kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жер жаханды жа??ырт?ан –?лы же?іс!

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды адамгершілікке, Отанын с?юге, оны ?ор?ау?а баулу. Отан?а деген с?йіспеншілігін арттырып, патриотты? т?рбие беру.

                О?ушыларды ?лы Отан со?ысымен, ?аза?станды?тарды? ерлік істерімен таныстырып, ой-?рісін дамыту.Балаларды ?лкен адамдарды сыцлай білуге, оларды ?адірлеуге т?рбиелеу.1941-1945 жылдарда?ы ?лы Отан со?ысыны? майдандарында к?рсеткен ерл?г? ?шін 35 а?т?белік ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ына ие болды, 9 жерлесіміз «Да??» Орденіні? толы? иегері атанды.Батырларды? бірі Ідіріс ?ргенішбаев  1912 жылы Шал?ар ауданыны?, Талды??м ауданында ту?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жер жаханды жа??ырт?ан –?лы же?іс! »

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Кушалаева Кунзияш Умирзаккызы


Тақырыбы: Жер жаханды жаңғыртқан –Ұлы жеңіс!

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.

Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.Балаларды үлкен адамдарды сыцлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, альбомдар.

Барысы: Әнұран ойналады.


Мұғалім: Құрметті қонақтар, бүгінгі « Жер жаханды жаңғыртқан –Ұлы Жеңіс»

атты ашық тәрбие сағатымыз бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.

  1. оқушы: Соғыс деген суық хабар қатер сын,

Тіршілікке не жақсылы әкелсін

Ақ шашты анажесір

Зардабынан соғыстың

Ұлың жетім

Құрбан еткен әкесін

Ақ шашты ана

Ұлын,жарын жоқтаған

Шошытады

Сол бір күндер қаралы

Ерлік те көп

Аңыз етіп айтарлық

Жойдық біздер

Жаудың бетін қайтардық

Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп

Жатыр елім жүзінен нұр байқалып

Гүл дәуренде

Күн кешейік үрейсіз

Төбеміздени төнбесінші дүлей күш

Бар мәселе

Бейбіт жолмен шешіліп

Ұранымыз

Тыныштықты тілейміз

Хор: «Майданға»



2-оқушы: Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштерге асығады.Олар жауынгерлердің тас мүсініне акйналған бейнелеріне гүл шоғын қойып батырлар есімін еске алады.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ –бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігер мене құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны,

Желбіре тулар , толықсып тұрса май гүлі.

Қуану керек, қуану керек десекте

Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны.

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады. Неге жарты ғасырдан асса да сол сұрапыл соғыс тақырыьында кітаптар мен фильмдер өлеңдер мен әндер жалғасын табуда.Иә , соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ.


3-оқушы: Помните! Через года, через века

Помните!О тех, кто уже не придет никогда!

Помните! Не плачте!

В горле сдержите стоны, горкие стоны

Памяти павших, будьте достойны!

Вечно достойны!

Хлебом ипесней, мечтой и стихами

Жизнью просторной, каждой секундой

Каждым дыханием, будьте достойны!



4-оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың , қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут ,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.


1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.


5-оқушы: Соғыс жалмап аға,іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңгің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

Қан майданға шығарып сакп ардағын

Қыз –келіншек түсірмепті салмағын.

Көргенжоқпыз өздеріңнің арқаңда

Сай-сүйекті сырқыратқан зардабын.

«Жойылсын соғыс» әні орындайтын:


6-оқушы: Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдар республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанады.Соғыс жылддары қазақстандық бес әскери құрамға» Гвардиялық» деген атақ берілді. Соның ішінде атақты «28 гвардиялық Панфилов дивизиясы» бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың ішінде батальон, кейіннен дивизия командирі болған Талғат Бегелдинов,Бауыржан Момышұлы,Баубек Бұлқышевтардың есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.

«28-Батыр» әні орындайтын: Рахметова Айгерім

7-оқушы: Жиырма сегіз, жиырма сегіз бір ғалам,

Анау жаудың таңклері лаулаған.

Жеріміз кең, артымызда Москва,

Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам.

Орыс, қазақ, қырғыздан

Құралған бұл шағын топ

Жауға үрей туғызған

Жайпап түскен , жалын боп

Даңқын қосып даңққа

Сұрапылға төтеді

Борыштарын халқының

Ерлігімен өтеді.

Хор «Кептерлер»


8-оқушы: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.


9-оқушы: Мәншүктің өмірі.

10-оқушы: Мәншүк атыс толасында

Жүр орманның арасында

Мені ал, мені ал деп алуан гүл

Қолына оның таласуда.

Тығылып гүл омырауға,

Сұрағандай жанға сауда

Ант еткендей тұрды Мәншүк,

Гүлді жауға таптатпауға.


«Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтын:


11-оқушы: Айтамыз біз өлең ғып,

Айтамыз біз жыр етіп.

Әлия апай ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.

Әлияның өмірі.

Әлияның өлеңі.


Қысқаша қойылым:



Командир:Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауга нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде?

Әлия: Мен Молдағұловамын. Қазақ қызымын. Жасым 17-де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын.

«Әлия « Әні орындайтын:

12-оқушы: Ленинградтық өренім

Мақтанышым сен едің.

О, қахарман өренім,

Мақтанышым беделім.

1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстагқа шабуылға шыққандар ішінде қазақ халқының аяулы перзенті Р. Қошқарбаев өз аты , жөні мен 674 полкінің нөмірі жазылған жалауды ортадағы бағанына бекітті.

« Соғыстың соңғы әні» орындайтын


13-оқушы: 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры әр адамның зердесіне мәңгілік сақталды. 8 мамыр күні Берлинде фашистңк Германияның толық жеңілгені туралы құжаттарға қол қойылды.

Жылы сөз бізге айтқалы

Қабағын ашты қара күн

Әкесі тірі қайтпады

Жаудырап көзі баланың

Зымырып жылдыр өтеді

Жанымыз жауғы ызалы

Соғыста өлген атаны

Бөбегім сенде ұмытпа

14-оқушы: Күркіреп күндей өтті ғой соғыс! Иә, содан бері 64 бейбіт жыл артта қалды.


15-оқушы: 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы

70 жыл шуақты күн таратты әнін

Есімде сонан бері 70 рет

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Ал сендер Отанның қадірін білетін боларсыңдар?!

Хормен: Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қарғауға ант етеміз!


16-оқушы: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының майдандарында көрсеткен ерләгә үшін 35 ақтөбелік кеңес Одағының Батыры атағына ие болды , 9 жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері атанды.Батырлардың бірі Ідіріс Үргенішбаев 1912 жылы Шалқар ауданының , Талдықұм ауданында туған.

Үргенішбаев өмірі.


« Қаһарман» әні орындайтын :


17-оқушы: Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлеміне қайта оранды

Соғыста өлгендер тек олалмайды

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді

Ау адамдар ,даналар

Соғысқа қарсы балалар

Өркендей берсін қалалар

Гүлдене берсін далалар!


Осымен 4 «Ә» сыныбында өткен «Жер жаханды жаңғыртқан –Ұлы жеңіс» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қонақта болған атамызға , деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жер жаханды жа??ырт?ан –?лы же?іс!

Автор: Кушалаева Кунзияш Умирзаккызы

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 207129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства