Дидар: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Мұқағали: Дүниеде ең кемеңгер дананы, Табады ана, аялайды бағады. Сол үшінде құдіретіне бас иіп, Құрметтейік қасиетті – ананы
Дариға: 8 Наурыз 2018 көктемі, Қыстың кетті аязының өктемі. Мерекеңіз құтты болсын ханымдар, Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Жалғас:
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің, Ақындардың өлең арнар жырысың. Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға, Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Дидар:
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған Шапақтарың бар әлемге таралған, Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, Орындалсын жүректегі бар арман!
Мұқағали:
Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары!-дей келе «Көктем Ханзадасы мен Ханшайымы» атты байқауымызға қош келдіңіздер.
Дариға:
Қайырлы кеш, құрметті достар!
Жалғас:
Армысыздар аяулы ұстаздар мен ару қыздар!
Дидар:
Біздің бүгінгі «Көктем ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауымызды өткізудегі басты мақсатымыз: оқушылардың бойына ұлттық сана мен сезімді ұялату, қазақ халқының бай мұрасымен, ауыз әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен сусындату, бойларына сіңіртіп, тереңі мен тұңғиық мөлдір бұлақтай білім көзінен нәр алдыру.
Мұқағали:
Оқушылардың бойына елге, жерге, Отанға, тілге деген патриоттық сезім ұялатып, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге, ұлттың қамын жейтұғын дарынды да ынталы тұлға болуға тәрбиелеу. «Көктем Ханзадасы мен Ханшайымы» атты байқауды өткізу арқылы оқушылардың бойындағы әдеп мен мәдениетті шыңдау, оқушылардың шығармашылыққа қызығушылығын ояту, өнер мен білімге деген құштарлықтарын арттыру. Ой-өрісін дамытып, қиялын ұштау. Сөз саптауын жүйелеу.
Дариға:
Кімдер жүйрік жеңімпаз білейікші,
Ханзада, ханшайым деп жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Сайыскерге сәттілік тілейікші-дей келе Сайысқа қатысушы үміткерлерімізді зор қошеметпен ортаға шақырайық.
«Көктем Ханзадасы мен Ханшайымы» атты байқауға әділ төрелік етеін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
«Innovative College» мекемесінің директоры Уразбаева Кумыс Төлеубекқызы
Дидар:
Колледжіміздің бас директоры: Карибжанова Назигуль Мухтарбековна
Мұқағали:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ауесова Жазира Канатбековна
Дариға:
Байқау 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең: «Сәлем – сөздің анасы» атты алғашқы кезеңде байқауға қатысушы үміткерлер өздерін (жұптасып) таныстырып өтулері қажет. Берілетін уақыт 3 минут.
2-кезең: «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталатын екінші кезеңде сайысқа қатысушы қыз-жігіттеріміз өздері қалаған бейнені сомдап, сахналық қойылым қою арқылы актерлік шеберліктерін паш етулері керек. Берілетін уақыт 4 минут.
3-кезең: «Қыз қылығымен, Ер білегімен көрікті» деп аталатын үшінші кезеңде байқауға қатысушы үміткерлер, дәлірек айтқанда аруларымыз сән үлгісін көрсетіп, жігіттеріміз күш сынасып, қол күрестіретін болады. Берілетін уақыт жалпы алғанда 10минут.
4-кезең: «Шеберлік кезеңі» атты төртінші кезеңде байқауға қатысушы жігіттеріміз шаш өріп, аруларымыз галстук байлап, шеберліктерін паш етпек. Берілетін уақыт жалпы алғанда 10 минут.
5-кезең: «Білімді мыңды жығар» атты кезеңде байқауға қатысушыларымыз үяшықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін сынайтын болады. Берілетін уақыт жалпы алғанда 10 минут.
*ЕСКЕРТУ: бұл кезеңдегі сұрақтар Қазақстан Республикасы, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мерекелер мен тағамдар жөнінде болады.
6-кезең: «Өнерлінің өрісі кең» атты соңғы кезеңде байқауға қатысушы үміткерлеріміз жұптасып өнер көрсетулері қажет. Атап айтқанда, ән айту, би билеу, вальс, көрініс, аспапта ойнау, көркемсөз оқу, т.б. берілетін уақыт әр қатысушыға 5 минут.
Жалғас:
Гүл көңілің қуаныштан өрілді, Жанарыңнан жалын нұры төгілді. Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен, Көпшілікке таныстыршы өзіңді.-дей келе «Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын алғашқы кезеңді бастаймыз.
Жалғас:
Кабирова Мадина – Оразбеков Ерсултан
Дидар:
Қуанышева Дильназ-Семейғазы Сылдырбай
Мұқағали:
Төкенова Дильназ-Қабдрашит Ердос
Дариға:
Бейсенғажы Еркежан – Солтанбеков Рауан
Жалғас:
Шакенова Гүлназ-Жұмақанов Ержан
Дидар:
Мұхтар Жанайым – Беделханов Дарын
Мұқағали:
Қаршыға Сағыныш- Рысбеков Жасулан
Дариға:
Дәріпбек Гүлрайхан – Сәрсенбаев Мұратхан
Жалғас:
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз-дей келе «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталатын кезеңге кезең береміз
Жалғас:
Кабирова Мадина – Оразбеков Ерсултан
Дидар:
Қуанышева Дильназ-Семейғазы Сылдырбай
Мұқағали:
Төкенова Дильназ-Қабдрашит Ердос
Дариға:
Бейсенғажы Еркежан – Солтанбеков Рауан
Жалғас:
Шакенова Гүлназ-Жұмақанов Ержан
Дидар:
Мұхтар Жанайым – Беделханов Дарын
Мұқағали:
Қаршыға Сағыныш- Рысбеков Жасулан
Дариға:
Дәріпбек Гүлрайхан – Сәрсенбаев Мұратхан
Жалғас:
Байқаудың үшінші кезеңі «Қыз қылығымен, Ер білегімен көрікт» деп аталады. Бұл кезең бойынша сайысқа қатысушы аруларымыз сән үлгісін көрсетсе, жігіттеріміз күш сынастырып, қол күрестіретін болады.
(байқауға қатысушы қыздар кезекпен шығып сән үлгісін көрсетеді)
(байқауға қатысушы жігіттеріміз қол күрестіреді)
Дидар:
Сонымен байқауымыздың келесі кезеңіне кезек берейік. «Шеберлік кезеңінде» сайысқа қатысушы аруларымыз галстук байласа, жігіттеріміз шаш өріп, шеберліктерін байқатулары қажет. Бұл кезеңде қатысушылардың шапшаңдығы, жинақылығы, икемділігі сынға алынады.
(Алдымен сахнаға қатысушы ұлдарды шығарып, қыздарымыз галстук байлайды. Берілетін уақыт 3 минут)
(Қыздар галстук байлап болғаннан кейін, жігіттеріміз алдын ала ескертілген шашы ұзын қыздың шашын өрулері керек. Берілетін уақыт 5 минут)
Мұқағали:
Жас дарын жас ғұмырдың талғамысың , Қуантқан әрбір үйдің арманысың. Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда, Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын-дей келе «Білімді мыңды жығар» атты кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезең бойынша байқауға қатысушылар қоржыннан бір билет алып, сонда берілген 2 сұраққа жауап берулері қажет. Сұрақтар Қазақстан Республикасы және қазақтың салт-дәстүрлері жайлы болмақ.
Жалғас:
Кабирова Мадина – Оразбеков Ерсултан
Дидар:
Қуанышева Дильназ-Семейғазы Сылдырбай
Мұқағали:
Төкенова Дильназ-Қабдрашит Ердос
Дариға:
Бейсенғажы Еркежан – Солтанбеков Рауан
Жалғас:
Шакенова Гүлназ-Жұмақанов Ержан
Дидар:
Мұхтар Жанайым – Беделханов Дарын
Мұқағали:
Қаршыға Сағыныш- Рысбеков Жасулан
Дариға:
Дәріпбек Гүлрайхан – Сәрсенбаев Мұратхан
Жалғас: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты, Би билеп, ал біреулер ән салыпты. Дәл бүгінгі байқаудан бәйге алуға Үміткерлер аянбай жан салыпты.-дей келе «Өнерлінің өрісі кең» атты соңғы кезеңді бастаймыз.
Жалғас:
Кабирова Мадина – Оразбеков Ерсултан
Дидар:
Қуанышева Дильназ-Семейғазы Сылдырбай
Мұқағали:
Төкенова Дильназ-Қабдрашит Ердос
Дариға:
Бейсенғажы Еркежан – Солтанбеков Рауан
Жалғас:
Шакенова Гүлназ-Жұмақанов Ержан
Дидар:
Мұхтар Жанайым – Беделханов Дарын
Мұқағали:
Қаршыға Сағыныш- Рысбеков Жасулан
Дариға:
Дәріпбек Гүлрайхан – Сәрсенбаев Мұратхан
Жалғас:
«Көктем Ханзадасы мен Ханшайымы» атты байқау өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарғанша колледж оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарламамызды ұсынамыз.