kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жолда ж?ру ережесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Жолда ж?ру ережесін са?таймыз!
Саба?ты? ма?саты: 1.О?ушыларды жолда ж?ру ережесімен таныстыру .
2. Жол ?ауіпсіздігін есте са?тау?а, білуге жол ережесіні?
белгілерімен таныстыру
3.О?ушыларды к?шеде д?рыс ж?ріп, жол ережесін са?тау?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Ба?даршам , жол белгілері салын?ан суреттер , интерактивті та?та, жол ережесіне арнал?ан кітаптар.
Саба?ты? барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і :
Кіріспе : «Жол травматизміні? алдын алу» атты т?рбие са?атын баста?алы отырмыз.
Жол за?ы д?рыс ж?ріп , абай  болуды  талап етеді. Жол т?ртібін  б?зба , ол  ?атер  тудырады. Жолды? ?алыпты ?оз?алысы к?бінесе балаларды? жол бойында ?алай болса солай ж?ріп, доп  ?уалайтыны , ша??ы  тебетіні , ж?ріп  бара жат?ан машина?а  жабысатыны ,?алтарыстан жол?а  шы?ып  келетін салдарынан б?зылады. Жол т?ртібін б?з?анды?тан  кейбіреулер машина  д??гелегіне ілініп ?аза тауып , кейбіреулері  жара?ат алады . Ал кейбіреулері ?мірлік  м?гедек болып ?алады.
Сонды?тан ?рбір о?ушы мектепте о?ылатын » Жолда ж?ру ережесі » та?ырыбында?ы саба?ты м??ият ты?дап, ?р саба?тан ?орытынды жасап отыру?а міндетті .?лгілі , т?ртіпті о?ушы к?шеде, жолда  ж?ру ережесін ,за?ын б?збайды.
Сонымен ?андай бала  жол ережесін б?збайды ?
Балалар : ?лгілі , т?ртіпті бала .
М??алім : Ал енді  » Жолда ж?ру ережесін са?таймыз! » атты т?рбие са?атымызды  ашы? деп  жариялаймын .
ІІ. Негізгі б?лім:
Та?тада?ы ж?мба?тарды шешу:
Ж?мба?тар
1.                 Ала тая? ?ста?ан,                                                       2.   К?ше бойлап ая?дайды,
Жол т?ртібін н?с?а?ан.                                                    Адам тасып аялайды.
?мірі?ді  к?зеткен, (Автобус)
Ыс?ыры?пен т?зеткен.  (

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жолда ж?ру ережесі »

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1.                 Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                                    Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен, (Автобус)

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

5.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6.     Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл — Тоқта !

Сары  — Сақтан !

Жасыл — Жол ашық!

Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Диана  :      Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

Ән: Бағдаршам

1.     Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата — ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

 

 

Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып — шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас — көзіңде ?

Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды — ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят — ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

Мұғалім : — Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

Инспектор :

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

Бағдаршам:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам :

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып — қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт — сапар  жолдаған.

Аман — сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан — жақты.

Міндеттеу белгісі :

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

Ңұсқау белгісі Ислам:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн — түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,Бәйге алмайсың бұрын кеп.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жолда ж?ру ережесі

Автор: Тулеуова Асель Кантуреевна

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 157881


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства