Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған тәрбие сағаты
Дайындаған:
БОПАСОВА ГАУХАР БОРАНҚЫЗЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
2012-2013 оқу жылы
«Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған тәрбие сағаты.
Мақсаты:
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту
Көрнекілік құралдар:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған слайд, ақынның өз даусы жазылған аудиодиск
Жүргізуші:
Батар күн, келер күн, атар таң, шығар күн Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын. Осы мен осылай мәңгілік тұрармын, Осы мен сірә де өлмейтін шығармын.
Өмірім, сірә да, әріден басталған, Әріден басталып, мәңгіге тасталған. Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын, Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын-
деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-оқушы:
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Ақын ауылдық кеңесінің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарады.
2-оқушы:
«Менің анкетам»
– Туған жерің? – Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. – Туған жылың? – 1931. Құрдасымын Шәмілдің. – Жынысың кім? – Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін... – Партияда барсың ба? – Жоқпын. Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын. – Шыққан тегің? – Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. – Білімің ше? – Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын. – Ана тілің? – Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. – Қайда істедің? – Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар. – Міндеттісің бе әскерге? – Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге. – Сөгіс алып көрдің бе? – Ол жағынан періште едім дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... – Шетелдерде болдың ба? – Болғамын жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, Осы отырған орнымда-ақ. – Мекен-жәйің? – Мекен-жәйім – жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Жүргізуші:
Бүгін Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр. Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды.
Біресе сәбише шаттанып, ақ түйенің қарны жарылғандай ақ жарқын, бірде қайғысын қара жерде ауырсынардай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдында қасқая қарап тұрғандай. Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді, Катонқарағайда қалған қарындасының сағынышы ма, дауылы Махамбет боп дауыстаған құм Нарындағы ақын жанды бауыры ма, Асан қайғы аруанасының ізінен өнген Шардараның шарқ ұрған шағаласы ма, бұлттары өлең боп құшқан Оқжетпестің көк тасты қиясындағы қарағайы, әйтеуір бәрі Мұқағали болып сөйлейді, Мұқағали болып ән салады. Бұл – қапас қуыста демің тарылғанда төбедегі нүктедей тынысыңды кеңейтер таза ауа секілді құдірет. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Бұл – поэзия құдіреті.
3-оқушы: «Поэзия, менімен егіз бе едің?»
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сен менен хал сұрама,жырды сұра!
Ризамын өміріме,тұрмысыма.
Жырды сұра!
Ілесіп кетем бір күн,
Қайтадан оралмайтын жыл құсына.
Айдын көлден ажырар сағатында,
Арман кетер аққудың қанатында.
Арман қалсын,алайда жыр қалмасын,
Жердің мына жетіқат қабатында.
Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа,өлең керек!
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да.
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Жүргізуші:
Таулар, таулар, тауларым-ай! Сағынысып қаппыз ғой тарланым –ай! Таудағыдай еш жерде күн шықпайды, Түн болмайды еш жерде таудағыдай. Тау менің несібеме тиіпті ерек, Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек. Ақсақалдар: - Таудай бол –дейтін маған, Таудай болғым келеді биік керек.
Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті. Ол биігі –Туған халқы, Ана тілі, Атамекені, туған жері.
4-оқушы:
Қазақ жері
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! 5-оқушы:
«Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым халқым менің Соған берем ойымның алтын кенін Ол бар болса мен бармын қорболмаймын Қымбатырақ алтыннан нарқым менің Ал екінші бақытым тілім менің Тас журекті тілімнен тілімдедім Кей кейде дүниеден түңілсемде Қасиетті тілімнен түңілмедім Бақытым бар үшінші отан деген Құдай деген кім десе отан дерем Оты сөнген жалғанда жан барсыңба Ойланбайақ келдағы от алменен Үш бірдей бақытым бар алақанда Құдай мені бақытты жаратарма Үш күн нұрын төгеді аспанымнан Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға
Ендігі кезекте ақынның туған жер тақырыбына арнаған «Сарыжайлау» әнін қабыл алыңыздар. Алдарыңызда Елмұратқызы Гаухар
Жүргізуші:
... Махаббат бүгін және қарамады, Қарамады... Жанымды жаралады. Шәміл-ау, Білесің бе? Шын махаббат – Осылай қарамаудан жаралады!
Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады. Енді «Ғашықпын» өлеңінен үзінді тыңдасақ
Жүргізуші:
Мұқағали Мақатаевтың ақын ретіндегі басты тақырыбы – өлең өнері еді. Ақын өлеңнің жақсылығын, құндылығын көрсетеді. Шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан сәбиді жылы құшағына алып, әлдиін жырлайтын жан ана. Бала үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса, ананың шаттыққа толы сәті, сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі, тіршілік бастауы болғандықтан, ана туралы «Шеше сен бақыттысың» - деп жырға қосады.
6-оқушы:
«Шеше сен бақыттысың»
Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...
Жүргізуші:
«Аққу – киелі құс». Олар екеу болып қана өмір сүреді. Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды. Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда поэмасы».
7-оқушы:
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді
Өзен де жоқ сыймаған aрнасына, Жылға да жоқ даламен жалғасуға. Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай, Қалай біткен мына көл тау басына?! Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға, Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да, Болған өмір ұқсайды болмағанға. Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ, Айдынына аққуы қонбаған ба?! Кызғыштары қиқулап, қорғағанда, Сорлағанға ұксайды, сорлағанға, Шүрегейлер айдынын қорлағанда, Көкқұтандар қанатын қомдағанда...
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда, Айдын көлдің иесі жол алғанда. Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау, Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да. Таянғанда аққулар қонар маңға, Басушы еді-ау, байызын бар арман да!
8-оқушы:
Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде, Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле. Бас бағып жағада өтыр жалғыз ана, Танданып тәкаппар құс келбетіне.
Тығып ап тұмсықтарын мамығына, Айдын — төсек, аспанды жамылуда. Арша, шырша, жартастар жағадағы, Сұғынып, бәрі көлге табынуда. Аласұрып, қан ойнап тамырында, Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда, Не қыларын біле алмай, жабығуда.
Асқар белден күн нұры шашырады, Шашырап, ол да көлге бас ұрады. Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ, Аппақ нұр — аппақ нұрға қосылады.
Көл — көкке, көк — көлге кеп асылады, Ұйқысы аққулардың ашылады. Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі. Ана-жүрек солқ етіп, басылады.
Қызғанып, қызғыш байғұс шыр айналды, Абыржып ана-көңіл мың ойланды. Ғазиздің көзінде емес, көңілінде, Айдын көл астан-кестен лайланды. Дәстүр, ырым, жәйімен кұдай қалды, Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды. Айдынның аққуының орынынан Кергендей, көзі тұнып, құмайларды.
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! Бір мамығы майысса ауырсынып, Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп, Тарайды кеп, тарайды қауырсынын, Құм тұрса да бір түйір ауырсынып, Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып, Бірде суға сұңгиді басын малып. ... Ойнасыншы, өйнасын ерке құстар, Тыныштығын олардың қашырмалык. Мерген отыр жағада. Ей, ақша бұлт, Жаулығыңмен оларды жасыр барып. Бас бағады шыршаның қалқасынан, Қаруынан колында қан сасыған. ...Ал, аққулар, Аққулар тарануда, Сусып түсіп, су моншақ арқасынан. Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен еткен, Құлынымның қасынан неге кеткем?! Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой, Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»
Ана отыр, Озбыр ойлар қамалауда, Қамалауда, әлдекім табалауда. ...Аққулар ақ айдынды қалдырды да, Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
9-оқушы:
...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым, Жерді аңсаймын... Жалғыз-ақ сол - арманым. Қиын екен, қимасың екі бірдей, Көз алдында ғайып боп жоғалғаны...
Көрдің бе бір-біріне дөп келуін, Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің.
Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көрғеніндей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды. * * * Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапты, Ортаймапты немесе тола алмапты. Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты.
Жүргізуші:
Мұқағали –біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін оқып шығуды ұмытпаңыздар. Мені өз өлеңімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.
Сырым да –осы, Жырым да –осы, Алдыңда. Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? ... Мұхаңдар жоқ, Махандардың сарқыты – Мұқағали Мақатаев бар мұнда!
деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ақынның өз даусымен оқылған өлеңдер тыңдалады)
Жүргізуші:
Сен қазақтың қазақтығын жырладың, Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген Қара өлеңнің – жалындаған жырларың. Зулап күндер, жылдар аунап барады, Жырларыңнан қазақ бақыт табады. Қадіріңді сәл кешірек білсек те, Мәңгі есімің жадымызда қалады.
«Есіңе мені алғайсың» әнімен алдарыңызда Беріков Әділет
Жүргізуші:
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім. Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім- деп ақыннын өзі жырласа,
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған!- деген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен айтсақ, күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген Мұқағали Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.
Жүргізуші:
Осымен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізде ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін.
«Өлең өлмейді. Оны жазған адамда өлмейді. Олай болса Мұқағали да өлген жоқ. Қасымызда, ол қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап жыр оқып тұр» Әбділда Тәжібаев
«Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық» Фариза Оңғарсынова
«Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын» Лашын Әзімжанова
АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАҢДА І Өзен де жоқ сыймаған aрнасына, Жылға да жоқ даламен жалғасуға. Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай, Қалай біткен мына көл тау басына?! Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға, Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да, Болған өмір ұқсайды болмағанға. Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ, Айдынына аққуы қонбаған ба?! Кызғыштары қиқулап, қорғағанда, Сорлағанға ұксайды, сорлағанға, Шүрегейлер айдынын қорлағанда, Көкқұтандар қанатын қомдағанда...
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда, Айдын көлдің иесі жол алғанда. Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау, Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да. Таянғанда аққулар қонар маңға, Басушы еді-ау, байызын бар арман да!
Қанатынан аққудын балапандап, Ән ұшатын сымпылдап тан атарда. Сүйінші бер дегендей бір толықсып, Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға. Тына қалып бұлбұл да жаға-талда, Қарайтұғын айдынға, ақ отауға.
Таң мен күннің арасы таянғанда, Таудың басы алаумен боялғанда, Тірілетін таудағы бар тіршілік, Қанатынан аққудың оянған ба?!
Көмейінде тәтті үні былай қалып, Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып. Жетті аққулар. Түгендеп «Жетім көлін», Жағалауда ұшып жүр шыр айналып, (Бірден көлге қонбайды құлай барып.)
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын, Асығыстық оларда болмайтұғын. Қомағай көкқұтандар секілденіп, Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын. Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын, Ақ мүсін айдынға кеп орнайтүғын.
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным, Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын. Бұл келге мылтық алған саятшы емес, Тірі жан аяқ басып келмейтұғын. Аққулар аман-есен қайтқанынша, Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын. (Суымен сырқаттарын емдейтұғын.)
Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан, Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан. Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт, Аққуын айдын көлдің налытпастан Дәстүрін аттамаған, анық басқан. Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан, Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
...Оралмады аққулар осы манға, Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба? «Жетім көл» жетімсіреп қала берді. Арман-ай, аққуымен қосылар ма?! II Бала жатыр төсекте, албыраған, Әке жатыр еденде, қалжыраған. Түн күзетіп ана отыр, қос жанары Шарасыздан шаршаған, жаудыраған. Түні мынау - тамыздың маужыраған, Тауың анау — шымылдық салбыраған.
Биік барып жаралған жер бетінен, Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен. Айдынында аққулар ұйыктап жатыр, Сайдан соққан самалмен тербетілген. Жер бетінде тыныштық, көл бетінде, Қауышыпты қара орман, көл де, түн де
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып, Баласының ана отыр күйін бағып. Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар, Миын қарып барады, миын қарып.
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға, Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!..» Арагідік назарын аударады, Төрт бүктеліп еденде қалған жарға. Кауіптеніп түндерге, тандарға да, Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?! Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті... — Аққуменен баланы аластандар, Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...»
— Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға, Неткен жансың санасыз жаратылған?! Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі, Ұмытылып кетті ме санатыңнан? ...Айналайын акқудың қанатынан, Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып, Таң атқанша қалайда тауға ілік. Біреулердің көзіне түсіп қалып, Дүрліктірме жұртынды, салма бүлік! Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...
—Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?! Атармын аққу құсты қалай ғана?! Айдынның аққулары ұйықтағанда, Өрген мал, өскен шырша абайлаған, Барлығы қасиетке қарайлаған, Оқ атам қасиетке қалай ғана?.. Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Адуынды жан екен алған жары: —Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі! Балам өлсе, бақыттың керегі не?! Топан су басып кетсін қалғандарын. Перзент сұрап несіне армандадың?! Құрысын онсыз сенің жанған бағың! Мылтықты әкел! Атты ертте! Жалған бәрі!
...Оятып дүниені дел-сал қылып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып, Сай-сайдан бошалаған бозала тан, Таудағы тіршілікке ән салдырып, Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып, Бұлбұлға дүниеге жар салдырып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде, Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле. Бас бағып жағада өтыр жалғыз ана, Танданып тәкаппар құс келбетіне.
Тығып ап тұмсықтарын мамығына, Айдын — төсек, аспанды жамылуда. Арша, шырша, жартастар жағадағы, Сұғынып, бәрі көлге табынуда. Аласұрып, қан ойнап тамырында, Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда, Не қыларын біле алмай, жабығуда.
Асқар белден күн нұры шашырады, Шашырап, ол да көлге бас ұрады. Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ, Аппақ нұр — аппақ нұрға қосылады.
Көл — көкке, көк — көлге кеп асылады, Ұйқысы аққулардың ашылады. Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі. Ана-жүрек солқ етіп, басылады.
Қызғанып, қызғыш байғұс шыр айналды, Абыржып ана-көңіл мың ойланды. Ғазиздің көзінде емес, көңілінде, Айдын көл астан-кестен лайланды. Дәстүр, ырым, жәйімен кұдай қалды, Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды. Айдынның аққуының орынынан Кергендей, көзі тұнып, құмайларды.
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! Бір мамығы майысса ауырсынып, Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп, Тарайды кеп, тарайды қауырсынын, Құм тұрса да бір түйір ауырсынып, Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып, Бірде суға сұңгиді басын малып. ... Ойнасыншы, өйнасын ерке құстар, Тыныштығын олардың қашырмалык. Мерген отыр жағада. Ей, ақша бұлт, Жаулығыңмен оларды жасыр барып. Бас бағады шыршаның қалқасынан, Қаруынан колында қан сасыған. ...Ал, аққулар, Аққулар тарануда, Сусып түсіп, су моншақ арқасынан. Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен еткен, Құлынымның қасынан неге кеткем?! Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой, Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»
Ана отыр, Озбыр ойлар қамалауда, Қамалауда, әлдекім табалауда. ...Аққулар ақ айдынды қалдырды да, Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
Шошымай шолжаң өскен батырларың, Ана отырған шыршаға жақындады. Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға, Білмей қалды мылтықтың атылғанын. Көздің алды көк түтін, ақыл жарым, Білмей отыр жанағы тыныштықтың, Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!..
Ию-қию көл маңы, астан-кестен, Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен. Жанғырығып, жар салып, жартастар тұр, «Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен, Көріп-біліп, таныпты тастар да естен.
Алып аспан астына сыя алмай бір, Айдын көлін аққулар қия алмай жүр. Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап, Мөлтілдеген кез жасын тыя алмай тұр, Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
Сан айналып, сұңқылдап ұшты-дағы, Сапар жолға мезгілсіз түсті-дағы, Бетін түзеп, батыска бағыт алып, Қарғыс аткан мекеннен күсті бәрі.
Тау жаңғыртып, тамаша құстың әні, Қош айтысып көлменен, ұшты бәрі. Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу, Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады...
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр, Тағы бірі айдында жайрап жатыр. Қан аралас қалқыған мамығымен, «Жетім көлдің» толқыны ойнап жатыр. ... Қасиетке оқ атып, жойған пақыр, Қалай алып кетерін біле алмастан, Сүле-сопа, жағада ойлауда құр.
«Жетім көлден» сән кетті мана тұнған, Аққу кетті, ән кетті қанатында. Асқар-асқар таулардан асып әрі, Шын-құздардын үн қалды қабатында. Аққу әні естілмей қалатын ба? Алатаудан үзілтіп Қаратауға, Жаңғырығып жартастар таратуда... III «Жетім көлдің» басында жылқы жатқан, Дөңғе шығып, қарт тұрған жылқы баққан: «...Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде, Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?! Кұстардын зәре-кұтын шырқыратқан, Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Мылтықты атарлықтай көлге келіп, Апыр-ай, жөқ еді ғой елде желік...» Мылтық даусы, құстардың шулағаны - Шыдамын алды қарттың, бермеді ерік.
«Бұл манның адамы емес, сірә-дағы, Білейін, табайын да бір амалын. Қаруы бар кәззапқа құрықпенен Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?! Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...» ...Аққу үркіп, батысқа бет түзеген, Қамшы басты атына, шыдамады.
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан: «Берекесін бұл жердін кім қашырған?..» Өнім бе, түсім бе деп танданады, Көз алмай орамалды ұрғашыдан, Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан:
Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығың да, Күлкі шаттық, күйзелткен қайғы, мұң да. «Жетім көл» жетімсіреп қалып қойды, Бір өлі, бір тірі аққу айдынында... Бар өмірден көңілі шайлығуда, Байғұс ана еркінен айырылуда.
Әлденеден сұм жүрек сескенеді, Арагідік әлдене ес береді. Табиғаттын, таудың да, аққудың да, Байғұсқа бөлмай қалды еш керегі. Келеді ана, сезбейді ештеңені.
Бай ұмыт, әлсіз жатқан бала да ұмыт, Қайтқан құстай алыстап барады үміт. Көліменен қоштасқан аққу үні, Құлағына келеді арагідік. -
Өмір емес өмірі, қораштанған, Байғұс ана тірліктен қалас қалған. Келеді ана, қарабет қарақшыдай, Ел мен жерден біржола аласталған. Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан, Түн-түнекте бейне бір адасқан жан.
...Абыр-сабыр, үй маңы дүрбелен-ді, Алғаш ана абыржып, білмеген-ді. Ат үстінен түсе алмай қатып қалды Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді Білмейді, қайда келді, кімге келді.
Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда, Өлі менен тірінің арасында. Отырғандай «Жетім көл» жағасында, Аққу жатыр көзінің шарасында.
Аунап түсіп атынан, үйіне енді, Есіне алып ерін де, баласын да. Өліп жатқан ұлына қарасын да, Қалсын ана «Жетім көл» жағасында, Өлі менен тірінің арасында.
...Аппақ нұрмен шөмылтып айналаны, Ақ сәулемен айдынның өйнағаны, Көз алдында... Кұлақтан кетер емес, Танда бұлбұл тамылжып сайрағаны, Көз алдында - аққудың жайрағаны. Сынар қанат, сынық құс - жаралы аққу Өлі аққудан кете алмай айналады.
Ақ төсек — аппақ айдын, аққу - бала, Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?.. «...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды, Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ! Мен емес... Мен атпадым... Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!» Ғазиз ана, ербендеп екі қолы, Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Кұледі, бірде жылап, зарланады, Көкке қарап, бекерге қарманады. Бірде үнсіз, мелшиіп тың тындайды, Кұлағында аққудың арман-әні. Алдымен жұрт үн-түнсіз танданады, Қыбыр-сыбыр артынан жалғанады...
Бірде ана көкке жайып алақанын: «Қазір, бөтам... Мінеки, таң атады... Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын... Жазыласың құлыным... балапаным! Қасиет!.. О, қасірет! Осындай ма ең?! Сорымнын қалындығы шашымдай ма ен!.. Қасиет!..
Қасиеттер ұшып кетті, Қасірет!.. Қасымдағы досымдай ма ең!.. Қасиет... Қасірет... Қасірет... қасиет...» Эпилог ...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым, Жерді аңсаймын... Жалғыз-ақ сол - арманым. Қиын екен, қимасың екі бірдей, Көз алдында ғайып боп жоғалғаны...
Көрдің бе бір-біріне дөп келуін, Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің.
Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көрғеніндей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды. * * * Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапты, Ортаймапты немесе тола алмапты. Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты.
Менің анкетам
– Туған жерің? – Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. – Туған жылың? – 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Партияда барсың ба? – Жоқпын. Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің? – Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше? – Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің? – Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің? – Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге? – Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе? – Ол жағынан періште едім дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
– Шетелдерде болдың ба? – Болғамын жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, Осы отырған орнымда-ақ.
– Мекен-жәйің? – Мекен-жәйім – жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Сарыжайлау
Жазира, жасыл кілем өрнектеген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім,
Салқын самал - баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым.
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем.
Басқаның жерұйығын неғыламын,
Жерұйығы - өзімнің қасымда екең!
Қайырмасы.
Жадырап жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.
Қайырмасы.
Жанымды жырға бөлеп, тан, атырған,
Әкем едін, ақ таңда жаратылған.
Төліңнен айналайын жаңа туған
Айналайын еліңнен дара туған!!!
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сен менен хал сұрама,жырды сұра!
Ризамын өміріме,тұрмысыма.
Жырды сұра!
Ілесіп кетем бір күн,
Қайтадан оралмайтын жыл құсына.
Айдын көлден ажырар сағатында,
Арман кетер аққудың қанатында.
Арман қалсын,алайда жыр қалмасын,
Жердің мына жетіқат қабатында.
Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа,өлең керек!
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да.
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Шеше, сен бақыттысың
Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...
Есіңе мені алғайсың
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың?
Тұнжырап тұрған орманға,
Тұнжырап жалғыз барғанда.
Мен бар деп мына жалғанда,
Жоқ деген сөзге алданба.
Есіңе мені алғайсың!
Жапырақ жанып жатқанда,
Күз келген күрең шақтарда,
Ағаштар мұңға батқанда
Есіңе мені алғайсың!
Ақ қырау тұрған ақпанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың!
4-оқушы:
Қазақ жері
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер!
5-оқушы:
«Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым халқым менің Соған берем ойымның алтын кенін Ол бар болса мен бармын қор болмаймын Қымбатырақ алтыннан нарқым менің Ал екінші бақытым тілім менің Тас журекті тіліммен тілімдедім Кей кейде дүниеден түңілсемде Қасиетті тілімнен түңілмедім Бақытым бар үшінші отан деген Құдай деген кім десе отан дер ем Оты сөнген жалғанда жан барсың ба Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен Үш бірдей бақытым бар алақанда Құдай мені бақытты жаратар ма Үш күн нұрын төгеді аспанымнан Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға