kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жылдық сценирий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий Новогоднего вечера. Очень понадобится классным руководителям.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жылдық сценирий»

«Сәлем, Жаңа жыл!» жаңа жылдық бағдарлама.

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші:  Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

ІІ жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.  

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік! Ақерке, білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, ата- аналар оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің кейіпкерлерін шақырайық.

(ортаға қыздар ұлдарды сүйреп шығады). Ұлдар жылайды.

Жыламаңдар, балалар, қазір сендерге Аяулым мен Әмина.

«Келші, Жаңа жыл» әнін шырқап береді.

Аяулымның сөзі.

Аяз ата машинамен келеді. Қасында Ақша қары бар.

Аяз ата

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым. Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен машинамызбен келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздерді біздің «Сәлем, Жаңа жыл!» атты думанымыздың әділқазылары болуға шақырамыз.

Аяз ата: Бүгінгі думанға әркімнің де қатысуына рұқсат, бірақ олардың бәрі де шеттерінен өнерлі болуы қажет. Салтанатты кеш көңілді де қызықты болуы керек. Сондықтан ортаға өз  өнерлеріңді көрсетіңдер.

І жүргізуші: -Құп, Аяз ата. Олай болса күміс көмей әншілеріміздің әнін тамашалаңыз.

Жаңа жыл” әні Нұр мен Әділ.

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ. Ортаға биші қыздарымызды шақырайық. "Үнді" биін тамашалаңыздар.

Альмира, Еркежан, Ақерке.

І жүргізуші: Жаңа жыл- қайсарлық пен жүректілік,

Баралық болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

І жүргізуші:

Кел, халайық, халайық,

Ойнайық та тойлайық

Аяз ата көңілінен

Шықпай енді қоймайық.

Ойын: (Шар) ойынға 4 жұп қатысады.

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы өнерпаздар би құдіретін танытса дейміз.

/ортада “Ламбада” биін ұлдар мен қыздар билеп береді./

І жүргізуші: :

Әнмен шашу шашайық

                 Бимен балды жалғайық

                  Келіңіздер халайық

                  Жырға жырды қосайық.

(Көрініс «Айайжан») Альмира, Еркежан, Рахат, Бекмұхамет.

 

ІІ жүргізуші: Құрметті мырзалар мен ханымдар!

                         Барлығыңда мұнда назар салыңдар.

                         Кешімізде көңіл күйді көтеріп,

                         Ойын ойнап қызыққа бір батыңдар.

/“Аяз ата мен Ақшақардың” ойынын ойнау/


І жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

                     Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! 

                     Тауық  жылы келгенде, сый ғып тартып,

                      Ақтарайық ән, бимен көңіл сырын.

«Көңілді күн» әні Әмина,Еркежан.

ІІ жүргізуші: Біздің думанымызға қадірлі қонақтарымыз келіп отыр. Қолымызға алғаш қалам ұстатқан Сәуле Далабайқызы, Ғалия Сексенбайқызы, Шынар Тлеуқабылқызы және ата- аналарымыз Райхан апай, Бейбітгүл апай, Ақбота апайларға құттықтау сөзін берсек.

І жүргізуші: Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде әзілкеш жастар бар еді. Солар сізге өз әзілін ала келіпті. Тамашалаңыз! Скеч «Тастандылар».

ІІ жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

                    Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.

                    Ұл- қыздарымыз ортада билерімен

                    Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(Флешмоб).


І жүргізуші: Жаңа жыл келіпті ортамызға

           Мол дастархан сыйласын баршамызға.

           Таусылмасын бақытпен құт-береке

           Жақсы тілек тілейік ұл-қызымызға

Келесі құттықтау сөзін ата- аналар комитетіне берейік.

І жүргізуші: Әзілкеш ұлдарымызды ортаға шақырайық. Әзіл « Бармысың, бауырым».

ІІ жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар! Сіздер бағанадан бері ұлдарымыз бен қыздарымыздың өнерін тамашаладыңыздар, енді сіздердің өнерлеріңізді тамашаласақ.

І жүргізуші: Кеудемнен ұшып қанат қақсын құстарда

                                 Вальстің өзі шалқып кеткен тұстарда,

                                 Көңілді бал маскарадты жалғастырар

                                 Ханымдар мен ханшалар ортамызда.

(Вальс биі).

ІІ жүргізуші: Аяз ата, сіз бізге сыйлық әкелдіңіз ғой? Соны таратып берсеңіз.

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Мен батамды берейін,

Үстем болсын мерейің

Әрқашанда бұл елге,

Қуанышқа келейін.

Жақсылық елден кетпесін,

Жамандық, келіп жетпесін.

Қызыр болсын жолдасың.

Әруақтар қолдасын!

Қара ниет дұшпаның,

Бұл жалғанда оңбасын.

Аман болсын, мал басың,

Адал болсын жолдасың.

Бейбітшілік заман болсын.

Ел іргесі аман болсын.

Осы айтқаным қабыл болып,

Батам менің тәммам болсын!

Әумин!

Жаңа жылдарың құтты болсын!!!


І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Жаңа жылдық сценирий

Автор: Омиров Талгат Кудышович

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 407016


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства