kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жыл басы Наурыз" сынып са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жыл басы Наурыз

Ма?саты:  І.Наурыз мейрамыны? пайда болу тарихымен таныстыру, ?аза? хал?ыны?

   салт-д?ст?рімен таныстыра отырып, хал?ымызды? ?дет-??рпын, м?дениетін т?сініп,                      

   ??рметтеуге т?рбиелеу.

2.О?ушыларды хал?ымызды? д?ст?ріне, ?дет-??рпына арнал?ан жа?сылы? пен а?                 

   ниетке толы бабалар жолын жал?астыру?а баулу.

3.О?ушыларды? танымды? ?абілеттерін дамыта отырып, психологиялы? іс-?рекеті   

   ар?ылы жеке т?л?аны т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Сынып б?лмесі мерекеге сай безендірілген. "Наурыз тойы мереке", "Наурыз к?ні ?азанны? ортаймасын, ел той тойласын" атты ?ла?атты с?здер ?абыр?а?а ілінген.

Барысы:

М??алім: ?лтты? мерекелер мен тойларды? т?рбиелік м?ні зор. "Тойды? бол?анынан боладысы ?ызы?" деп халы? той?а дайынды? кезінде балаларды е?бекке баулиды, салттарды ?алай ?ткізу жолдарын ?йретеді. Наурыз с?зі парсы тілінен енген. "Нау"-жа?а, "руз"-к?ндеген ??ымды білдіреді. ?аза?станда наурыз мейрамы 1926 жыл?а дейін тойланды да то?талып ?алды. Тек 1988 жылдан бастап ресми т?рде ?айта тойлана бастады. Хал?ымызды? мифологиялы? т?сінігі бойынша 21 наурыз ?ыдыр ата ?ыдырады деп айтады. Сол себепті, осы т?н - ?ыдыр т?ні деп аталады. Осы т?ні жал?ыз шала с?уле болмас деп т?рге ?ос шыра? жа?ылып ?ойылады. К?н с?улесі жер шарыны? шы?ыс б?лігінен та??ы са?ат 3-ке т?спа-т?с келеді. Сонды?тан да ?аза? хал?ы жа?а жылды 22 наурызды? т?с уа?ытында ?арсы алады. ?лыс к?ні наурыз к?же пісіріледі. "Б?ла? к?рсе? к?зін аш" деп, ?аумалас?ан жігіттер айнала т??іректегі бастауларды? к?зін ашса, "Ата?нан мал ?ал?анша, тал ?алсын", "Бір тал кессе?, он тал ек!" дескен ?ариялар б?ла? басына тал егеді.

Ортага ?лтты? киім киген екі ж?ргізуші шы?ады.

1-ж?ргізуші: ??рметті халайы?! Наурыз мерекесіне арналган ойын-сауы? кешімізге ?ош келді?іздер.

2-ж?ргізуші: Мерекелері?із ??тты болсын!

1-ж?ргізуші: Наурыз-?н-к?й, би, досты?, ынтыма? мерекесі. Б?л к?ндері адамдар біріне-бірі ?ошемет к?рсетіп, тартуын тартады.

2-ж?ргізуші: Наурыз шы?ыс елдері ?шін бірлікті?, татулы?ты?, е?бекті?, к?ктемні?, ізгілікті?, ба?ытты? мерекесі ретінде тойланады.

1-ж?ргізуші: Осы ?лы к?нге байланысты наурыз к?же, наурыз бата, наурыз ж?мба?, наурыз тілек, наурыз к?к сия?ты ж?н-жорал?ылар бар.

2-ж?ргізуші: Ау, достым, то?тай т?р. "?ке т?рып ?л с?йлегеннен без, шеше т?рып ?ыз с?йлегеннен без" демекші, алдымен ?лкендерге с?з берейік.

Орта?желер шы?ып, ??тты?тау с?з с?йлейді. Наурыз ж?н-жорал?ылары ж?нінде ?ыс?аша о?ушылар?а тусінік беріп ?теді.

1-?же: Наурыз айы - Шы?ыс к?н есебі бойынша жылды? ал?аш?ы айы. Б?л айда жылды? ал?аш?ы айы есебінде к?н мен т?н те?еледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.

2-?же: Наурыз той-б?л к?ні ?лкен болсын, кіші болсын осы мейрам?а келіп, к??ілді ойын-сауы?тар?а ?атысады. Тойда ат жарыс, палуан к?рес, айтыс, т?рлі ойындар ?йымдастырылады. ?н, ?лендер айтылып, би биленеді.

3-?же: Наурыз к?же - наурыз тойына ?ана т?н к?пшілікке арнал?ан мерекелік та?ам. Оны ?р ?й жеті т?рлі та?амнан пісіреді. Наурыз к?же с?т, ет, су, т?з, тары, ??рт, жеміс та?ы бас?а та?амдарды ?осып пісіріліп,  келгендерге ?сынылады.

4-?же: Наурыз к?к - наурыз айында ?шып келетін к?ктем ??сы. ?арасы ша?ын ?ана осы ??сты Шы?ыс елі к?тіп ж?реді. Оны ал?аш к?ргенде "Наурыз к?гім келді? бе?" деп ша?ырып, жем шашады.

5-?же: Халы?та батаны? т?рлері к?п, соны? бірі - наурыз бата. М?нда наурыз той ?ткізгендерге, тойда ?нер к?рсеткен а?ын, ?нші, палуандар?а, жас талапкерлерге ?лкендер бата береді.

1-ж?ргізуші: Рахмет, сіздерге, ?желер! Ендігі кезекті о?ушылар?а берсек.

1-окушы: Салт-д?ст?рім жараса,

 ?айта ??рып жа?аша.

Жарыса ?нер к?рсетіп,

 Той тойлайы? тамаша.

2-о?ушы: Тамаша?а келі?із, тамаша?а, 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жыл басы Наурыз" сынып са?аты»

Жыл басы Наурыз

Мақсаты: І.Наурыз мейрамының пайда болу тарихымен таныстыру, қазақ халқының

салт-дәстүрімен таныстыра отырып, халқымыздың әдет-ғұрпын, мәдениетін түсініп,

құрметтеуге тәрбиелеу.

2.Оқушыларды халқымыздың дәстүріне, әдет-ғұрпына арналған жақсылық пен ақ

ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу.

3.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, психологиялық іс-әрекеті

арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сынып бөлмесі мерекеге сай безендірілген. "Наурыз тойы мереке", "Наурыз күні қазанның ортаймасын, ел той тойласын" атты ұлағатты сөздер қабырғаға ілінген.

Барысы:


Мұғалім: Ұлттық мерекелер мен тойлардың тәрбиелік мәні зор. "Тойдың болғанынан боладысы қызық" деп халық тойға дайындық кезінде балаларды еңбекке баулиды, салттарды қалай өткізу жолдарын үйретеді. Наурыз сөзі парсы тілінен енген. "Нау"-жаңа, "руз"-күндеген ұғымды білдіреді. Қазақстанда наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да тоқталып қалды. Тек 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз Қыдыр ата қыдырады деп айтады. Сол себепті, осы түн - Қыдыр түні деп аталады. Осы түні жалғыз шала сәуле болмас деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22 наурыздың түс уақытында қарсы алады. Ұлыс күні наурыз көже пісіріледі. "Бұлақ көрсең көзін аш" деп, қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын", "Бір тал кессең, он тал ек!" дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.

Ортага ұлттық киім киген екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Құрметті халайық! Наурыз мерекесіне арналган ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Наурыз-ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері адамдар біріне-бірі қошемет көрсетіп, тартуын тартады.

2-жүргізуші: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

1-жүргізуші: Осы ұлы күнге байланысты наурыз көже, наурыз бата, наурыз жұмбақ, наурыз тілек, наурыз көк сияқты жөн-жоралғылар бар.

2-жүргізуші: Ау, достым, тоқтай тұр. "Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без" демекші, алдымен үлкендерге сөз берейік.

Ортаға әжелер шығып, құттықтау сөз сөйлейді. Наурыз жөн-жоралғылары жөнінде қысқаша оқушыларға тусінік беріп өтеді.

1-әже: Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.

2-әже: Наурыз той-бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтарға қатысады. Тойда ат жарыс, палуан күрес, айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылады. Ән, өлендер айтылып, би биленеді.

3-әже: Наурыз көже - наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көже сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы басқа тағамдарды қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.

4-әже: Наурыз көк - наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты Шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде "Наурыз көгім келдің бе?" деп шақырып, жем шашады.

5-әже: Халықта батаның түрлері көп, соның бірі - наурыз бата. Мұнда наурыз той өткізгендерге, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, жас талапкерлерге үлкендер бата береді.

1-жүргізуші: Рахмет, сіздерге, әжелер! Ендігі кезекті оқушыларға берсек.

1-окушы: Салт-дәстүрім жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

2-оқушы: Тамашаға келіңіз, тамашаға,

Сауық кеші бүгінгі сахнаға.

Көңіл қошын іздесін жақсы-жайсаң,

Тамашаға келіңіз, тамашаға!

3-оқушы: Ардақтаған анасын,

Даналардың данасы.

Үміті зор ананың,

Болашағы әр баланың.

Ән: "Анашым"

2-жүргізуші: Бүгінгі Наурыз тойымен қатар баланы бесікке бөлеу рәсімі өтілуде.

Бесікке бөлеу рәсімі көрсетіледі.

1-әже: Бесік — қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап, "тыштырма" жасап алады да, баланы бесікке салады. Бесік үстіне жеті қадірлі зат жабады. Жабылған әр нәрсенің өзіндік мәні бар.

Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Ана бала болашағына жақсы тілекпен жыр айтады. Ана баланы бесігіне бөлер кезінде:

Мойындағы тұмарым,

Тарқалмайтын құмарым.

Тағдыр берген аясын деп,

Ақ бесікке салсын деп.

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал-жаным,

Бесігіңе жата ғой.

Балам жатсын бесікке,

Пәлесі қалсын есікте, — деп пәле-жаланы өлеңмен аластаған.

Баланы бесікке салып тербете отырып, бесік жырын айтады.

Баланың жерін, халқын, елін жаудан қорғайтындай үлкен азамат болып өсуін арман еткен.

Ал баласын бесіктен шешіп аларда:

Анасы шешіп алсын,

Ұйқысы бесікте қалсын.

Балам бесіктен шықсын,

Бәлесі есіктен шықсын, — деп шешіп алады

1-жүргізуші: Ұлыс күні қазан толса,

Сол жылы ақ мол болар.

Жаңа жылға бата алсаң,

Сонда олжалы жыл болар.

2-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек

Түрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашы төгіліп жерге,

Күмістен шашбау жарасып белге.

Мың бұралған бишілерімізді ортаға шақырамыз.

Би: "Қазақ қызы "

1-жүргізуші: Бәйшешектей қар астынан табылған,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз! Наурыз!

2-жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз! Наурыз!

1-жүргізуші: Даңқы жетіп болашаққа зорайып, Берекелі құт әкелген бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз! Наурыз!

2-жүргізуші: Ағарғаны шөл суындай молайып, Қарық болар халқы мынау бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз! Наурыз!

Наурыз туралы ән-жырлар айтылады.

1-жүргізуші: Ертеде бұл мейрамға халық жаппай жаңа ақ көйлектерін киіп, шаштарын, сақал-мұрттарын жөндеп дайындалған екен. Қазақтың "Киім — Наурыздың ақ қарындай" деген сөз осыдан қалған екен.

2-жүргізуші: Наурыз мейрамының осы ұстанымын бұзбай, біздің қонақтарымыз да ұлттық киімдерін киіп келіпті. Ортаға ұлттық киім киген көрермендерді шақырайық. Қарсы алыңыздар!

Ұлттық киімдер шеруі көрсетіледі.

1-жүргізуші: Той тойға ұласуда, бүгінгі қыз ұзату тойына қош келдіңіздер, ағайын!

Қыз ұзату рәсімі көрсетіледі.

2-жүргізуші: Қыз ұзату тойында ата-ана ренжиді және қуанады. Құшағында мәпелеп өсірген қызын шыңға ұшырып, ұясына қондыру міндет болғанмен қиынға соғады.

Қыз ұзату тойына жігіт жақтан қызды алуға 7-8-ден астам адам келеді. Бұл қонақтар құдалар болып есептеледі. Қыздың үлкен туыстары бас құда болады. Қыздың ұзатылған жігіті қыздың туыстарына күйеу бала болады.

1-жүргізуші: Салт-дәстүр бойынша қызды құдалармен бірге таңертең шығарып салады. Күн шығатын кезді жаңа күн, жаңа өмір жолы деп ырым етеді.

2-жүргізуші: Жиналған мынау халыққа,

Жыр маржанын шашайық.

Батасын алып қарттардың,

Наурыз көже беру рәсімін жасайық.

Наурыз көжесі таратылады.

1-жүргізуші: Алтын күн нұрға бөлеп ертеменен,

Самал жел кең далаға еркелеген.

Балауса тұсау кесер жырларымды,

Көктем көзімен ерте келгем.

Ән: "Шақырады көктем "

2-жүргізуші: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға толтырып жатыр міне маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы, Қуат болып қанымызға тарайды.

1-жүргізуші: Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. "Аман ба, — деп, мал-жаның?", Бірін-бірі қуанышпен сүйеді.

2-жүргізуші: Наурыз тойы — береке,

Наурыз тойы - жыр, аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамы!

Күн әкелген жыл көрім,

Күллі дүние жайдары.

Желкілдеген гүлдерін,

Жер-Анамыз жайнайды.

Наурыз — шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.

Қазақ биі орындалады.

1-жүргізуші: Күн мен айға әлемнің, Бердің ыстық сәлемін. Қарттарыма сүйеніп, Сәлем бердік иіліп. Орындалды ойларың, Құтты болсын бүгінгі, Наурыз атты тойларың, - деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

Бата

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс береке берсін.

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тең болсын.

Қайғы-уайым жоқ болсын,

Қуанышың көп болсын.

Әумин!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Жыл басы Наурыз" сынып са?аты

Автор: Тукенова Ба?лан Алибековна

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284273


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства