kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жат ағымнан сақтанайық" атты онккүндікке байланысты өткізілген дөңгелек үстел. Оқушылардың терроризм мен экстремизмнің зиянды жақтары мен қауіптілігін айтып түсіндіру.Олардан сақтану жолдарын білу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы"»

02.12.23

Тақырыбы: «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» дөңгелек үстел

Мақсаты:
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс - деп, дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталар туралы діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру;
Оқушыларға заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Білім алушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Жастарға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
2. Білім алушылармен бірлескен іс - әрекеті арқылы, сұрақ - жауап пікір бөлісу.
3. Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру формасы: дөңгелек үстел
Көрнекіліктер: Видеороликтер
Тәрбие әдіс - тәсілдері:
Түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, демонстрация әдістері.

Барысы:
1 бөлім.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар білім алушылар! Бүгін біз кездесу сағатымызда халықаралық мәселеге айналып отырған діни экстремизм, терроризм жайлы сөз қозғамақпыз.
Терроризм, экстремизм, радикализм, салафизм ел арасында көптеп тараған терминдер қатарында тұр. Осы терминдерге түсінік беріп өтсек
Терминдер
Алуа:
Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды.
Аяулым:
Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік - саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай - ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады.
Найман:
Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. Теrrоr латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді.
Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін - дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.
Диас:
Терроризмнің ең қауіпті түрі – діни терроризм қаупі төніп тұр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез - келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар белсенді әрекет етуде. Қазақстанда соңғы кезде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді. Нақты айтатын болсақ, 90 - жылдары діни ағымдардың жалпы саны 10 болса, бүгінде олардың саны шамамен 160 - тан асады.
Мадияр:
Айта кететін болсақ, Ахмади ағымы, Исматуллашылар тобы, Уаххабилік - діни - саяси ағым, Иегова куәлары, Таблиғи жамағат, вахабизм
Қоғамдағы қауіп - қатерлердің ең бастысы, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм екені баршаға мәлім. Осыған байланысты елімізде 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданып, бірқатар діни ағымдардың қызметіне шектеу қойылған.
7 - бап. Терроризмге қарсы іс - қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті
20 - бап. Адамдардың террористік iс - әрекетке қатысқаны үшiн жауаптылығы көрсетілген
Қазіргі таңда қоғамдық орындарда, көшеде қысқа балақтылар мен сақалдылардың қатары көбеюде дін жолында жүрген адамдар мен теріс діни бағытта жүргендерді қалай ажыратуға болады?
Қандай адамдар діни секталарға енуі мүмкін?
Діни секталарға
• Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;
• Жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс;
• Материалдық жағдайы төмен отбасыдан шыққан адамдар;
• Өзіне деген сенімсіздік пен өмірлік қиыншылықтар алдында қорқыныш болған жағдайда;
• Тұйықтық және қоршаған ортада өзін ашық ұстай алмау кезінде енуі мүмкін.

2 - бөлім Видеоролик (Терроризмнің қаупі туралы)
Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
Соңғы кездері діни мәселелер ушығып, жат ағымдардың іс әрекеті ашық көріне бастады.
Ойымыздың дұрыс бұрыстығын анықтау үшін ойларымызды ортаға салсақ:
Нұрзат:
Кейінгі зерттеулердің Статистикалық деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 70 - 80 жылдарында күллі дүниежүзінде 5500 - ден астам лаңкестік әрекет жасалып, төрткүл әлемде 500 - ден астам лаңкестік ұйымдар әрекет еткен екен.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сабақ қорытындыланды.













5 мектеп-лицей



Тақырыбы:

«Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы»

дөңгелек үстел



Сынып:11б

Өткізгендер: Жанелова А.Е

Тажибаева С.М




















2023-2024 оқу жылы






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы"

Автор: Жанелова А.Е, Тажибаева С.М

Дата: 09.01.2024

Номер свидетельства: 643750

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Біз діни терроризмге ?арсымыз!» "
    ["seo_title"] => string(33) "biz-dini-tierrorizmghie-k-arsymyz"
    ["file_id"] => string(6) "209590"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431241731"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства