kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасыл шырша жанында. Т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасыл шырша жанында. Т?рбие са?аты

Дауыс: - Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! К??ілімізді? керегесін ке?ейтіп, баршамыз?а береке сыйлар, мерекелі кеш ??рметті балалар, ата – аналар, ?стаздар, ?она?тар. Жа?а жыл мерекесіне арнал?ан «?ош келді?, Жа?а жыл!» атты кешімізді бастау?а р??сат еті?іздер. Жа?а жыл мерекелері?із ??тты болсын. Жа?а жыл елімізге, ?р ша?ыра??а тынышты?, бірлік, ??т - береке ?келсін.  

1 - Ж?ргізуші:  Ты?да?ыздар! Ты?да?ыздар!

?ызы?тан ??р ?алма?ыздар.

Жа?а Жыл тойы басталды

Бос?а ?арап т?рма?ыздар!.

2 - Ж?ргізуші: Барлы? жандар бір білекке ?ос?ан ?н

Ба?ытты боп бастады жыл дастанын

?уанышпен келді той боп жа?а жыл

??тты болсын жа?а ба?ыт достарым

1 - Ж?ргізуші: Т?рлеті?дер, балалар

Шырша с?нін к?рі?дер

?сем ?нмен би билеп,

К??ілді ?мір с?рі?дер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасыл шырша жанында. Т?рбие са?аты»

Жасыл шырша жанында. Тәрбие сағаты

Дауыс: - Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кеш Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.

1 - Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Қызықтан құр қалмаңыздар.

Жаңа Жыл тойы басталды

Босқа қарап тұрмаңыздар!.

2 - Жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

1 - Жүргізуші: Төрлетіңдер, балалар

Шырша сәнін көріңдер

Әсем әнмен би билеп,

Көңілді өмір сүріңдер!

Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық

Ән шыршаны айналып

2-Жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын - жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

1 жүргізуші: - сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?

2 жүргізуші: - мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...

1 жүргізуші: - Я десейш - ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш пайдаланғалы қашан?!

2 жүргізуші: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті - аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік - кетік, киімі алба - жұлба... ха - ха (күледі).

1 жүргізуші: - Хи - хи (күледі).

Осы кезде айғайлап - шулатып, желіп ысқыртып залға мыстан кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Е - е - е. Менсіз той жасағалы жатқан не деген батырсыңдар - а. Жо - жо - жоқ.

Жақсылыққа көнбеймін

Жаңа жылың келмеймін.

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ ғаламда.

Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?! 
Мұғалім: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып 
алады дегенді білмейсің бе? 
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын! 
Мұғалім: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба? 
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым .... Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па? 
Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын! 
Мұғалім: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады? 
Мұғалім : Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап) 
Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың?

Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? 
Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді) 
Мұғалім: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? 
Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады.(көңілді ойын ойналады. Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады) 
Мұғалім: Тоқта, тоқта! 
Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?) 
Балалар: Иә! 
Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды) 
Жүргізуші. Мейірімді сиқыршы қайдасың?

Асырмақ жезтырнақ айласын

Құтқар мына балаларды

Аяз ата, қайдасың?

Мыстан кемпір: Аяз атаңды алдап

Жаңа жылды жалмап

Жалмап қоям сиқыршыңды

Доғар ондай сөзіңді.

Сиқыршы: Ей, мыстан кемпір қойсақ қайтеді айқайды. Қанша уақыт өтсе де, қаскөйлігіңді қоймадың. Бүгіннен бастап сен мейірімді мыстан боласың. Балалармен бірге ойнап күлесің. Жаңа жылды бізбен бірге күтесің . (таяғын сермейді)

Мыстан кемпір: Мен қайдамын, мен кіммін, мұнда нағып жүрмін?

Балалар: Сен біздің мектептесің, бізбен бірге жаңа жылды қарсы алуға келдің. Жаңа жылды тойлайық.


Мыстан кемпір: Шыршамыз неге көңілсіз, шамы неге жанбаған?

1жүргізуші: бәріміз «Шырша жан»деген ойынды ойнайықшы сонда шыршаның шамдары жанатын шығар.
«Шырша жан»
Шарты:Балалар шыршаны айналып тұрады. «Шырша жан» деп үш рет қайталайды. Шырша жанады. Аяқты тарсылдатады, шырша сөнеді, қолдарымен шапалақтайды шырша жанады (2 рет қайталау үшінші рет қайталағанда шырша жанбайды.

1жүргізуші:Балалар шыршамыз неге жанбай қалды, енді не істейміз, мерекеміз көңілсіз болады ғой?
2 жүр: Шыршамыздың шамдарын жандыру үшін ән айту керек шығар.
Ән: 1 сынып

1жүргізуші:Шыршамыз тағыда жанған жоқ,енді не істейміз?

Мүмкін ойын ойнаймыз.

Ойын «Кәмпит алу»

2 Жүр:Дала бәрі аппақ қар, орман іші қалың қар,жаңа жыл да келмей жатыр.Мүмкін жаңа жыл шыршаның шамдарын жағуға көмектесер еді. Балалар даладағы қалың қардан өте алмай , мүмкін жаңа жыл сосын келмей жатқан шығар. (осы кезде қой кіреді)

Қой : Сәлеметсіңдерме балалар? Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын .

О, халайық жараңдар

Жүр : Сәлеметсіз бе қой?Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды.Біз болсақ шыршаның шамдарын жаға алмай жатырмыз. Жаңа жылда келмей жатыр.
Қой: Мені ескі қой жылын шығарып салмай, жаңа жыл қайдан келеді. Бірақ кетпес бұрын балалардың өнерлерін тамашалап және өз өнерімді көрсеткім келіп тұр . Мен сендермен қоштасқалы келдім. Қош сау болыңдар! Жаңа жылды көңілді өткізіңдер!

Жүр:Қой, саған көп рахмет,біздің балалар бір жылда бойлары да өсті , ойлары да өсті саған сәт сапар тілейміз.

Жүргізуші. Ескі жылдың құрметіне ән орындайды. Қабыл алыңыздар

Ән: «Қазақ жастары» 4 сынып ұлдары

1жүргізуші :бұл балалар өздері шеттерінен өнерлі
2 Жүр:шыршаға арнап, би билеп берейік,сонда шыршаның шамдары жанатын шығар

Би 1 «А» сынып
1жүргізуші:(көңілі түсіп)шыршаның шамдарын жағу үшін не істесек екен
Сиқыршы :Ақша қар мен Аяз атаны шақырайық,Аяз ата бізге шыршаның шамдарын жағуға көмектеседі.
Жүр:дұрыс айтасың кәне балалар барлығымыз дауыстап аяз атаны шақырайықшы.
Балалар:Аяз ата 3-рет

Аяз ата:Амансыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма, қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем әндерің!
Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа мерекесімен құттықтймын.Жаңа жыл бақыт әкелсін.
Ақша қар: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жүр:Аяз ата шыршамыз сондай әдемі,бірақ шамдарын жаға алмадық
Аяз ата :қазір мен сыйқырлы таяғымның көмегімен шыршаның шамдарын жағамын(шыршаны айналып жүріп)
«Қуант бізді таңырқат
шамдарыңды жарқырат»3-рет
(шыршаның шамдары жанады)

Ән хормен шыршыны айналып

Жұргізуші: Ал, балалар, өткен жылға өкпеміз жоқ. Ортамызға жаңа жылды мешінді шақырайық.

Жаңа жыл. Уа, құрметті де құдіретті оқушылар мен қонақтар! Мен жаңа жылмын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Өтіп бара жатқан жыл өркені өссін. Табысты жыл болсын. Жылдардың арқауы үзілмесін. Жаңа жыл, жаңа бақыт әкелсін.

Ән 2 сынып «Жаңа жыл»

Би 3 сынып1

«Клоун» әуені орындалып тұрады/Сайқымазақтар бірін - бірі итеріп, кіріп келеді/

1 - Сайқымазақ: Армысыздар, халайық!

2 - Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ме?

- Айтыңдаршы, өздерің Жаңа жылды тойлауды ұнатасыңдар ма? – Иә

- Жаңа жылды тойлауға дайынсыңдар ма? – Иә

- Естіген жоқпын, дауыстарыңды қаттырақ шығарып айтыңдар. Дайынсыңдар ма? – Иә

- Ендеше дайындықтарыңды тексеріп көрейін!

- Жаңа жылдық киімдеріңді кидіңдер ме? – Иә

- Жаңа тақпақ, ән жаттадыңдар ма? – Иә

- Шыршаларыңды үйде безендірдіңдер ме? – Иә

- Жаңа жылдық көңіл күйлерің жақсы ма? – Иә

- Сендер, шынымен, бізбен Жаңа жылды мерекелеуге дайынсыңдар. Ендеше, алғашқы жаттығуды орындап көрейік. Бәріміздің бірлігіміз жарасып тұру үшін бір би билеп көрейік. Барлығың менің іс - қимылымды қайталаңдар. Дайынсыңдар ма? – Иә Билетеді. Ойын «би билеу» ойнатады

Ойын «Қар лақтыру»

Ойын «Қар жинау»

«Сарбаз» биі

Ән 2 сынып +би

Ақшақар балаларға жұмбақ жасырады..................
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді? 
Ертегідей орманнан 
Көктей өтіп келеді. 
Сұңғақ бойлы бір сұлу 
Табыңдаршы, аты кім? 
Балалар: Ақшақар! 
шармен ойын АқшақарМен білемін бір ойын: 
Үйретейін сендерге 
Мен бастаймын, ал, сендер 
Аяқтаңдар ойынды. 
Хормен жауап айтыңдар! 
Қарға мүлгіп дала тұр, 
Келе жатыр.... 
Балалар: Жаңа жыл! 
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты 
Білсең атын тез ата, 
Келеді бізге .... 
Балалар: Аязата! 
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! 
Сендер әрі ...... 
Балалар: Әдемі! 

Би 2 сынып

Ән «Айгөлек» 4 сынып қыздары

Ойын: «Пимамен »

Би 3 сынып 2

Аяз ата: туралы кім тақпақтар біледі.

Ән хормен шыршыны айналып

Аяз ата сыйлық үлестіреді

Аяз ата: Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашалап,шаршап келгенімді ұмытыпта кетіппін.
Аяз ата. Ал, балалар, сендермен бірге ойнап күліп, әбден дем алдым. Ақшақар екеумізге бір жерде көп аялдауға болмайды. Ақшақар екеумізді қаумалап жолға шығарып салыңдар. Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Келесі жаңа жылға дейін қош сау болыңдар.!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!

1 - жүргізуші. Қандай жақсы біздің Аяз атамыз

Ол келген соң терең ойға батамыз.

Ақшақар болып қалықтаймыз

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

2 - жүргізуші. Кезекпенен келеді жылдар легі

Бұл көпшілік ықыласпен тыңдар мені

Бұл жиынның шырай сіздерге арнап

Естілсін сазды әуеннің әсем лебі.

Жүргізуші:

Ақ көңілім айналады аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын Жаңа жылда, - дей отырып жаңа жылдық мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Кара жорга





6




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жасыл шырша жанында. Т?рбие са?аты

Автор: Аркулова Айсулу Каленовна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 273934


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства