kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Желто?санда ?зілген жау?азындар" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты 7 сынып?а арнал?ан. О?ушыларды ата-бабаларымызды? т?уелсіздік жолында?ы ерлігі ?лгісінде отанды, елін с?юге, хал?ына адал ?ызмет етуге т?рбиелеу ма?сатында, Желто?сан о?и?алары туралы т?сінік беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Желто?санда ?зілген жау?азындар" т?рбие са?аты»

Тәрбие сағатының тақырыбы:

« Желтоқсанда үзілген жауқазындар »

Мақсаты:

Білімділігі: қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау

Тәрбиелігі:Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

Дамытушылығы:оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту


Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол),

Тәуелсіздік күніне арналған жар газеті, буклет, альбом, нақыл сөздер, слайд.

Мұғалім:

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған Тәуелсіз күніне орай « Желтоқсанда үзілген жауқазындар » атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

Бүгін Отанымыз Қазақстанның тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды

Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы шығып өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді.

Міне, содан бері 28 жыл өтіпті. Дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақтың өр мінезді қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне тағзым етеміз.

Бүгінде Қазақстан Республикасы әлемдегі дамушы елдердің қатарында ынтымақты елге айналдық.


Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Айболат:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшіп көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.



Ернұр:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?

Нұрлан:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.


Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

Хор: « Атамекен » әні.

Мұғалім:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы — 27жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.

Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

Рашид:

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Нұрдәулет:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

Дана:

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Көңіл толғауы» биі

Ердәулет:

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл озық ел танисыңдар

Көк байрақ, елтаңдасы, әнұраны,

Қазақстан – егемен ел мәңгі жасар!



Мейрамбек:

Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,

Жараланған жолбарыстай, ышқынып,

Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...

Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,

Барлық жендет қорықты одан тіксінді,

Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,

Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,

Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,

Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,

Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....


Мұғалім:

Өр намыс иелері, қайсар мінезді Желтоқсан оқиғасының құрбандары болған аға, апаларымызға тоқталып өтсек.(Слайдтан желтоқсан оқиғасы және құрбандары туралы слайд көрсетіледі).

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.


Ләззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.


Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол — Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 20.00-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды.

Сол аға, апаларымыздың жастық жігерлері мен ерліктерін мәңгі есімізді сақтап, аруақтарына бас иеміз.

Хор « Көк тудың желбірегені »

Мұғалім:

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсанда үзілген жауқазындар» — атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Желто?санда ?зілген жау?азындар" т?рбие са?аты

Автор: Са?ын?алиева М?нш?к Жасталап?ызы

Дата: 25.04.2016

Номер свидетельства: 322586


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства