Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "Сыйынар ем, Ана деген т??ірге" »
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» Сабақтың мақсаты:
Білімділігі 8 - наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру.Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру. Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту. Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Шығармашылық ізденіс сабағы. Сабақтың түрі: Кездесу сабағы. Көрнекі құралдар: Буклет, плакат, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, тарихтағы аналар суреті. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ана деген - ............... (топтастыру)
3. Тарихта есімі қалған аналар
4. Ән: «Ана туралы жыр»
5.Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазшылардың анаға арналған өлеңдері
6.Күй: «Ерке сылқым»
7. Монолог: «О,Ана, ана!» , «Аман болсын, ақ жаулықты аналар»
8. Ән: «Анаға хат»
9. Аңыз: «Өлімді жеңген ана» Ғ.Мүсірепов
10. Поэзия: «Ана жүрегі»
11. Ана туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, ғұламалардың айтқан сөздері
12. Ән: «Абзал ана»
13.Ана туралы өлең-шумақтар
14. Ән: «Мереке күніңмен»
15. Қорытынды
1-жүргізуші: Қадірменді ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің жиналып отырған себебіміз – алда келе жатқан көктемнің шуақты мейрамы – Халықаралық әйелдер мерекесі – 8 наурыз! Сондықтан алғы сөзіміз – қасиетті Ана туралы болмақ. 2-жүргізуші : Абзал аналар, апа - қарындастар, ару қыздар! Аймақты нұрға бөлеп, жылы леппен аялап, өңірімізге көгілдір көктем де келді. Халық осы күнді асыға күтеді. Өйткені, көктем жаңарудың басы, тіршіліктің қайта түлейтін шағы. Табиғат ананың осынау мерейлі мезгілінің аналар мейрамымен қатар келуінде терең мән бар. «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - дейді халқымыз. Ана – тіршіліктің алтын арқауы. 1-жүргізуші: Сіздерді байлығы мол көктем мерекесі, аналар мерекесі, ізгілік, сұлулық, махаббат мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз - әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға. 2-жүргізуші Ана... Осы бір сөзде қаншама мән-мағына бар десеңізші! Ана – қамқоршы, ана-сүйеуші, ана – отбасы ұйытқысы, ана-қоғам қайраткері
1-жүргізуші: ия, дүниеде анаңа теңдесер жан болмас сірә! Олай болса Ана дегенміз ол -
Ана деген - .......
әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Әлемнің жан дүниесі, ол тіршілік, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы
тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан
Бізді дүниеге әкелген мейірімді, аяулы да құдіретті адам
Өз баласының сүйікті досы, мақтанышы, қамқоршысы
Біз үшін пана, дара, дана тұлға
Ол үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі
Үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруының несібесі
1-жүргізуші: Халқымыз әрқашанда нәзік жанды әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.Ұлт басына күн туған замандарда ер азаматтардың жігерін жанып, жүрегіне от берген де әйелдер, қаһарман қазақ қыздары. 2-жүргізуші Егер тарихқа үңілсек, аналар қандай ауыртпалықты да халқымен бірге көтерген. Жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару алса, бейбіт кезеңде бесік тербетіп, ұл - қыздарын даналық пен көрегендікке, ізет пен ілтипатқа баулыған. Халық эпосындағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, бергі дәуірдегі ақыл-парасатымен жұбайы мен еліне жағымды болған ақыл иесі Домалақ ана мен Айша бибі, ұлы Абайды тәрбиелеген әжесі Зере,анасы Ұлжан, қол бастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыз сол әйелдердің шоқ жұлдыздай бір шоғыры.
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы кезіндеОрта азия аумағынан шықан ерен ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атанған жалғыз қыздары шыңыс қош шынары Әлия мен Мәншүк. Ал бертін келсек, 1986 жылдың ызғары желтоқсанында мұз құрсауында алау болып жанып, әділдікті талап етіп, әміршіл жүйеге қарсы шыққан жастарымыздың дені – қайтпас, қайсар, қаршадай қазақ қыздары Сәбира мен Ләззат болды.
Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз Күлаш Байсейітованы, Роза Бағыланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерейованы т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.
2-жүргізуші :Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін ананың еселі еңбегін ешкім де ешуақытта өтеу алмасы хақ. Алайда, оның есімін ұлықтап, құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы. Ананың орнын ешкім баса алмас. Ананың аялы алақанын ешбір дүние алмастыра алмас. Анаға қаншама ән шырқалып, жыр жазылды. Соның бірі - «Ана туралы жыр». Қазақ әнінің падишасы Шәмші Қалдаяқовтың бұл әнін естіген бойда кез келгеннің жүрегі елжіреп, анасына деген ыстық сағынышы басылады. Хор: «Анашым» әні
Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазшылардың анаға арналған өлеңдері
М.Мақатев «Анашым»
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.
Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?
Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.
Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.
Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың...
Фариза Оңғарсынова «Ана» Ана үлкен , биік құдірет, Анасыз өмір өтер , жөні бөлек. Өмірдегі балалар дүниеде, Арқасында сол ананың ғанибет. «Ана» сөзі үш әріптен құралған, Үш әріпте жатыр ғой бар арман. Сол арманым орындалып кетсе егер, Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған. Есіңде болсын ұлдар, қыздар, Өз анаңа боласың сен қарыздар. «Кешіріңдер,құрметті аналар» - Деп өтеді түсінетін адамдар.
Қасым Аманжолов «Жаз дидарлы жас ана»
«Жаз дидарлы жас ана» , Жаныңды тос әр күйге. Жасара түс жасара, Бөбегіңді әлдиле. Шіркін ана қыз туып, Күн өсірген күн құрсын. Нұр үстіне нұр жауып, Өз күніміз құлпырсын. Теңдік атты терең күй, Бізден басқа қай елде? Дүние бүгін басыңды и Еркін азат әйелге. Көктен, жерден, теңізден Жұлдыз емес қыз көрдік. Ерке сәби емізген, Айдай ана біз көрдік. Сұлулық пен махаббат Не?- деп әркім таласар, Бақыты бар басы азат, Адамға олар жарасар. .
Марал Әлжанова «Ана деген» Ана деген -- мөлдір бастау суаты, Ана деген – бұл өмірдің қуаты. Ана деген – алтын күннің сәулесі, Ақ таңың боп шашылатын шуағы. Ана деген -- қызыл гүлі өмірдің, Ана деген – мерекесі өмірдің. Ана деген – мейірімнің мекені, Алдарыңа ақ гүлің боп егілдің. Ана деген -- дүниенің тірегі, Ана деген – сан ұрпақтың жүрегі. Ана деген – қол жетпейтін көктегі, Адамзаттың ақ арманы ,тілегі . Ана деген -- көбелектей гүлдегі, Ана деген – аққу сынды көлдегі. Ана деген -- күш қуатың, қорғаның, Ақ отаудың алтындаған діңгегі.
Мағжан Жұмабаев. «Анама» Өмірімнің қап қараңғы түнінде Еш не білмес, өңім бе, я түсім бе? Оң менен сол , от пенен су айырмас , Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,-- Құшағыңа алдың сүйдің сен, анам, Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан анам!», Ыстық-суық , желге – күнге тигізбей, Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам. Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің, Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің. Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған Екенімді ойламастан тез білдің. «Жаным – дедің,-- қарашығым,құлыным,» -- Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»-- Қаз-қаз тұрсам,езу тартсам,құласам, Я жыласам – Бәрі жақты қылығым. Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл, Жазу болып, шегер болсам ұзын жол, Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға, Жан балаңа ақ батаңды бере көр!..
Орынбасар Берекеттің орындауын «Ерке сылқым»күйі
1-жүргізуші «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес. Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.
Монолог: «О.Ана, ана!» Баубек Бұлқышев
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?! Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді?!Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - Ана! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, шырмысым бауырына жармасатының, шырылдап уанбай жылап іздейтінің — ана! Сен жан болып дүниеге келдің, сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол — Ана!Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеде үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол -Ана!Міне, сенің анаға деген махаббатың құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі де ыстық.Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.
Монолог:«Аман болсын ақ жаулықты аналар» Ана шырақ ұрпағымен жағылған , Өз анасын бар періште сағынған . Құдыретын сезінгендер басиып ,
Аана деген үш әріпке табынған . аман болса ана деген ардағың , күндеи болып нұрланады жан-жағың . қуанышпен бар қайғысын өмірдің , ана ғана көтереді салмағын . ана деген жылағанды жұбатқан , ана мөлдір жаралғандай бұлақтан . қорған болып аймаласа перзентін , тәңірінен амандығын сұратқан . ана ғана шын ұғынған жаныңды , ана берген жүректерге жалынды . қарызыңнан құтылмайсың өлгенше , аналардан аямаңдар барыңды . ана деген түн ұйқысын төрт бөлген , ана ғана өткізеді өткелден . жадыратса жаздай етіп жаныңды , шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен . ана болса жүзіп өтер кемең бар , анаң болса қартаймайсың деген бар . тірі кезде қадырлесең анаңды , шын өкініш жауламайды санаңды . аналардың бар тамырын идіргін , ана ғана ұрпағыңды сүйдірген . алла өзі жаратқанда ананы . пенделердің жерге басын идірген , ұзақ өмір жасай берсін аналар , аналарын қадырлесын балалар . шаңыраққа шаттық нұрын силаған , аман болсын ақ жаулықты аналар .
2-жүргізуші: Бүгінде жасампаз Жолдауымен халық жігерленіп отырған Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен түйіндесек: «Тәуелсіз еліміздің керегесін нығайтып, шаңырағын биік көтеруші тағы да - әйелдер, аналар!». Олай болса аяулы аналарымыздың құрметіне арнап Қаби Ақмамық орындауындағы «Анаға хат» әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші Поэзия «Ана жүрегі»
Ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған:
Мәңгі жас сен жайында дастан бар-ау, Мәңгі өлмес сен туралы аңыз қанша?! Жалындап жас жүректің бар қызуы, Жастықтың басталғанда бал қызығы, ....Ертеде сұлу қызға болған ғашық Ананың әлпештеген жалғыз ұлы. Сол қызға жолығатын батыл әлгі Бір күндер төсек тартып жатып алды. Ұйқыға кетсе шошып аласұрып, Анасын айқай салып шақырады. Гүл өңі алау тартып жайқалмайды, Сауығу мынау халден байқалмайды. Ол бірақ ішін өртеп жатқан жайды Ашылып анасына айта алмайды. Қыз атын айтса ауыздан зар шығыпты, Құс жастық аққан жасқа малшыныпты, Дертіне сағыныштың шыдай алмай, Жас жігіт құр сүлдер боп таусылыпты. Қинады қыздың шарты, бөлек екен О сұлу, неткен қатал керемет ең?! «Анаңның жүрегін ап келген күні Мен саған жар боламын», - деген екен. Сол қызға есі ауған жігіт мүлде, Бүк түсіп жата алмады құрып күнде. Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың Жүрегін жұлып алды тұрып түнде. Сүюдің серті ме еді соның бәрі, Ол міне, қыздың шартын орындады, Сүрініп кетсе жігіт келе жатып, Жүрегі түсіп кеткен қолындағы. Ананың кезі бар ма кекті болған Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек «Құлыным, байқасаңшы», - депті оған... Осы аңыз естігенге қатал-ақ тым. Дәстүрге қарсы анадан бата алатын, Кім білсін дәлелдеуге шығарды ма, Ананың айнымайтын махаббатын?
1-Жүргізуші Саламат ,қалай ойлайсың? Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
2-Жүргізуші: Әке 1-Жүргізуші: Жоқ, әке қанша мейірімді болғанмен ананың жөні бөлек. 2-Жүргізуші: Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол ана.Анасыз бала,ұйықтамайды. Ана үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы. . 1-Жүргізуші: Үйдегі алтын қазық кім? Саламат. 2-Жүргізуші: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке - қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.
Кезекті Ана туралы нақыл сөздерге береміз "Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің"
"Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада"
"Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмассың"
"Ана аяғының астында жұмақ жатыр"
"Баласы атқа мінсе, үйде отырған шешесі тақымын қысады"
«Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді. «
«Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы».
«Ананың алақаны балаға айдынды қоныс».
«Ананың басқан жерінде пейіш бар»
«Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді»
«Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды».
Анасыз өмір — сөнген көмір.
« Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады».
«Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды».
«Анаға баланың алалығы жо»қ.
1-жүргізуші: Белгілі жазушыларымыз бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге «Өлімді жеңген ана», «Ғазиз ана», «Ананың анасы», «Ер ана» тәрізді әңгімелері белгілі, ана алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иеді!
Мұны мына бір Ақсақ темірдің \"Өлімді жеңген ана\" тақырыбынан-ақ байқауға болады. \"Ақсақ темірдің ұлы өлген соң ол баласының кегін қан төгіс арқылы қайтармақ болды. Алып мұнараларды адамның сүйегінен тұрғызды. Қаһарына мінген Темірді көрген кезде адамыңда тіпті жан-жануарлар жан-жаққа қашатын. Сол кезде бір әйел адам келіп: -Хан болсаң өзіңе хансың, ал мен үшін сен адам қатарына да жатпайсың! Сен әлемге өлім әкелсең, мен өмір силаймын. Сені де ана тапқан! Сен де анадан шыққансың. Баламды кері қайтар,-деп бұйырады. Сол кезде Темір әскерін дүниенің төрт бұрышына жібереді. СОл кезден бастап Темір райынан қайтып, басқаша өмір сүреді\" Міне терең мазмұн осында жатыр. Тіпті тас жүректің жүрегін жібітіп, тілін таба білетін адам ол АНА!
Ғұламалардың айтқан сөздері: 1) Дулат Бабатайұлы: «Ата - ананың ақылы - қарулы қара жолмен тең». 2) О. Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ». 3) М. Горький: « Адамдар - әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды». 4) Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». 5) В. А. Сухомлинский: «Ана затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін беретіндігіне мен мың мәрте көз жеткіздім».
6) К. Д. Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».
7)В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».
8) Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. 1-жүргізуші: Ақмамық, менің таң қалатыным, аналар үйде барлық тіршілікті істеп, одан қала берсе жұмысқа барып үлгереді гой
2-жүргізуші: Ия, мен мектептен келсем, тамағымда дайынғ үйде жинаулы мұнын бәрін қалай үлгереді екен.
1-жүргізуші: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздердің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашанда белгілі.
Ән: «Абзал ана» Орындайтын Ислам Гүлжанат пен Осман Айгүл
2-жүргізуші: Ендігі кезекті оқушылардың анаға арналған арнау өлеңдеріне кезек берейік
1 оқушы Ана деген – адамзаттың данасы, Ана деген – сәбилердің панасы. Ана деген – жарық жұлдыз шырағың, Ана деген – қайнар ыстық бұлағың. Ана деген – өмірдегі қамқорың, Ана деген – сүйенерің жан құрбым. Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым. Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәр береді ақ сүтің, Кен құшағын аясындай гүл бақтың. Мен өзіңмен қайда болсам біргемін, Махаббатың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай жадырай бір күлгенің, Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
2 оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысын, ардақтысын, данасың!
Қарайтыным қас - қабағын бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
3- оқушы: Ол – ана, адамзатқа қанық үні, Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні. Ол деген алыбы ғой алыптардың, Ана тілі емес пе халық тілі. Сәуле кіріп еңгенмен саналарға, Бірте –бірте басқанмен заман алға. Адам болып жер басып жүргенменен, Алдыменен қарызбыз аналарға.
4 оқушы: Жарық дүние сыйға тартып сәбиге,
Мол бақытқа бөленеді ана әрине.
Адамзатқа бұл өмірді сыйлаған,
Ана сөзі ұлы дайым фәниде.
Жас өмірін құрбан қылып бала үшін,
Барлығынан артық көрген баласын.
Бұл өмірде сыйлап өтем мәңгілік,
Қартаймаңдар қасиетті Аналар!!!
5 оқушы: Бұл жерде таппай тұрмын тіпті байыз.
Бар дейсің бұл күндері тіп - тік қай із.
Наурызда аналарға сый ұсынып,
Жылына бір - ақ рет құттықтаймыз.
Аналарға күн сайын алғыс айтпай,
Олардың жағдайынан түк те ұқпаймыз
. Аналарды ардақтап өту керек,
Егер де өссін десек ұлттық пайыз.
6 оқушы Сыйынатын болса өмірде құруы Сыйынар ем, ана деген тәңірге! Ананы да , мені де әлпештеген, Қайтпас қайрат,дариядай ақыл берген. Ниетің қабыл болсын аналарым, Өркендеп өсе берсін бабаларың. Барша ,ана, құтты болсын мерекеңіз Әрқашан да, ана, сізден берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз.
7- оқушы Күнде той бола бермес дәл осындай, Тышымас көңіл бақыт жол ашылмай, Өмірде саған жақын адам болмас Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай. Аамдықтың ашқасын қақпасын кеп, Туан елін сүйсіне мақтасын деп. Пәк сезіммен тілеймін адамдарға Анасының ақ сүтін ақтасын деп. Өмірде ана- бақыт, ана – пана, Өмірде өркендетер ана ғана. Өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана.
8-оқушы Ана! Ол біздің елде ардақты адам, Кіші де, үлкені де ардақтаған. Өзінің аяулысы Отанын да. «Ана» деп біздің халық текке айтпағаған. Адам бар ма ана сүтін татпаған, Алуан-алуан ауыр сынды аттаған. Адалдықты, ар-намысты сақтаған, Мен анамның сонысына мақтанам.
9-оқушы Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз, Қыздарға да ақ пейілмен панасыз. Сіздің жазған әніңізді орындап, Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз. Құттықтаймын мейрамыңмен аналар, Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде, Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
10-оқушы: Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма? Борышты оған небір дархан дала да. Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге, Ей, адамдар, жол беріңдер анаға! О,аналар, осындайсың бәрің де, Осындайсың жасың-дағы, кәрің де. Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сиыныңдар, ана деген тәңірге.
1-Жүргізуші: Бәрімізде ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Мереке күніңмен» әнін қабыл алыңыздар
2-Жүргізуші: – Ал, аналар, балалар және жиналған қауым, бүгінгі әдеби сазды ертеңгілігімізді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағымыз келеді. Халқымызға билік айтар даналар, Даналардың өзі анадан жаралар. Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін Сізден жақын адам бар ма, аналар
1-жүргізуші: Балаға ең жақыны сіз ғой ана, Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана. Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ, Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана. Адам баласы үшін ең қастерлі сөз – Ана деп білеміз! Осымен әдеби-музыкалық кешіміз аяқталды. Құрметті қонақтар, ұстаздар сіздерді көктем мейрамы – 8-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге бақыт, денсаулық. Шығармашылық табыс тілейміз.
Мұғалім Сөзімнің соңында мынадай оқиғамен аяқтағым келеді. Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі қмірдің үлесі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған Мұхаммед пайғанбарымыз сахабаларына келіп:
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда:
-Ол анаңа,-деді екінші кімге дегенде:-тағыда анаңа,- деді. Үшінші кімге дегенімізде: тағыда Анаңа,-деді
- Міне пайғамбарымыздың өзі АНА атаулыны қалай сыйлаған! Бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отырып бүгінгі «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.