сынақ; Мына стол үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 4 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).

1.     Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

2.     Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

3.     Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

4.     Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

5.     Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

6.     Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

7.     Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

8.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?





Y. Аяқталмаған мақал - мәтел

1)Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

2) Ананың сүті – бал,  баланың тілі - бал.

3) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.

4) Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

Он бес  жасқа дейін құлдай жұмса,

Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.

5) Тәрбиелі кісі —
Қант қосқан жармадай,
Тәрбиесіз кісі —
Шаң боратқан арбадай.

6) Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
7) Бала тәрбиесі бесіктен.

8) Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

9) Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.

10) Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

11) Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
12) Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».

13) Жемісті ағаш жер бауырлап өседі,
Жетелі жігіт ел бауырлап өседі.

14) Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,

бала - жағасындағы құрақ.

 15) Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
 16) Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.

17) Отан – отбасынан басталады.
18) Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

19) Алты жасар бала алыстан келгенде,

Алпыстағы ақсақал  сәлем берер.

20) Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – он пішер.



YI. «Тілек шамы».

Мақсаты:тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

-Құрметті ата-аналар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.



















ҮІІ. Ой-толғаныс.

       Қорыта айтқанда, отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру қажет. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле».Тәрбие ешқашан үзіліс, демалыс күндерді білмейді.Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

 

 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
« Ата-аналар?а психологиялы? ?олдау саба?ы» 11 сынып.

Автор: Рустембекова Алтынкуль Куанышбековна

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства