kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«А?ылды ?ария – а?ып жат?ан дария»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«А?ылды ?ария  – а?ып жат?ан дария» деп тегін айтпа?ан. Асыл ?арттарымыз – б?йтерек болса, біз соны?  – жапыра?ымыз. Адам ?міріндегі е? игі істі? бірі – ?аріп кісілерге ?ам?орлы?, мейірімділік, т?сіністік, с?йіспеншілік, жанашырлы?, сыйласты? таныта білуіміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««А?ылды ?ария – а?ып жат?ан дария» »

«Қарттар – алтын қазығым»


Алмас:

Уа, ағыйын, бүгін қызық той–думан,

Осы тойға барлық жұрттар жиналған.

Осы тойдың құрметіне, ағыйын,

Қарттар күні барлық елде тойланған.


Назерке:

Есенсіз бе, қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өзіңіздей ұлағатты болуға

Өсиетіңді жүрегімде сақтармын.


Алмас:

Армысыздар, құрметті келген қонақтар!


Назерке:

Бүгінгі 1-қазан – Қарттар мерекесі құтты болсын!

Біз сіздерге ӨМІР ...


Алмас:

Ешқашан таусылмайтын БАҚЫТ...


Назерке:

Сөнбейтін ШЫРАҚ ...


Алмас:

Әрқашан орындалар АРМАН тілейміз.


Назерке:

Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі – оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Алмас:

«Ақылды қария – ағып жатқан дария» деп тегін айтпаған. Асыл қарттарымыз – бәйтерек болса, біз соның – жапырағымыз. Адам өміріндегі ең игі істің бірі – қаріп кісілерге қамқорлық, мейірімділік, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта білуіміз.


Назерке:

Олай болса сөз кезегін өзімнің достарыма берсем деймін.


Қуат. Қамқорлық:

Қарттар деген – әр үйдің дара шыңы,

Отбасының қамқоры, жанашыры.


Ақпейіл. Мейірімділік:

Төгетін ұрпағына мейірім нұрын

Қарттар деген – үйдегі жарық күнің.


Аңсар. Түсіністік:

Қоймай қарттың қас–қабағын қату ғып,

Болу керек түсіністік, татулық.

Айым, сүйіспеншілік:

Қарияңа сүйіспеншілік болмаса,

Жақсы көре қоймас сені ол да аса.


Даяна. Жанашырлық:

Қариялар үміт жібін үзбейді,

Ұрпағынан ол да жылу іздейді.


Алмас:

Аталатын құрметпенен аттарың –

Сіздерсіздер алтын қазық қарттарым.

Ұрпақтарың керегесін кең жайған,

Ғанибет қой осынау бір шақтарың.


Назерке:

Бәрін білер ата салты, ғұрыптың,

Жақындығын туған–туыс, іліктің.

Тілейсіздер барша мынау ғаламда

Тұрса екен деп шуақ шашып, күліп күн.

Тәрбиелі ашық сабақ бастаймыз

Ұжымы боп Жамбыл орта мектебінің!


Алмас:

«Қарттар – алтын қазығым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


Қуат:

Атамыз – біздің панамыз,

Атамыз – біздің данамыз.

Атадан ақыл аламыз,

Атадай адам боламыз!


Ақпейіл:

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Жамандықтан сақтандырып

Жүрген алтын ақ әжемді

Жүрсем деймін шаттандырып.


Аңсар:

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де жақын маған.

Жанымда әжем жүрген кезде

Бақытты да батыл болам.


Айым:

Менің әжем – бал әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.


Даяна:

Әжем ешбір сыр жасырмай,

Ой бөлісер сырласымдай.

Әжеме ыстық сағынышым

Жүреді ылғи бір басылмай.

Алмас:

Мейірімді жүрегі

Атамды ел біледі.

«Жүз жасағын, балам» деп

Бата беріп жүреді!


Би: 7 сынып


Алмас:

Мәнді және маңызды

Толған ылғи ой басы.

Ертегі мен аңыздың

Таусылмайтын қоймасы.

Айтады ертек жан атам

Ақ сақалын салалап.

Құмарымды таратам

Жер мен көкті аралап.

Ертегілер еліне

Бір шегетін сапарды

Ардақтаймын өмірде

Асқар таудай атамды.


Назерке:

Әжем менің мейірімді,

Сыйлайды үлкен – кішілер.

Әжеге деген пейілімді

Әжесі барлар түсінер.

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім,

Мейірімі таусылмас

Күн нұрына теңедім.

Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты, ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес, ақ әжем.

Аман – есен жүріңізші,

Бар тілегім сол, әжем!


Ән: «Әкелер» 8 сынып


Ақпейіл:

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен – кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.


Аңсар:

Асыл әжем, ақ әжем,

Құтты болсын мерекең.

Қуантып әр балаңыз,

Таси берсін берекең.




Айым:

Жүзі жарқын, жаны ізгі

Жан бар ма екен атамдай?

Бірақ бала тәрізді

Тұрады әкем бата алмай.


Даяна:

Менің әжем – жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман – есен жүр, әжем!


Қуат:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болар өзі де.


Алмас:

Әжем менің

Асыл адам қымбатты

Бір мен ішін

Сұлу, ғажап сымбатты.

Әжем менің

Құрақ ұшып аймалап,

Туған күннен еркелетіп сол бақты.


Назерке:

Мейірімі жел жібек,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп

«Құлыным» деп құшады.

Жан жуытпай маңына,

Ас сақтайды кәрі әжем.

«Бес» ап келсем алдында

Биіктейді дәрежем.


Би: 6 сынып «Үнді би»


Алмас:

Жырақта жүрсем мақтанам,

Жаныңда жүрсем баптанам.

Атырған көзден тірліктің

Ақпанды таңын, ақ таңын.

Көңілдерін кірбің шалмаған

Кешсе де өмірдің шатқалын.

Тарланы болған даламның –

Қайырымды қайран қарттарым!


Назерке:

Аршып ап батпақ, балдырдан,

Арқалап өткен сан жылдан.

Намыс пен арды мұра етіп

Ұрпақтарына қалдырған.

Уызымен елдік, кеңдіктің

Ұл – қызын ауыздандырған.

Әкеңнің жоғын білдірмей

Аймалап шығар алдыңнан.

Бәйтерегі биік бақтарым,

Қайыңдай қайсар қарттарым!


Алмас:

Ұрпағыма айтар мақтаным,

Сендермен тірі салт қаным.

Алдында дәйім жүріңдер

Қазығым – алтын қарттарым.


Назерке:

Барша ата – әже,

Құтты болсын мереке!

Әрқашан Сіздермен

Бірге болсын береке!


Алмас:

Қарттар күні ұмытылмас ешқашан,

Жүрейікші қарт кісіні аялап.

Қадірлі де құрметті ғой әрқашан,

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.


Назерке:

Қайран қазақ қарттары, қадірменді,

Сіздерге Алла биіктік бәрін берді.

Мына әлемде таба алмас адамзат

Өздеріңіздей білікті тәлімгерді.


Би: 5 сынып топпен би «Қара жорға»


Алмас:

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,

Ниеті ақ, пейілі кең даладай.

Кімге болса қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялай.


Назерке:

Жыл өтеді, уақыт алмасады,

Сол жылдардың қарттарсыз бар ма сәні?

Қарттар күнгі тәрбие сағатымыз

Мектепішілік ән – күймен жалғасады!


Ән: 9 сынып «Қос бәйтерек»


Алмас:

Сонымен бүгінгі мерекеміз берекелі болсын!

Назерке:

Келесі Қарттар күніне аман – есен жетейік!

Алмас:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға ата – әжелерге көп – көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«А?ылды ?ария – а?ып жат?ан дария»

Автор: Ахметова Шахаризада Аскаровна

Дата: 23.09.2015

Номер свидетельства: 233203


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства