kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алғыс айту-асыл қасиет" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-наурыз Алғыс айту күніне байланысты ұйымдастырылған тәрбие сағаты. Тәрбие сағатында ата-анаға, ұстазға, достарға алғыс айту және музыкалық сәлемдеме жолдау бағытында болды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алғыс айту-асыл қасиет" тәрбие сағаты»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!»

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын

дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, слайд

Барысы:

Видео ролик: «Жақсылығың қайтар өзіңе»

Проблемалық сұрақ:

Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?



Мұғалімнің сөзі: 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.



Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.



Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.



Слайд көрсету. «Қазақ жеріне рахмет!!!»



Сұрақ қоямын: Ең бірінші кімге алғыс айтар едің?

Ержан: мәнерлеп оқу « Ана»

Ән: «Қос бәйтерегім»



Әсемгүл: Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен. Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды.
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.
Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.



Ән: «Если с другом вышел в путь»


Аманболат: Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының  ұғымында  неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.

Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.


Мұғалімнің сөзі: Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.

— Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



«Әр тілде алғыс айту» ойыны:


Айсәуле: Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан аулақ болуды тілеу. Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яғни болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал келіндерге үлкендер «Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін үйге келген кісіге, яғн, жасы үлкен адамға ізет көрсетіп, сәлем етеді. Оған «Қалқам, өркенің өссін» деп, үлкен кісі өзінің ризашылық батасын айтады. Я болмаса жас адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады.



Айбота: Қазақ алғыстары нақты адамға қарата айтылады, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл-қошы болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.

Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «Батаңызды беріңіз!» деп сұрап алады. Екіншіден, алғыс ұғымында ризашылық белгісі сақталған, ол туралы қазақ халқы «Алтын алма, алғыс ал!» деп келетін мәтелде алғыстық сипатты байқауға болады. Себебі, қазақ  ұғымында алғыс алған адамды «Тәңір жарылқап, оның құты көбейеді, ырысы артады» деп сенген. Алғыстың мазмұны көбіне тілек түріндегі білдіріледі:  Алла риза болсын! Көп жаса!  Өмір жасың ұзақ болсын! Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол! жолың болсын; қызығың ұзақ болсын; өмір жасың ұзақ болсын; өркенің өссін; тілеуің берсін.



Гүлжанат: Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді. Алтын алма, алғыс ал. Алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы. Бота алғанша — бата ал. Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың. Көп дұғасы — көл. Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.


Сонымен, рахметке лайықты кімдер? Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін

Алғыс айтамыз!!!

Анықтама



Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту – асыл қасиет»

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін

кеңейту
Міндеттері: 

а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын

дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.



Сыныпқа 3 минуттық видеоролик көрсеттім. Роликтың тақырыбы: ««Жақсылығың қайтар өзіңе». Оқушылар арасында сұрақтар қою арқылы видеоролик талқыланды. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Осы тақырыпқа байланысты Шайхиев Ержан «Ана» тақпағын оқыды. Содан кейін «Қос бәйтерегім» әні орындады. Әрі қарай оқушылар өздері жинаған мағлұматтарын, нақыл сөздерін, мақал – мәтелдерін оқыды.

Оқушыларға сұрақ қойылды, алғысты тағыда кімге айтамыз. Олар өз пікірлерін, ойларын ортаға салды.

Алғыс айту күнінің шығу тарихы туралы слайд көрсетілді. Слайд тарих пәнімен байланыстырылды. Қуғын сүргін жылдары елімізге бірнеше ұлт өкілдері көшірілді. 1937 жылы күз айында 1938 көктем айлары арасында 20530 кәріс, 1940 – 1941 жылдары 60667 поляқтар, 1944 жылы көктем айларында 89901 шешен, ингуштар Қазақстан жеріне аударылған деген мағлұматтар оқушыларға берілді. Оқушылар осы күннің тарихы туралы білгендері үшін алғыс айтты.

Содан кейін 11 қаңтар күні қайдай күн екені сұралып, оқушылар әлемдік рахмет айту күні екенін айтты. Сол бойынша рахмет деген сөзді барлық шет тілдерінде қалай айтылатынын айтты.

Сынып өздері бір-біріне қандай жақсы мінездері үшін, алғыс айтты.

Тәрбие сағаты барысында сынып өте белсенді қатысты.







Анықтама жазған: 8-сынып жетекшісі: Байтакова М.Н



































Анықтама



Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен патриотпын»

Мақсаты:

Оқушылар сөздер таратылды: мысалы: парасатты, ақылды, талапты, талантты, сабырлы, инабатты, рақылшыл, отаншыл. Сөз сөздерді тақтаға оқушылар жапсыра отырып ПАТРИОТ деген сөзді анықтады. Осы тақырып бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Патриот деген сөзге өз пікірлерін айтты. Қазіргі замандағы патриот адамдарды атап кетті. Оқушылардың барлығы осы тақырыпқа байланысты өлең шумақтарын оқыды.

Тәрбие сағаты қорытыланды. Осы ашық тәрбие сағатына ата-аналар, мұғалімдер қатысты.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Алғыс айту-асыл қасиет" тәрбие сағаты

Автор: Байтакова Марал Нуралиевна

Дата: 12.03.2018

Номер свидетельства: 461462


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства