kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасай бер, жаса, т?уелсіз ел-?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «Жасай бер, жаса, т?уелсіз ел-?аза?стан»

Ма?саты: О?ушыларды Отан с?йгіштікке, патриотизм мен халы?ты? ?ткен тарихын ??рметтей білуге, т?уелсіздік, бостанды?, еркіндік ??ымдарыны? тарихи ма?ызын т?сіне білуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: «Т?уелсіз ел» плакаты, Елта?ба, Жалау, 1986 ж. Желто?сан ??рбандарыны? суреттері, буклет, ?Р Конституциясы

Саба?ты? т?рі: ?деби-музыкалы? монтаж

Саба?ты? барысы:               1. Ж?ргізушіні? с?зі

                                                   2. ?деби-музыкалы? монтаж

                                                   3. Т?уелсіздік хронологиясы

                                                   4. ?орытынды

?н?ран:

   ??рметті о?ушылар! Б?гін біз д?ниені  д?р сілкіндірген, т?уелсіздік туын е? ал?аш к?терген ?йгілі 1986 жылды? желто?санына арнал?ан «Т?уелсіздік та?ы» атты сынып са?атын ?ткізбекпіз.

1986 жылы 16 желто?санда  ?аза? еліні? азатты?  к?ктемі ?шін, сола?ай саясат?а ?арсы ал?аш рет бас к?теріп, ??рбан бол?ан ?лдарымыз жайлы сыр шертпекпіз.  

Ол  о?и?аны  ешбір  ?аза?  азаматы  ?мыту?а  тиіс емес.

Балалар, 1986 жылы 16 желто?санда Брежнев атында?ы ала??а жастар мен студенттер не ?шін жиналып еді?

О?ушылар : ?кімет  басына  Колбинні?  келуіне наразылы? ілдіру ?шін.

М??алім:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасай бер, жаса, т?уелсіз ел-?аза?стан»


Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, тәуелсіз ел-Қазақстан»


Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриотизм мен халықтың өткен тарихын құрметтей білуге, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: «Тәуелсіз ел» плакаты, Елтаңба, Жалау, 1986 ж. Желтоқсан құрбандарының суреттері, буклет, ҚР Конституциясы


Сабақтың түрі: әдеби-музыкалық монтаж


Сабақтың барысы: 1. Жүргізушінің сөзі

2. Әдеби-музыкалық монтаж

3. Тәуелсіздік хронологиясы

4. Қорытынды

Әнұран:


Құрметті оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік таңы» атты сынып сағатын өткізбекпіз.


1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз.

Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.


Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналып еді?


Оқушылар : үкімет басына Колбиннің келуіне наразылық ілдіру үшін.


Мұғалім:


Колбинге неге қарсы шықты?


Қазақстанда қазақ мектептері мен бала бақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады.


Колбин қайдан келген?


Колбин Ресейден келген болатын.


Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?


Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз.


Сонымен біз тәуелсіздігімізді алдық па?


Иә, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз.


Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?


Қайрат Рысқұлбеков, Ербол сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты үлкен азаматтардың.




Дұрыс балалар! Бүгін бір сәт осы аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас.


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер және оқушылар! Сіздерді келе жатқан еліміздің Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз! Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата-бабаларымыздың арманы міне, бүгінде орындалып жатыр.


2-жүргізуші.Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміздің жиырма үш жылдығын атап өтер тұста сол желтоқсан оқиғасына да міне 28 жыл толып отыр.

Көрініс: Қайраттың түрме жыры


Екі – үш милиция, жасақшылар ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. «Ұлтшылдар!», «Бұзақылар!», «Тәртіпсіздер!» деп ортадан қуа бастайды.


Алаңдағы қозғалысты бейнелеген оқушылар бір сәт қозғалмай тұрып қалады.


(Музыка әуені естіледі)


Хор. «Желтоқсан желі».

Желтоқсан бірде,

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ,

Көрінді шын – ақ айбарлы.

Тоңдырды мені, тоңдырды сені,

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.


Мұғалім: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез – келген тұсынан ұсталған қазақ жастарын ұрып – соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.


Оқушы милиционер:


- Ұстаңдар,бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

- Савицкийді өлтірген сен бе ?

- Жоқ, мен емес.

- Сен өлтірген! Мойныңа ал!

- Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.


(Қайратты ұрып соға бастайды)








Қайрат:


Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.


Милиционер: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, бұзақы!


Қайрат:

Шыңғырдым да, шындықты айтып жаңғырдым,

Кете бардым жетегінде тағдырдың.

Бірге өткізген студенттік шақтарды,

Хош аман бол,

Оралам ба, жан құрбым?!



Мұғалім: Ол әділеттің, шындықтың жеңетіне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақшаға бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «Атылсын!» деп үкім шығарды.


Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.



Хор. «Желтоқсан желі». Екінші шумағы.

Қайырмасы.


1-жүргізуші: 1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндерінде Республиканың бас алаңына шерулеп шыққан жастардың ұрандарының бірі «Тіліміз жоғалмасын!», «Жеріміз тоналмасын!» болды. Империя құрсауынан құтыла алмай келе жатқан қазақ халқының тарихындағы бұл алғашқы бас көтеру емес екендігі белгілі.


2-жүргізуші 1986 жылғы оқиға осындай қозғалыстардың жалғасының бірі. Жарылғалы тұрған жараның көзі ашылды. Ұлттардың теңдігі әбден жалықтырғанына да көзі ашық жастар шыдамады. Сол жастардың көрген азабын ұмыт қалдыруымызға болмайды. Атап кететін болсақ : Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы.Ербол Сыпатаев.Асанова Ләззат.

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы


Ендеше кезекті желтоқсан құрбандары туралы мәліметке берсек.


2- Жүргізуші: Тәуелсіздіктің қарлығашы бодандықтан босауымызға түрткі болған желтоқсан құрбандары біздің есімізде мәңгі сақталады.

(Құрбан болған жастардың рухына 1минуттық үнсіздік)







Жүргізуші I: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп

тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке -

менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!


Жүргізуші II: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар

тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға

сая панамыз – Қазақстан көркем жер!


Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!


1 оқушы:

Қазақстан-Республикам,мақтанышым,

Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

Құдайым маған құттай жүрек берген,

Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін

Азаматқа дүниеде,

Өмір-ау десен ең қымбат,

Дархан тірлік мекенім,

Бәрінен,Отан сен қымба!т


2 оқушы:

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын данамын мен.


3оқушы:

Азапты ауыр күндер артта қалды,

Еркіндік ернеуінен таптық балды.

Тізгінін тәуелсіздік қолға ұстап,

Шаттанып шаңырақта жақтық шамды.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


Жүргізуші I: 1991 жыл1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Елің үшін қуанғын және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын!

Жүргізуші I: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті

Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып

жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының

өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.


Жүргізуші II: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).


4оқушы:Асқақтап көк байрағы аспанымда,

Қазақ тұр төрткүл дүние асқарында.

Жаны жас, жүрегі мәрт елмін бүгін

Азаттық арайланып дастанында.


5 оқушы:

Тәуелсіздік-ардақты асыл ұғым,

Тәуелсіздік-қасиетті ұқсаң сырын.

Тәуелсіздік алған ел бақытты ғой,

Тәуелсіздік жайында осы жырым.

Тәуелсіздік келген жоқ оңайлықпен,

Бүгінгі жарқыраған келбетімен.

Тарихты сараласаң көзің жетер,

Қатпарын жаза біліп рет-ретімен.


6 оқушы:

Тәуелсіздік аңсаған қайран елім,

Талай ғасыр соғыста қорғап жерін.

Арпалысып, алысып сыртқы жаумен,

Сақтай білді қазақтың ел бірлігін.



Жүргізуші II: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан

тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның

Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және мандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба

үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.


Мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет

: Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

Шалқалап сол биіктен көрген кісі.


IIж: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Iж: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

ІІ: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын!


7 оқушы:

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.


8 оқушы:

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.


9 оқушы:

Мықтап ұстар асылым-Азаттығым,

Келешегім, ертеңім, ғажап күнім.

Сен боп, мен боп қосайық жеке үлесті,

Арқаласып халықпен мақсат жүгін.

Жүргізуші I: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп,

барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.


Күй:


Жүргізуші II: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді,

халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,

бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды.

10 оқушы:

Тура он сегіз жыл-сері күн шалқығалы,

Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.

Көк байрағын алашым желбіретіп,

Содан бері алмастай жарқылдады.


11 оқушы:

Мастанбаймыз, әрине, қол жеткенге,

Қиындық та кездесер жол шеккенде.

«Бірлік түбі-тірлік» деп бекер айтпас,

Ұсақтама, туған ел, бөлшектенбе.


12 оқушы:

Маған қымбат Ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәррімізді

Азаттықтың таң нұры.

Сарарқаның даласына,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің. Жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

Бостандығым тұңғыш рет

Ақ қанатын қаққан күн.

Әже әлдилеп немересін,

Басы айналған бақтан күн.

Тәуелсіздік-Ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен жасай, бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөленде.



Тәуелсіздік хронологиясы:

  • 1991 ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.

  • 1991 ж. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.

  • 1992 ж. Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ мүше болды.

  • 1992 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қабылданды.

  • 1993 ж. 15-қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілді.

  • 1995 ж. 30-тамызда ҚР Конституциясы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды.

  • 1997 ж. 10-желтоқсанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды.

  • 1999ж. ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды.


Жүргізуші: Елміз өркениетті заман ағысына қосылды.Ендеше Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық. Қорғауға әрқашан да дайын тұрайық. Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болайық!

(Сол кезде сахнаға Елтаңба мен Туды қөтеріп, екі оқушы шығады).

Ән Жаса Қазақстан







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Жасай бер, жаса, т?уелсіз ел-?аза?стан

Автор: Кыйзатова Манчук

Дата: 26.12.2015

Номер свидетельства: 270518


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства